ALPHA 4 ANNIVERSARY | Letters from love&peace !
Организация сбора писем — @seni.oilaii , @di_lnp.
Создание сайта — @seni.oilaii.
Оформление сайта — @seni.oilaii.
Сбор писем — @di_lnp.
Письма на сайт добавляли — @seni.oilaii , @di_lnp.

С любовью, от love&peace и @di_lnp , @seni.oilaii! 💫
Сүйікті Alpha, 4 жылдықтарыңмен құттықтаймын!

Осы 4 жыл ішінде болған керемет тарихтың бір бөлігі бола алғаныма, осы хатты сендерге жазып отырғаныма қуаныштымын. 1 жыл уақыт қана сендермен болсамда осы аралықта сендерге деген ерекше махаббатым мен қолдауымды барынша жеткізуге тырысудамын.

Сендердің өнерлерің, ерекше шығармашылықтарың, мен үшін, және де барша Love & Peace үшін маңызды. Сендер бізге керек кезде қолдау, қорғаныш, бағыт көзі бола білдіңдер. Мүмкін сендер көбімізбен бетпе бет кездеспеген боларсыңдар, бірақ сонда да өз әндеріңмен мәңгі біздің жүрегіміздесіңдер. Бұл біз үшін өте маңызды.

Жеке өз басым осы сендермен болған бір жыл ішінде жақындықты сезінзінгенім соншалық, алдағы болашақта сендерсіз өмірімнің бірталай бөлігін елестету мүмкін емес. Менің сендерге бар тілерім алға қойған мақсаттарыңа жету. Әлемдік сахнада өнер көрсеткен күндеріңді өз көзіммен көргім келеді, сол сәтте де сендермен бірге болғым келеді. Мен сендерге сенемін, біз сендерге сенеміз, сол себепті алға нық қадам басудан тайынбаңдар!

Шексіз махаббатпен Delulu-Di(@di_lnp)<3


Привет, мои любимые читатели! 🍓
И вот мы снова делаем для вас подарок в виде сайта для писем, чтобы вы увидели любовь и поддержку вашей аудитории.
30 сентября очень особенный для вас день, для меня и всех love&peace, ведь в эту дату вы в первые заявили о себе в музыкальной индустрии.
За все эти 4 года вы прошли через многое, были хорошие моменты, тревожные моменты, самые лучшие для вас и для фандома, это все очень ценно, что бы не происходило вы все равно не опускали руки и шли дальше.
Я прошла с вами через многое и это все будет продолжаться , ведь мне хочется наблюдать и поддерживать вас, потому что вы пример тех людей, кто даже через трудности стараются брать себя в руки и делать то, что им нравится. То, что вы делаете правда помогало мне в моей жизни самой не сдаваться, отвлекаться от навязчивых мыслей, которые касаются моих интересов и того, что делаю я. За все годы прибывания в ваш фандом я нашла очень много друзей и единомышленников, людей с одинаковыми со мной интересами и в целом тех, кто стал мне очень близок.
Я говорила это и вам на fan call, который был у нас с вами в этом году, потому что это все правда и очень важный для момент. Вы многое значите для меня, многое значит, что связано с вами, потому что не узнав я вас, то я бы сейчас не переживала хорошие моменты, которые у меня были, не знакомилась с такими хорошими людьми. Не представляю, как бы сейчас жила без вас и того что есть у меня: моих нынешних друзей и аудитории в социальных сетях, которым тоже не безразлично то, что я делаю.
Продолжайте дальше заниматься тем, что вы действительно любите и это дело приносит вам удовольствие, стремитесь к своим целям и пусть все будет так, как вы видите свое будущее!
С любовью от — Алёны, @seni.oilaii! 🩷
С Вашим днём, ALPHA. 💌
әр қиындық жаңа керемет мүмкүндіктің бастамасы,сендермен әр қашанда біргемін, қолдауға дайынмын
көңіл бөлгендерін мен бізге деген сүйіспеншіліктерін қатты маңызды,
әр мерей тойларында бірге болайық,армандар мен мақсат қойып соларға жетуді үйретіп жатқандарын үшін рахмет!
махаббатпен сэйқұпия💌

Сәлем!
Әуендеріңнің ырғағына әр жанкүйерді бөлеп жүргендеріңе 4 жыл болып қалды. Осы уақыт ішінде әндеріңізбен талай оқиғалар мен түрлі сезімдерді бастан өткердік: қуаныш, бақыт, жалғыздық, уайым, мұң, ең бастысы - мұның бәрі сіздермен және сіздердің әндеріңізбен бірге өтті.
Сіздердің әзілдеріңіз, күлкілеріңіз, конкурстарыңыз, эфирлеріңіз, әндеріңіз бен концерттеріңіз - мен үшін ең жылы әрі қымбат сәттер. 🥹
“Alpha” деген атаудың өзі жүректі дүрсілдетеді, сіздерді қатты жақсы көремін.
Мен үшін қаншалықты жақын болып кеткендеріңізді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Буквально вторая семья, тек экран ар жағында..
Сіздерді 4 жылдықтарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Әлемдік сахналарды бағындыратыныңыздарға сенемін, барлығы тек алда, ал 
Love and Peace әрдайым сіздерді қолдауға және махаббатқа бөлеуге дайын. Always and forever 🩶
With love: boolpha/Каусар
Қымбатты Альфа тобы!
Сіздерді 4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Мен үшін Альфа тобы – тек өнерлі адамдар ғана емес, сонымен қатар көп жастарға үлгі бола білетін нағыз жұлдыздар. Сіздердің әндеріңізді тыңдағанда көңілім көтеріледі, шабыт аламын және армандаудан қорықпаймын.Төрт жыл – үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Осы уақыт ішінде сіздер көп адамның жүрегінен орын алдыңыздар. Сахнадағы өздеріңізге ғана тән ерекше стилдеріңіз бен эмоцияларыңыз тыңдарманды баурап алады
Мен сіздердің әр жаңа әндеріңізді асыға күтемін. Болашақта да биіктен көрініп, көп қуаныш сыйлай беріңіздер! Армандарыңыз орындалып, жолдарыңыз әрдайым ашық болсын!
Альфа тобы сіздерге шексіз алғыс! Сіздерді жақсы көремін және әрқашан қолдаймын!
Ізгі тілекпен,
allppha.q , айару

Аягөз
Төрт жыл... Уақыт зулап өтті. Сендермен бірге өскен арман, үміт, шаттық жүректің төрінен орын алды. Әр әндерің – шабыт, әр сөзіңдер – сенім. Сахнада нұр шашып, елге қуаныш сыйладыңдар.
Жолдарың кейде оңай болмады, бірақ бәріне төтеп бердіңдер. Еңбектің, достықтың, табандылықтың арқасында биікке көтерілдіңдер.
Әр бейнең – тарих, әр қадамың – аңыз. Жанкүйерлерге шексіз қуаныш, сағыныш, шынайы әсер сыйладыңдар. Сендермен бірге күлдік, жыладық, сендік.
Бүгінгі күн – жетістік мерекесі. Әр мүше – ерекше. Қасиеттеріңе қарап мақтанамыз. Сахнадағы оттай жанған бейнелерің – болашақтың үміті.
Бірге өткен төрт жыл – ұмытылмас кезең. Ертеңгі күндер бұдан да жарқын болсын.
ALPHA, алға! Біз әрқашан жандарыңдамыз, біз сендерді жақсы көреміз❤️

Сәлем, ALPHA!
Менің атым Нұрым, инстаграмым: @darhannovnna.
Сіздермен алғаш танысқан сәттен бастап өміріме ерекше бояу қосылды. Әндеріңіз тек құлаққа жағымды емес, жүрекке де әсер етеді. Әсіресе “Кім ол?” мен “Tiki Taka” — көңіл-күйімнің айнасы іспеттес. Қайта-қайта тыңдаудан ешқашан жалықпаймын. Болашақта үлкен сахналарда жарқырап, бүкіл әлем сіздердің өнерлеріңізді таныса екен деймін.
Сіздердің өнерге, еңбекке және жанкүйерлерге деген шынайы көзқарастарыңыз мені әрдайым алға жетелейді. Топпен бірге өскенім үшін мақтанамын.
4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл тек бастамасы екеніне сенімдімін. Әр күніңіз музыка мен махаббатқа толы болсын!
Ізгі тілекпен, Нұрым

С любовью от вашего фаната 💙
Привет, дорогие участники группы ALPHA!
Меня зовут alpha’akon, и я ваш большой фанат из ‘конаева’. Я просто хочу сказать огромное спасибо за вашу музыку, энергию и искренность, которую вы дарите нам. Каждый ваш трек — это особая атмосфера. А ваши выступления — это не просто шоу, это настоящая магия!
Особенно вдохновляют ваши слова в песнях — они всегда попадают в сердце. Я восхищаюсь вашей сплочённостью, талантом и тем, как вы поддерживаете друг друга. Это очень чувствуется.
Желаю вам много новых побед, вдохновения и счастливых моментов. Надеюсь, однажды смогу увидеть вас вживую на концерте или встретиться лично.
мой биас-дарын яхочу чтоб он вернулся я его сильно люблю
С любовью и уважением,
[акниет-alpha’akon]
💙ALPHA FOREVER

Сәлем, сүйікті ALPHA!
Менің атым — Турсынай, Instagram: @tursunai_2009
Сендер менің өміріме жарық сыйлаған топсыңдар. Кей күндері көңілім болмай тұрса да, сендерді көріп, бірден күлімсіреп кетемін.
Маған сендердің шынайылығың, еңбектерің, сахнадағы энергетикаларың қатты ұнайды. Жай ғана ән айтып қоймай, жүректерге жол таба білесіңдер.
Сендер арқылы армандаудан қорықпайтын болдым. Әр қимылдарың, әр сөздерің мен үшін шабыт көзіне айналды.
Осы хатым концерт кезінде сендердің қолдарыңа жетсе, мен үшін үлкен бақыт болар еді.
Әрқашан қолдаймын, сендерге тек биіктен көріну тілеймін!
ALPHA — жүректегі топ.

Қымбатты менің жанымдағы ең керемет топ!
Осы 1 жыл бойы менің көңіл күйімді көтеріп, жүрегімді шаттыққа бөлеп келесіздер. Әрбір әндеріңіз жан дүниеме ерекше жылулық сыйлайды. Сендердің өнерлеріңнен шабыттанып, өз армандарымды жүзеге асыруға күш аламын. Шығармашылықтарыңыз әрдайым жаңа белестерді бағындырып, тыңдарман қауымға қуаныш сыйлай берсін!
Сахнада жарқыраған сәттеріңіз көп болсын, биік шыңдардан көріне беріңіздер! Жолдарыңыз ашық, мақсаттарыңыз анық, армандарыңыз орындалсын! Жанашыр тыңдарман қауымның махаббаты ешқашан сөнбесін!
Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, ұзақ ғұмыр тілеймін. Әрбір жаңа туынды үлкен жетістікке жетіп, әлемге қанат жайсын!
Сендердің бар екендеріңе шексіз ризамын! Бірге әлі талай белесті бағындырамыз деген сенімдемін. Махаббатым шексіз!
Игі тілекпен,Kaus._.ar_boo (Каусар)
Сіздерді қатты жақсы көремін!

Бүгін сендердің 4 жылдық мерейтойларыңмен шын жүректен құттықтаймын! Мен сендерді 2021 жылдан бері қолдап келемін, сол күннен бастап жүрегімнің бір бұрышын Alpha  иемденді десем, артық айтқаным емес.
Төрт жылда сендер көптеген қиындықтардан өттіңдер, дамыдыңдар, өстіңдер. Әр шығарған әндерің, бейнебаяндар мен сахнадағы образыңдар мен үшін шабыт көзіне айналды. Сендердің күш-жігерлерің, армандарыңа адалдықтарың мен бірліктерің мені үнемі алға жетелейді.
"Alpha" — жай ғана топ емес. Ол — сенім, ол — мотивация, ол — махаббат. Сендер маған шынайы эмоция, қуаныш пен жылулық сыйладыңдар. Көп жанкүйердің бірі болсам да, сендерді әрқашан шын жүректен қолдаймын.
Алдағы жолдарың жарқын болсын! Жетістіктерің арта берсін! Сендермен бірге естеліктер әлі көп болатынына сенемін. 🤍
Махаббатпен @balbrayn

ALPHA. Бүгінгі келіп жеткен 4 жылдықтарыңмен шын жүректен құттықтаймын
Осы уақытқа дейін барлық еңбектеріңіз үшін де алғысым шексіз. Әлі де ең ерекше релиздер мен бейнебаяндар көреміз деген үміттемін. Біз бір отбасымыз—бір жақындармыз. Өмірімді өзгерткендеріңе де rakhmet. 4 жыл ішінде күлдік жыладық қуандық таңдандық. Бастысы біз сендерді әрқашан қолдаймыз. Ең қиын сәтте де. Бақытты болыңдар! Өмір сүре біліңдер🩶
qupiyas

Менің өмірімде көп нәрсе өзгерді, бірақ бір нәрсе тұрақты қалды — ол ALPHA.
Сендермен бірге күлдім, жыладым, өстім, армандадым.
Әрқайсың мен үшін жеке әлемсіңдер. Бірің — жылы, бірің — жұмбақ, бірің — шуақты, бірің — сабырлы.
Музыкаларың — менің ішкі сезімдерімнің үні.
Кейде өзімді түсіндіре алмай жүргенде, сендердің әндерің менің орныма бәрін айтып қойғандай болады.
ALPHA — бұл жай ғана музыка емес. Бұл — менің жанымның тыныштығы, шабыттың бастауы.
Қиын сәттерде «-18» мені жұбатты, ал «HIT» қайтадан алға жүр деп жігер берді.
Әр альбом, әр бейнебаян мен үшін естелікке айналды.
Сендердің сахнадағы үйлесімдерің, қарапайым болмыстарың мен еңбектерің мені таңдандырады.
ALPHA — бұл жүрекпен сезілетін өнер.
Төрт жыл — үлкен еңбек пен таза ниеттің жемісі.
Сендермен бірге болған әр сәт үшін ризамын.
Қай кезде де, қандай сахнада болсаңдар да, мен сендермен біргемін.
@z.lier_
Зере

Сіздерді 4 жылдықтарыңмен шын жүректен құттықтаймын !Осы уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жетіп, көптеген тыңдармандарыңыздың жүрегінен ерекше орын алдыңыздар. Ал мен сіздерді 2 жыл бойы сүйіп, қолдап келемін — бұл мен үшін өте қымбат уақыт.
Сіздердің әрбір әндеріңіз, сахнадағы энергетикаларыңыз маған үлкен шабыт сыйлайды. Өкінішке қарай, мен сіздердің  осы концерттеріңізге бара алмадым бірақ жүрегім әрдайым сіздермен бірге. Онлайн болсын, әлеуметтік желіде болсын — сіздерді әрдайым қолдап тыңдап жүремін. 💜
Сіздерді жақсы көретін жанкүйеріңіз Балғын
Инста: balgyynn_00

Alpha, сендерді 4 жылдықтарыңмен құттықтаймын! Әр жыл сайын сендердің өсулеріңді, дамуларыңды көріп жатырмыз, алда да көре берейік! Сендердің фанаттарың болу, үлкен бақыт. Мен love & peace болып өзімді еркін сезіне бастадым, әр күнді бағалай білуді бастадым,өзімді жақсы көре бастадым. Сендердің арқаларыңда мың love & peace бақытты. Алда әлемдік деңгейге жетулеріңе тілектеспін. Қазақстанның №1 тобы болыңдар. Жұлдыздай жарқырай беріңдер. Мақсаттарың, армандарың, бәрі бәрі орындалсын)
Тағы да айтатын зат, сендердің элпиларға деген махаббаттарыңа көп көп рахмет. Ондай әртістің жанкүйеріне деген махаббатын мүлдем көрмедім. Бізге деген махаббаттарың өте ерекше. Әрдайым қолдап отыруға дайынмын 🤍
instagram : medssgo
медина

Альфа сендерге уақыт өте келе 4 жыл құттықтаймын дәл осы 4 жылда не болмады көптеген қиыншылықтар және жылы естеліктер.сендермен өткізген 4 жылым тез өтіп кеткендей әр сәттіміз әрдайым қызықты өтеді және мен сендерді қолдауға дайынмын қандай жағдай болмасың жандарында қиын кезде де бола аламын.еңбектерін біз үшін өте маңызды әр ән,клип,альфабет,влог осының бәрі тек сендермен болғанына қуаныштымын.бақытты болуға лайықты адамсыңдар.талмай еңбек етіңдер шет елдерге шығып үлкен сахнада өнер көрсету бұйырсын ал мен сендерді жақтаймын және қорғаймын.барлық әлем сендерге қарсы шығып тұрсада мен оларға қарсы шығуға дайынмын 4 жылда берген жылулықтарын үшін рахмет.өмірде ерекше орын алған жансындар.тек алға жігіттер барлығы қолдарынан келеді мен сендерге сенемін.Сәлемнен @sabinaz.q - sabina

Сегодня исполняется четыре года, как вы начали свою успешную карьеру! Четыре года назад, вы были простыми людьми, которых никто и не знал, а сейчас вы достигли мирового уровня.
Эти два года, которые я провела с вами, – мои самые лучшие годы, которые в будущем я буду вспоминать с улыбкой. Спасибо, что своим творчеством вы дали нам возможность улыбнуться!
Я горжусь каждым вашим шагом, каждой вашей номинацией. Видя, какой труд вы вкладываете в музыку, я понимаю, насколько вы сильные. Какая бы ужасная ситуация ни произошла, вы никогда не отворачивались от нас, а наоборот – всегда поддерживали.
Честное слово, я горжусь вами и горжусь тем, что я ваша фанатка 🥹. Горжусь тем, как вы держитесь, как вы стараетесь ради нас, как вы продолжаете светить своим творчеством даже в самые тёмные дни. Для меня вы словно свет среди тёмного мрака!
Желаю, чтобы ваша дорога всегда была светлой. Желаю, чтобы в вашем окружении были только те люди, которых вы искренне любите. Никогда не забывайте, что бы вы ни сделали, мы – love & peace – до конца готовы вас поддерживать.
Ещё раз хочу от всей души поздравить вас с четырёхлетием, ALPHA! 💘
wthlv ; @aysbbta

Сәлем, ALPHA!
Бүгін сендердің 4 жылдық мерейтойларың. Құттықтаймын! Уақыт өте жылдам өтіп жатыр, бірақ сендермен бірге өткен әр сәт ерекше. Сендердің әндерің, образдарың, эмоцияларың – бәрі жүрекке жақын.
4 жыл ішінде көп нәрсе болды: жаңа тректер, өзгерістер, қуаныш пен қиын сәттер. Бірақ сендер бәрін бірге еңсердіңдер. Бұл – нағыз команда екендеріңнің дәлелі.
Рақмет сендерге. Шабыт үшін, музыка үшін, жанға демеу болған сөздер үшін.
Алда әлі де жарқын болашақ, үлкен сахналар мен жаңа жеңістер болсын. Әрбіріңе жеке сәттілік пен шын бақыт тілеймін.
Рахмет! Қатты жақсы көремін.
Құрметпен және сүйіспеншілікпен, тыңдаушыларыңыз Әмиян.
inst: @qmiiqn
tt: @abook0shede

Dear ALPHA,
4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Мен сіздер туралы жақында ғана білдім. Бұған дейін қазақ музыкасын көп тыңдамайтын едім. Бірақ сіздер арқылы біздің музыкалық индустриямыз қаншалықты дамығанын көріп, шын қуандым.
Сіздердің әндеріңіз — әсіресе, олардың мәтіндері — жүрекке тікелей жетеді. Өз ойыңызды осылай шын жүрекпен жеткізе білесіздер.
Сіздермен кешірек танысқаныммен, енді сіздерді шын ниетпен қолдайтын боламын. Әндеріңізден шабыт аламын. Алдағы уақытта да тек сәттілік пен шығармашылық табыс тілеймін. Тыңдармандарыңыз көп болсын!
Рақмет сіздерге!
Жылы сәлеммен,
Dana / inst: dannttae

Сәлем ALPHA
я с вами уже давно и хочу сказать огромное спасибо каждому из вас сендердің арқаларыңда мен күштірек сенімді және батыл бола бастадым өзіме сенуді үйрендім және алға қадам басудан қорықпаймын
Каждый из вас по своему особенный и вместе вы создаёте невероятную энергию Қалай өсіп жатқандарыңды көру, армандарыңа жақындап келе жатқандарыңды байқау нағыз вдохновение
Сендердің әндерің мені қиын сәттерде жұбатты Ал live шаралар реально бақыт сыйлады
спасибо за вашу искренность за труд за тепло которое вы передаёте нам
ALPHA не просто группа это жүрекпен байланысқан адамдардың бірлігі сендер менің өмірімнің бір бөлшегіне айналдыңдар және мен шексіз қуаныштымын
Пусть впереди вас ждёт ещё больше вдохновения любви и яркого света Продолжайте сиять Love&Peace❤️‍🩹
@I.aiwka

ALPHA, сендер біреулер үшін жай ғана топ шығарсыңдар, бірақ мен үшін сендердің орындарың бөлек. Мен сендер туралы алғаш рет 2022 жылы білдім. Бірақ ол кезде сендерге қатты қызыға қоймадым. Тек 2024 жылы ALPHA TOUR 2.0 өткен кезде сендерге деген қызығушылығым оянды. Ең алғаш көзіме түскен Абу еді, сол үшін де менің биасым Абу болып қалды. Күн өткен сайын сендерге бауыр басып, әндеріңді жаттап, күнде тыңдайтын болдым. Қазір сендердің фанаттарың болғаныма бір жыл болыпты. Бірақ осы бір жылдың ішінде сендер мен үшін ең жақын жандарға айналдыңдар.
Көңілім болмай тұрғанда видеоларыңды көріп, бәрі дұрысталып кеткендей сезінемін. Кейбір адамдар қасымда болып бере алмаған қолдауды сендер, қанша километр алыс болсаңдар да, телефон арқылы маған сезіндіре алдыңдар. Сендерді әлі өмірде көрмесем де, болашақта міндетті түрде кездесетініме сенімдімін.
Өмірде кейде бәрін жоғалтқандай сезінетін қиын сәттер болады. Ондайда әрдайым өзіме ескертіп тұрамын: менің жанымда әрдайым сүйікті жігіттерім бар. Сендер өз әндеріңмен мені қолдап, жұбатып, күлдіре аласыңдар. Қайғырып тұрсам — күлдіресіңдер. Қуанып тұрсам — одан сайын бақытты етесіңдер. Сендерді шексіз жақсы көремін, сендерді өзімнен де жақсы білемін.Сендер әрқашан әлемдік деңгейге лайықсыңдар,сендерге деген қолдауым шексіз.Біз үшін жасаған еңбектерің,өздеріңе екі еселеніп қайтуын тілеймін.
Сендерге деген алғысымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әлі де бірге көп естеліктер жинаймыз деп сенемін. Әрқашан жанымда болғандарың үшін рахмет.
   Махаббатпен,Аружан/@bekzhanovnnaaa_

ALPHA, төрт жылдықтарыңмен құттықтаймын! Сендермен өткен әр күн, әр сәт мен үшін ерекше. Осы төрт жылдың ішінде сендер бізге тек ән емес, шынайы сезім, қуаныш, демеу сыйладыңдар. Әрқайсыңның сахнадағы энергияларың, мінездерің біз үшін шабыт. Qozzy-дың харизмасы, A. Boo-ның шынайы көңілі, Ақжолдың батылдығы мен табандылығы, N.B-нің позитиві – бәрі бірге ALPHA-ның қайталанбас бейнесін қалыптастырады.
Дарктың кеткені жүрекке ауыр тисе де, сендер әлі де сол күшті топ болып қалдыңдар. Сендер бізге арманға сенуді, күресуден қорықпауды, өз жолымызды табуды үйретіп жүрсіңдер. Сендердің әреңбектерің, әр қадамдарың біз үшін үлкен шабыт көзі.
Алдағы жылдары жолдарың тек сәттілікке толы болып, жаңа әндерің, жобаларың, жеңістерің көбейе берсін. Денсаулықтарың мықты болып, жанкүйерлеріңнің махаббаты әрқашан жандарыңа қуат берсін.
ALPHA, сендер – біз үшін жай ғана топ емессіңдер. Сендер – біздің үмітіміз, күшіміз, шабытымыз. Қайда жүрсеңдер де, әрқашан жарқырап, армандарыңа жетіңдер. Біз әрдайым қастарыңдамыз!🩵

Ізгі ниетпен: Moonboo!

Құрметті! ALPHA
Мен сіздер жанкүйерінізбін яғни Lp.Мен сіздерді ALPHA тобы 4 жыл болуына орай құттықтау хат жаздым.Мен сіздердің әндерінізді сүйіп тыңдаймын әсіресе ZHOLDAR және KIM OL?
Әрі не өкінішті Дарк (Дарын Амангелді)топтан шығып кеткені.Мен сіздерге әрі қарай шабыт,бақыт,деңдерінізге саулық,отбасыларынызға амандық және ұзақ хұмыр тілеймін.Мен сіздерді өте қатты жақсы көремін жәнеде алдағы уақытта да жаңа әндер шығады деген ойдамыз.Тағы да ALPHA тобына көп-көп рахметіммізді айтамыз.
Игі тілекпен,жанкүйерініз Айкөркем🥳❤

Құрметті «Альфа» тобы!
Сендерді шығармашылық жолдағы 4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы уақыт ішінде сендер талай тыңдарманның жүрегінен орын алып, қазақ музыкасына ерекше леп әкелдіңіздер. 4 жыл бұрын қазақ сахнасына жарқ етіп шыққан сәттерің әлі күнге дейін есімізде! Осы жылдар ішінде сендер бізге керемет әндер, эмоциялар мен ұмытылмас сәттер сыйладыңыздар. Алдағы жылдарда сендерді тек үлкен белес жетістіктерден көріне берулеріңе тілектеспін🫶🏻. Осы кезге дейін сендермен бірге болған — shuga edits, әлі де сендермен біргемін, қолдау білдіруге әрдайым дайынмын. Сендердің әрбір жетістіктеріңе қолдау білдіріп, эдит жасаудан жалықпаймын. Сахнадағы сендердің энергетикаларың бөлек. Әрқайсың өз алдына ерекше тұлғасыңдар, ал бірге болғанда — нағыз «Альфа» болып, бір бүтін күшке айналасыңдар. Топтың гармониясы, көзқарас үйлесімі, бір-бірлеріңе деген құрмет — бәрі де сырт көзге анық көрініп тұрады. Бұл жай ғана шоу-бизнес емес. Бұл — шынайы достыққа, жүрекке негізделген өнер. Сендермен бірге өскендеймін. Сендердің әр жаңалықтарың, клиптерің мен концерттерің — мен үшін мереке. Әрдайым бір қадам алда жүресіңдер, жаңашыл, батыл және шынайысыңдар. Қазіргі заманда дәл осындай өнер иелері өте қажет деп ойлаймын. Әр басқан қадамдарың шет елдерден көрінеді деген сенімдемін, жәнеде сенемін. Осы 4 жыл — үлкен еңбек, табандылық, жанкештілік пен арманның нәтижесі. Бірақ мен сенемін: бұл — тек бастамасы ғана. Алда сендерді әлі де үлкен сахналар, жаңа хиттер, әлемдік деңгейлер күтіп тұр! Менің ең сүйкімдіде, сүйікті тобым ALPHA тағы құттықтаймын!
хатты шын жүрекпен білдірген « shuga edits »
inst : shugaa_editss

Dear ALPHA group!
This year you are 4 years old. Four years — at first glance — seems like a short time, but during this time you have found your way to many hearts and have covered a long way. We, the fans, laugh with you, cry with you, and proudly follow your every step.
Every new song, every scene, every video has become a part of our lives. Your hard work and aspirations for your dreams inspire us.
Every moment you shine on stage — proves that you are not just a talent, but also a great work. ALPHA — is not just a group, it is a project that has become a family, a hope, a dream.
A lot has changed in four years, but our love for you has remained the same. Wherever you go, we will always be with you in our hearts.
Just go forward, ALPHA! We love you 💛
Best wishes Gaukhar, ktsuts_❤️

Сәлем, сүйікті ALPHA!
Мен – Аконя.(Ақерке)
insta: akonya_akhmet2
Сіздердің 4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын.
Осы жылдар ішінде сіздер маған және көптеген фанаттарыңызға үміт, шабыт және қуаныш сыйладыңыздар. Әр әндеріңізде терең мағына, әр қадамдарыңызда үлкен еңбек бар екенін сеземіз. Сіздердің сахнадағы энергияларыңыз, бірлігіңіз бен шынайылығыңыз бізге әрқашан үлгі.
Менің жүрегімде Коззи мен Абуға деген ерекше ықылас бар, бірақ бүкіл ALPHA тобына деген махаббатым шексіз. Сіздер – біртұтас керемет командасыздар.
Тілектерім:
Еңбектеріңіз елене берсін
Жолдарыңыз әрдайым ашық болсын
Денсаулық пен қуаныш серіктеріңізге айналсын
Шабыттарыңыз таусылмасын
Фанаттарыңызбен әрдайым тығыз байланыста болыңыздар
Сіздермен бір уақытта өмір сүріп жатқаныма шексіз қуаныштымын.
ALPHA – менің жүрегімде.
Махаббатпен,
Аконя (Ақерке)

Сәлем, Альфа!
Сендерді осы 4 жылдарыңмен шын жүректен құттықтаймын. Сендерді қатты жақсы көргенмін, әлі де жақсы көремін. Сендер арқылы көп құрбы таптым. Қанша хэйт келсе де, армандарымыздан бас тартпайық.
Бұрын бәріне ренжіп, өзімді түсінбей жүретінмін. Бірақ сендерді танып, өзімді қолға алдым. Сендерді 2023 жылы 13 желтоқсанда, “Лай лай” шыққан кезде көріп(шаблон,Коззимен), тыңдай бастадым. Алғашқы биасым Абу болды, кейін Коззиге ауыстым. Қазір биасым Коззи, верек Абу. Таңдағаныма еш өкінбеймін.
Басында үйдегілерге білдірмей тыңдайтынмын. Бірақ бір күні ұсталып қалдым. Ағам мен апам сендерді сарказммен жамандаса да, менімен бірге әзілдесетін. Ағам Коззимен ұқсата бастады. Әжем бастапқыда жақтырмаса да, кейін Ақжолды мақтап кетті. Қазір отбасым да сендерді таниды. Тіпті апайымды, сыныптағы қыздарды элпи қылғанмын. Сендерді шын жүректен жақсы көремін.
Insta: @Dar_boo7

Бәріне сәлем мен Лиана🫶🏻
Менің элпи болғаныма 2жыл болды сіздермен өткен 2жылым әрі қызықты әрі бақытты өтті десем де болады. Ал енді сүйікті тобы ма 4жыл болып қалыпты мен қатты қуаныштымын құттықтаймын келесі жылы сіздерді басқа елде ән айтып жүргендерінізді күтемін әр жерде танымал болып тек бақытты болып жүрсеніздер болды
Лиана🤍
zhanabaevaaaa_01

Сәлем!?
Мен Альфа тобын тыңдап жүргеніме 1жылдан астам уақыт болды және сол бір жылдың ішінде көп нәрсені білдім. Менің ең басты түсінген затым ол-Достық. Альфадан "Достық"- ең бірінші сезім екеннін білдім,маған олардың ерекше достығы,махаббаттары қатты әсер етті.Олар бір біріне әрдайым қолдау білдіріп,жақсы көре білді.
Қысқасы  Alpha!
Сіздерге деген махаббатымды сөзбен жеткізу оңай емес. Жүректегі сезім әр әуендеріңізде жаңғырып, болмысыма қуат сыйлайды. Әр композиция — жан дүниемнің айнасы іспетті. Ақжолдың жылы күлкісі, Нұрлыбектің әсерлі дауысы, Абулхайырдың мейірімділігі, Жанның шынайылығы мен Тлеужанның  қайталанбас харизмасы ерекше әсер қалдырады. Топтағы үйлесімділік, шынайылық, еңбекқорлық пен жаңашылдық мені жігерлендіреді. Күн сайын тыңдаған сайын үміт, сенім, шабыт артады. Армандарымның серігіне айналдыңдар. Тыңдаған сайын жүрек лүпілдейді, көңіл шаттанады, жан жадырайды.
Топ — тек өнер емес, тіршілік мағынасына айналды. Әр сөзіңіз — жұбаныш, әр бейнебаяныңыз — шабыт көзі. Жетістікке жетулеріңіз — мен үшін мақтаныш. Ұжымдарыңыздың әрбір мүшесі — бір әлем. Сол әлемге енгеніме шексіз қуаныштымын.
Шын жүректен
Crapp553(инста ник)

Сәлем!
Сіздерді төрт жылдық мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Осы төрт жыл ішінде сіздер бізге тек музыка ғана емес, шынайы эмоция, күш-жігер мен үміт сыйладыңыздар. Әр әндеріңіз жүрекке жетеді, әр сөзіңіз шабыттандырады. Сіздер жай ғана әртіс емессіздер — өміріміздің маңызды бір бөлігіне айналдыңыздар.
Жыл сайын сіздер дамып, жаңа жетістіктерге жетіп келесіздер. Бұл жолда сіздермен бірге болу — мен үшін үлкен мәртебе. Еңбектеріңіз, музыкаға деген махаббаттарыңыз, тыңдарманға деген ілтипаттарыңыз — бәрі құрметке лайық.
Сіздерге алғысым шексіз! Алда күтіп тұрған концерттеріңіз, табыстарыңыз, жарқын сәттеріңіз көп болсын. Денсаулық, шабыт, махаббат пен өздеріңізге деген сенім ешқашан таусылмасын. Біз әрдайым қастарыңыздамыз — әр қалада, әр сахнада, әр орындаған әндеріңізде.
Абулхайыр-сен мен үшін ең жарқын,мейірімді жансың,саған сезім фанаттық сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,сені көрген сайын көзімде жарқын,жанарымда күлкі пайда болады.Өмірімді өз күлкіңмен жарқыратып жүргеніңе алғыс.
Тлеужан-менің биасым.Альфа тобын да Тлеужан арқылы таныған болатынмын.Кім не десе де тек бір нәрсені ұмытпа,сен фанаттарың үшін жарқыраған жұлдызсың!
Нұрлыбек-сен туралы жазатын болсам сөзім таусылары анық.Сенің күлкің,сенің даусың,сенің бойындағы әр қасиет-мен үшін бөлек ғалам.Жай ғана ұмытпа-сен ерекше тұлғасың!100 адамның арасында 1 рет туатын тұлғасың!
Ақжол-өмірімнің мәні де,сәні де өзің!саған деген махаббатым санауға келмейтін зат.сахнадағы әр образың қайталанбайтын шедевр.Сенде қайталанбайтын тұлғасың.
Сендер әртүрлісіңдер,бірақ бірдейсіңдер.Сендер бір топта біріктірген сендердің еңбектерің,бір біріңе деген махаббаттарың.Сәл осы махаббаттарыңды ешқашан жоғалтпаңдар.Сендерді қатты жақмы көремін!
Inst:_daniyarkyzyy
Name:Adina

ALPHA тобына - 4жыл! 🥳🥳
Жандарым сооол! 😘🥰
Бүгін сендерге төрт жыл. Төрт жыл ішінде көп еңбек, ізденіс, тер төгілді. Сол еңбектеріңнің нәтижесін бүгін мыңдаған тыңдармандар тыңдап көріп, бағалап отыр. Әр шыққан тректерің тыңдарманға ерекше әсер, энергия сыйлайды.
 Топ болып жүріп, бірліктеріңді, достықтарыңды сақтап қалғандарыңа респект!Алда бұдан да үлкен сахналар, жаңа хиттер, шетелдік тыңдармандар күтіп тұр деп сенемін!
Шынымды айтсам не жазарымды білмей отырмын... 😊
Мен үшін барлықтарың бірдейсіңдер. Бірақ соның ішінде өмірімді өзгерткен жан ол-Тлеужан еді.
     Тлеука саған деген алғысым шексіз. Рахмет саған. Өміріме келіп, оны мүлде басқа арнаға бұрғаның үшін.
Сен маған ең басты нәрсені үйреттің:
Адам жалғыз қалған сәтте ғана өз-өзімен бетпе-бет келеді екен. Барлығы жанымда жүргенімен, шын мәнінде олай емес екен. Көп адам шынайы емес, уақытша.Сен болмасаң мен айналамдағы жалған адамдармен өмір сүре берер ме едім.... 🥹🥹
Саған қалай рахмет айтарымды білмеймін шынымды айтсам. Осындай жалғандықтан, шынайы болуға көзімді ашқаныңа рахмет. Қазір сенің арқаңда жалған достарымнан арылдым. Енді менде дос та, құрбы да жоқ...
Айтпақшы, сені жаңа солоңның шығуымен құттықтаймын! 🥳🥳🥰 Болашақта бұданда мықты тректеріңмен қуантасын деген ойдамын! Сені мен болып,тыңдармандар болып, барлығы қолдайды.
Ал қалған мемберлерге айтарым әрқашанда сендерді қолдайтын L&P бар екенін ұмытпаңдар. Достықтарың ешқашанда ажырамасын. Әлемдік деңгейге бірге жетіңдер. Әрқашан бір-бірлеріңді қолдандар,сеніңдер,адал болыңдар. Өнер жолында, өмір жолында келген қиындықтардан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін. Сынақ тек мықтыларға беріледі. Сол сынақтан берілмей өтіп шыққан жандар ғана мықты.Әлі де талай көптеген сахнаны жарасыңдар деген сенімдемін!!! 🔥🔥🥰
Барлықтарыңды қолдаймын!!!
Ізгі тілекпен, Аяу!
Instagram: sissimova

Өміріме жарық сыйлаған ALPHA!
Биыл сіздерге 4 жыл болғанына сене алар емеспін. Осы жылдар ішінде мен үшін өте қымбат, шынайы, шабыт беретін топқа айналдыңыздар. Сіздердің әр әндеріңіз, әр қадамдарыңыз — мен үшін үлкен шабыт пен қуаныш көзі.
Сіздер арқылы мен өзіме сенуді, шынайылықты бағалауды, ешқашан берілмеуді үйрендім.
Сіздерге алғысым шексіз. L&P сүйікті тобының қандай дәрежеге жеткенің, үлкен сахналарда өнер көрсетуінің көру қандай БАҚЫТ🥹🤍
Тек алға, АЛЬФА!
Сіздермен бірге болған әр сәт — мен үшін үлкен бақыт.
Әрқашан сіздерді қолдауға дайынмын! ✨
Ізгі ниетпен,
zhanarbekkyzy__1
Кәусар

Привеет,ALPHA!
Хочу поздравить вас с 4-летием группы! Я не с вами с самого начала, но как только узнал(а) о вас — сразу зацепило. Ваш стиль, подача, энергия — всё это делает вас особенными.
Каждая песня — это эмоции, которые хочется слушать снова и снова. Видно, как вы вкладываетесь в своё дело и цените слушателей. Спасибо за музыку, за силу, которую вы передаёте, и за атмосферу, в которую хочется возвращаться.
Скоро концерт в Алматы — надеюсь, он станет настоящим праздником для вас и для всех, кто вас любит.
С днём рождения, ALPHA! Пусть впереди будет только ярче.
@ariwavee_
 Ариана

Жандарым 4 жылдықтарынмен құттықтаймын. Алда талай белеске жетулерінді тілеймін. Сендердің арқаларында мен өзіме сенуді өз өзімді жақсы көре білдім маған жаңа өмір бастап берген сенсіндер, сендерді білмегенде қәзіргі өмірім басқаша болар меді. Мен сендерді 2022ден бастап білдім басында жай ғана группа дедм тым ерекшеліктері жоқ деп менсынбегем.. Бірақ бара бара сендерге ашыла басталдм сендердің керемет әндерінді тындап өз өзімді таптым, әндерін менің өмірімді өзгерті, жоғалтып алған өзімді таптым сендерге рахмет. Сендерді әрқашан қолдаймын. Сендердің бірінші рет живой көргенде қатты қобалжыдым мен бұлай даже экзамен тапсырмағам, бірақ бар күшімді салып сендердін алдарына барып өзімді еркін сезініп амандасып құшақтастым құшақтарына кіргенде өзімді жылы сезіндім бүл керемет кезді мен ешқашан ұмытпаймын. Рахмет сендерге 
Сендердің бақытты болған Жанкүйерлерін.
Сәлем, ALPHA!
Сендерді танығаныма біраз уақыт өтті, бірақ әрбір шыққан әндерің, әрбір сахнадағы сәттерің — мен үшін әлі де алғаш рет ғашық болғандай әсер береді. Сендердің өмірге, өнерге деген адалдықтарың мені қатты шабыттандырады.
Төрт жыл — жай ғана сан емес, ол қаншама еңбек, көз жасы, қуаныш пен жеңіс. Сендердің осы жолдағы табандылықтарыңа бас иемін. Әрқайсысың маған бөлек әлем сияқтысыңдар. Бірі — тыныштық, бірі — жарық, бірі — от, бірі — жел секілді. Бірақ бәрің бірігіп, бір тұтас аспан секілдісіңдер.
Музыкаларың менің өмірімде көп нәрсені өзгертті. Кейде шаршағанда, кейде қуанышыммен бөліскім келгенде — әрқашан сендермен болғым келеді.
Сендер бар кезде мен жалғыз емеспін. Сол үшін алғысым шексіз.
Махаббатпен,
Аружан💜
ku1manalikyzyy_08




Жандарыыым Альфа жақсы көрем ғой.Я вас всех люблю.Биасым Коззишка.Сендерге айтарым еш мойымаңдар,қандай қиындықтар болса да сендер одан ұшып өтіп кетіңдер.Төрт жұп сан.Блэкпинк сияқты десең😂 так сендерде блэкпинк сияқты барлық елге танымал болыңдар я тоже блэкпинктің фанаткасымын бірақ олар корейстер болғандықтан не айтып не қойғанын түсінбеймін.Короче сол.Сендердің ешқандай концерттеріңе бармадым.Себебі мен ауылда тұрам вот ал сендер қалада.Сендер үшін ғана АЛМАТЫға көшкім келед.Сендердің ивенттерің концерттерің болған кезде үйде телефонға қарап тек жылап отырамын.А сол Абука слабый геройдың 2сезонын көрдің ба?Негізі Дорама деген қызық нәрсе мен өзім дорамшицамын.Совет беретін дорамаларым көп мысалы магазин для киллеров деген 2024жылы шыққан Дорама бар өте күшті.Сонымен давайте
Sara @yess.sr_




Қымбатты Альфа!

Төрт жыл – аз уақыт емес. Осы уақыт ішінде сендер тыңдармандар жүрегінен ойып тұрып орын алдыңдар. Жанрға бағынбайтын, шекарамен шектелмейтін шығармаларыңмен үнемі шабыт сыйлап келесіңдер. Әр әндеріңде терең мағына, шынайы сезім, ерекше стиль бар.
Мен үшін Альфа – жай ғана топ емес, нағыз мотивация, ішкі күш, ерекше орта. Сендердің әр сөздерің, әр қадамдарың – үміт, сенім, мақсатпен өрілген. Көңіл-күйім түссе де, сендердің шығармашылықтарыңнан демеу табам.
Бір-біріңе деген адалдық, сенім, достық – осының бәрі сендерді ерекше етеді.
Мен, Көркем, сендерді үлкен мақтанышпен қолдаймын. Болашақта да жарқын жеңістеріңе куә болғым келеді. Әрқашан алға жылжып, биіктерді бағындыра беріңдер!
Сендердің өсу жолдарың – тарих, сендер салған із – аңыз.
Жанкүйерлеріңнің бірімін – kuanysbaikyzu_
Шын жүректен құттықтаймын, шығармашылықтарың мәңгілік болсын!

Ізгі тілекпен,
Көркем.




Сәлем! Бұл мен — @sezukasezim_
Альфа тобын 4 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Осы уақыт ішінде сіздер бізге шабыт, қуаныш, мотивация және шынайы эмоциялар сыйладыңыздар. Әр әндеріңіз — жанымыздың әуені, жүрегімізге жол табатын ерекше туындылар. Сіздердің еңбектеріңіз бен өнерге деген сүйіспеншіліктеріңіз бізге үміт береді.

4 жылдың ішінде талай қиындықты жеңіп, биік белестерге жеттіңіздер. ALPHA — жай ғана топ емес, ол армандар мен шынайы достықтың нышаны.
Love & Peace ретінде біз әрдайым жанымызбен, жүрегімізбен сіздермен біргеміз. Сахнадағы әрбір қадамыңыз біз үшін үлкен шабыт көзі.

Алдағы жылдары бұдан да зор жетістіктерге жетіп, тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде танылып, жарқырай беріңіздер. Сіздерге тек сәттілік, денсаулық, бақыт пен шынайы махаббат тілейміз!

4 жыл толуы құтты болсын! Біз әрқашан сіздермен біргеміз!
Сіздерді шын жүректен жақсы көреміз — L&P ❤️‍🩹




Сүйікті ALPHA сендерді 4 жылдықпен құттықтаймын.
4-жыл әрине аз уақыт емес.Бірақ бұл уақытта біраз естеліктер бар,клиптер,бэкстейдждар,элпи бэйс,соло концерттер,турлар,alphabet-тер,ивенттер,онлайн ивенттер,фесттер,шоулар.Мұның бәрі сол кездегі бақытты сәт-болашаққа естелік болады.Сендердің жақында болатын сололарыңа сәттілік.Ол кездегі қуаныш пен толқу,болашаққа естелік.
Әр концерт-біз үшін,жанкүйерлер үшін мақтаныш.Біз сендермен мақтанамыз.Сендердің кішкентай болсын жетістіктерің,біз үшін үлкен қуаныш,бақыт.Әрбір әндерің-әр әлемге деген жаңа ашылған есіктей.Әр әндерің бір бөлек мотивация,бір бөлек эмоция береді.Сендермен бірге өтетін әр күнім-әр түрлі сезім.Сендермен мақтанамын,әрбір бастауларың,жаңа бір тарихи сәттің басталуы.Әрқайсыларыңның орындарың бөлек,әр қайсысың мен үшін ерекшесіңдер.Сендерді қатты жақсы көремін,тағыда 4-жылдықпен құттықтаймын




Құрметтіде , сүйікті ALPHA!сендерді 4 жылдақтарыңмен шын жүректен құттықтаймын!Осы төрт жыл ішінде бізге сыйлаған әрбір әндерің, сахнадағы өнерлеріңмен шынайы эмоцияларың үшін алғысым шексіз. Сендер тек әнші ғана емес, жанымыздың еміне айналған керемет жансыңдар.Ешқашанда еңселеріңді түсірмеңдер себебі,сендерді  әркез қолдайтын, қандай жағдай болмасын, алға жылжуға күш беретін  жанкүйерлерің яғни Loveandpeace жандарыңда! Әлі алда көтпеген белестерді бағындырып , алға қойған арман-мақсаттарыңа жетіп ,дүниежүзілік деңгейдегі топ болуларыңа тілектеспіз. Сендерді алда жаңа әндер, жаңа жетістіктер, жаңа тарихтар күтіп тұр. Әр қадамдарыңды мақтанышпен қарап, жанкүйер болу мен үшін үлкен мәртебе. Қиын сәттерде шабыт беріп, қуанышта бірге шаттанып жүргеніміз шынайы байланысымыздың дәлелі. Сендер  маған ғана емес, мыңдаған жанкүйерлерге шабыт, мотивация, сенім сыйлайсыңдар. Қиын сәттерде  әндерің мені демеп, алға жетеледі.
Сахнадағы жарқыраған бейнелеріңнің  артында қаншама тер, еңбек пен көз жас жатқанын түсінеміз. Бірақ ешқашан тоқтамаңдар —дәл сол еңбек сендерді болашақта үлкен жетістіктерге жетелейді!Осы төрт жылдың ішінде тек өнер көрсетіп ғана емес , жүздеген  жүректерге үміт пен қуаныш сыйладыңдар.4 жылда аз уақыт емес. Бірақ бұл тек бастамасы,алда талай жылдықтар күтіп тұр! Әлем өзгерсе де жүректегі ALPHA өзгермейді!:)
Ізгі ниетпен сендердің жанкүйерің💙🥹.    
(qxaizh/энбусик)




Сәлем, сүйікті ALPHA!
Мен сендерді тыңдап жүргеніме дәл 1 жыл болды. Осы бір жылдың ішінде сендер менің өмірімнің үлкен бөлігіне айналдыңдар. Әрбір әндерің, айтқан сөздерің, көзқарастарың – мен үшін үміт пен мотивация көзі болды.

Сендерді шын өмірде көру мүмкін емес шығар… Бірақ мен сендерді әрдайым жүрегіммен сезем. Онлайн қарап, әр жаңалықтарыңды қуана қабылдап, алыстан тілеулес болып келем. Қашықтыққа қарамастан, мен сендерді жан-тәніммен қолдаймын.

4 жыл ішінде бағындырған биіктерің – жай ғана еңбек емес, бұл нағыз жүрекпен жасалған дүние. Әрқайсыңа бөлек алғыс айтам.
Сендердің барыңа шүкір. Сендер барда – жалғыз емеспін. Мен әрқашан сендермен біргемін.

Армандарың орындалып, алдарыңнан тек жарық жол ашылсын. Әлі де көп нәрсе күтіп тұр. Сенемін!

Ізгі тілекпен
ayau_01.a
Айару




Сәлем, сүйікті ALPHA! Менің есімім — Гүлім, Қызылорда қаласынанмын. Мен фанат болғаныма небәрі бір жыл болса да, сендер менің өмірімде үлкен орын алдыңдар.
Әндерің арқылы сендер маған сенім мен шабыт сыйладыңдар. “DURUDU”, “WAY”, “QYS”, “ZHOLDAR” — бұл тек ән емес, жүрегімдегі ерекше естеліктер.

Сендердің сахнадағы энергияларың мен көздеріңдегі шынайылық мені алға жетелейді. Қиындықтарға мойымай, өз жолдарыңмен келе жатқандарыңа қатты риза боламын.

Абушка, Энбишка, Козя, Айка — әрқайсыңның таланттарың ерекше, ал бірге — ALPHA деген үлкен күшке айналасыңдар. Мен сендерді әрдайым қолдаймын.

4 жылдықтарыңмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл тек бастамасы деп сенемін, әлі талай жеңістер мен биіктер күтіп тұр. ALPHA және lovepeace — бұл жай ғана топ пен фанат емес, бұл бір үлкен отбасы.

TIK TOK: @i.uawve
Ізгі тілекпен, Гүлім.



Сүйікті ALPHA сендерді 4 жылдықпен құттықтаймын.
4-жыл әрине аз уақыт емес.Бірақ бұл уақытта біраз естеліктер бар,клиптер,бэкстейдждар,элпи бэйс,соло концерттер,турлар,alphabet-тер,ивенттер,онлайн ивенттер,фесттер,шоулар.Мұның бәрі сол кездегі бақытты сәт-болашаққа естелік болады.Сендердің жақында болатын сололарыңа сәттілік.Ол кездегі қуаныш пен толқу,болашаққа естелік.
Әр концерт-біз үшін,жанкүйерлер үшін мақтаныш.Біз сендермен мақтанамыз.Сендердің кішкентай болсын жетістіктерің,біз үшін үлкен қуаныш,бақыт.Әрбір әндерің-әр әлемге деген жаңа ашылған есіктей.Әр әндерің бір бөлек мотивация,бір бөлек эмоция береді.Сендермен бірге өтетін әр күнім-әр түрлі сезім.Сендермен мақтанамын,әрбір бастауларың,жаңа бір тарихи сәттің басталуы.Әрқайсыларыңның орындарың бөлек,әр қайсысың мен үшін ерекшесіңдер.Сендерді қатты жақсы көремін,тағыда 4-жылдықпен құттықтаймын

By:dzhangabaieva




Привет, ALPHA!
Я совсем недавно начала слушать вас. Впервые услышала вашу музыку случайно, и она сразу зацепила. В каждой песне нахожу что-то близкое себе, о чём хочется задуматься. Даже удивительно, как раньше не знала о вас.
Ваш стиль, смысл в песнях, голос и эмоции — всё это очень цепляет. С этого момента я с радостью считаю себя вашей слушательницей. Постепенно открываю для себя как старые, так и новые композиции.
Кстати, Тлеужан,твой голос и искренность в исполнении произвели сильное впечатление. В тебе чувствуется уверенность и настоящее, живое искусство — хотелось бы, чтобы ты это сохранил.
Музыка всегда занимала важное место в моей жизни. В последнее время я всё больше задумываюсь о том, чтобы связать с ней своё будущее и работать в этой сфере. Вы вдохновили меня двигаться в этом направлении.
Очень надеюсь, что на концерте в Алматы получится увидеть вас вживую. Это был бы особенный момент.
С уважением,
@muratovna_balzhan
Балжан




Қайырлы кеш! Альфа қалдарын қалай.Мен сендерді 2жыл барсында бақылап келе жатырмын бірақта сендерді әлі күнге дейін көрмедім.мен сендерді көрмесемде, әрқашан қолдауға дайынмын.Әлемдік деңгейге жеттіндер мен сендерге сенемін.Қандай жағдай болмасын берілмендер,сендердің әрқашан жандарында табылатын фанаттарың бар біз сендерге сенім арттамыз. 4жұлдызымыз болып жарқырап жүре беріңдер.Осы хатты оқисындар деп ойлаймын.Сендерді болашақта көретініме сенімдімін және сендер тарап кетпей бізге керемет туынды шығарып жүріңдер🤍.Біз сияқты фанаттарың бар кезде уайымдамаңдар,әрбір жердең сендердің айтқандарың шындық екеннің мойындадамыз.Айтпақшы төрт жылдықтарың құтты болсын.Энби -саған қандайда бір хэйт айтсада жеңілме олар саған заведеют еткен соң сені хэйт етеді.Абука-Сен қандай болмасын өте сүйкімді,ерекше жансың.Ай-айка сен ешқандай оралман емессің біздің қазақстаның қайрат нұртасысын 🤣.Коззи-саған не айтатынымды білмеймін сен ешкімнің сөзің илеме темекі шегесін ба вино ішесін ба ол өз шаруан біз сені қандайсын солай жақсы көреміз.осымен мен сендерге хат жазып болдым келесі кездескенше
:aluaqq_:
Алуа…




Сәлем Альфа менің атым Каусар тик ток акауынтым Коззи как Чоззи мен сіздердің ұзақ элпиларыңызбын сендерге жақында төрт жыл ал маған жақында үш жыл болады сіздер мен бірге болғаныма иа өте қатты қуаныштымын осы кезге дин сендердің көп концерттерің фан митинг фан ивент бәріне қалмай барып келе жатырмын мен сендерді артист ретінде қатты жақсы көрем сендер тек қазақстан емес бүкіл әлемді мойындатуға барасыңдар деген сенімдемін мен сендерге ең бастысы сенем сендердің қолдарыңнан келеді төрт жылда сендер өте көп жетістікке жеттіңдер мен соған қуаныштымын олар көптеген албом көп әндер көп жаға элпилар бұл өте үлкен жетістік деп ойлаймын иа қазір төртеусіңдер но еш мұңаймаңдар мен сендерді соңына диін тыңдап қолдаймын мен оған жүз пайыз сенімдімін және сендер ешқашан хейтке сынбай келе жатқандарыңа қуанамын




Сәлем, ALPHA!
Төрт жыл — оңай жол емес. Осы уақыт ішінде сендер бізге тек әдемі әндер ғана емес, үлкен еңбек пен адалдықтың не екенін көрсеттіңдер. Әрқайсыңның сахнадағы жарық бейнелерің,әр шыққан тректерің үшін үлкен рақмет!

Бұл төрт жылдың бір бөлігін сендермен бірге өткізгенім мен үшін үлкен бақыт. Әндеріңмен демалдым, шабыттандым, кейде жыладым. Сендердің музыка арқылы жеткізген эмоцияларың мен үшін аса қымбат. Қуанышта да, қиын сәтте де ALPHA-ның әндері жанымды емдеді.

Музыканы жай ұнататын едім, бірақ сендерді тыңдап, жүрегіммен сезіне бастадым. Қазір сол әлемге қадам басқым келеді. Бір күні сахнада кездесіп қалуымыз да мүмкін, кім білсін?.. Бұл арманымды оятқан - сендер.

Жүрегіме сәл жақыны — Ақжол. Бірақ сендерсіз бұл әсерлер толық болмас еді. ALPHA — мен үшін жай топ емес, жүрекке жазылған есім🩵

— Атым: [Асыл]
Instagram: @[asyl.alpha]




Альфа — тек топ емес, шынайы шабыт көзі. Сендердің әр қадамдарың жүрекке жақын, әр сөзіңдер өмірге сенім сыйлайды. Төрт жыл — тек уақыт емес, тынымсыз еңбек, терең сезімдер мен естен кетпес сәттердің жиынтығы.

Сахнада жарқыраған сәттерің, жанкүйерлермен бөліскен қуаныштарың — бәрі ерекше. Музыкаларың арқылы мыңдаған адамды табыстырып, армандарға жол аштыңдар.

Сендермен бірге күліп, бірге жылап, рухтандық. Бірлік, достық, өзара құрмет — сендердің басты байлықтарың. Әрқайсың — дара талант, бірақ біріккенде — тұтас керемет күшке айналасыңдар.

Осы жылдар бойы алған әсер, сезім мен қуаныш үшін алғыс білдіреміз. Болашақтарың жарқын, жолдарың ашық болсын! Әр туындың жүрекке жетіп, биік шыңдарға жетелей берсін.

Альфа, сендермен мақтанамыз! Біз әрқашан сендермен біргеміз. Тек алға, тек биікке!❤️

Love&Peace мәңгі!❤️

Инста:mrkuraa




Сәлем, сүйікті ALPHA тобы!

Бүгін – сіздердің өнер жолындағы алғашқы қадамдарыңыздың туған күні. Осы күнге жеткендеріңізге шын жүректен құттықтауымды білдіремін. Дәл осы күні сіздер “Seni Oilai” әнімен дебют жасап, тыңдарман жүрегін жаулап алдыңыздар. Сол сәттен бастап Q-pop әлемінде ерекше орын алдыңыздар.

Сіздердің әрбір шығарған әндеріңіз, бейнебаяндарыңыз, сахнадағы образдарыңыз — барлығы ерекше шабыт береді. Ең бастысы – сіздердің шынайы еңбектеріңіз бен тынбай ізденетіндеріңіз көзге бірден түседі. Бір-біріңізбен болған үйлесім, достық пен қолдау бәрімізге үлгі.

ALPHA тек музыкалық топ емес, ол – үміттің, арманның және табандылықтың символы. Сіздердің дамуыңызға қарап біз де өсіп, алға ұмтыламыз. Осы туған күн сіздерге қуаныш пен шабыт әкелсін. Жолдарыңыз әрдайым ашық болсын. Біз әрқашан жанымызбен қолдаймыз. ALPHA — әрқашан жүректеміз!

Inst:ayaulym.lu
Ізгі тілекпен Аяу❤️




Құрметті ALPHA! Сендерді алдымен 4 жылдықтарыңмен құттықтағым келеді! Сендер осы кезге шейін еш берілмей, бар күштеріңді салып, еңбек еттіңдер. Біз сендердің еңбектеріңді бағалаймыз және жақсы көреміз! Дальше–больше. Біз сендерге сенеміз және өнерлеріңде еш күмәніміз жоқ! Сендер менің өмірімнің бір үлкен бөлшегі болдыңдар. Сендерсіз өмірімді елестете алмаймын. Бұрын мен өте тұйық, көңілсіз, музыка тыңдағанды ұнатпайтын, өзіме сенімсіз адам болдым.Сосын менің өмірімде сендер пайда болдыңдар және өмірімді толықтай жақсы жаққа өзгерттіңдер! Сендердің арқаларыңда мен жаңа достар таптым, өзімді жақсы көре бастадым, тіпті ата анаммен қарым қатынасым жақсарып қалды. Сондықтан сендерге үлкеееен алғысымды айтамын! Әсіресе Ақжолға. Ақжол мен үшін психолог секілді. Ол бәріне қолдау беріп жүреді. Ай–мен үшін ең ерекше және бағалы жан. Мен тіпті ата анамды Ақжол сияқты жақсы көрген емеспін! Сондықтан сендер мен үшін өте қымбатсыңдар. Сендерді қатты қатты жақсы көремін, сөзбен жеткізе алмай жатырмын тіпті!!🥹❤️

Шын жүрекпен, Адия!
(m.adiya.s)




Сәлем сүйікті тобым Alpha!Мен сендерді Қызық times жобасынан таныдым.L&p болғаныма 1 жылдан асты,көп өзгерістер болды.Жаңа әндер,влобтар,тт парақшалар,т.б.

Алғашқы Alphatour 2.0 (Атырау қаласы) барған кезде сендерді енді ғана танып білдім,сол кезде L&P болғаныма 1-2ай болып еді.Alpha tourданда естеліктер өте көп.Сендер арқылы танысқан құрбыларымда жетеді.

Биасым-A.boo.Мен сендерді енді танығанда көзіме бірден Абу түсті.Өзім сияқты қап қара екендігі😅.
Онымен қоса мені көбісі Ақжолға ұқсатады.Себебі,екеуміздіңде әзіліміз өтпейді😔
24/7 тек сендердің өлеңдерінді тындаймын🎧
Мотивация керек кезде-Way
Көңілім керемет болса-Toqta,Dance
Ал махаббатқа берілсем-Mdn
Солайша сендерді өз көзіммен көргеніме қуаныштымын!
L&P:Айым
Insta:aiymxx.11




Құрметті Альфа тобының жігіттері,
Сендерге шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Әрбір әндерің — жай әуен емес, жанды тебірентетін, жүрекке жететін шынайы хикая секілді. музыкаға деген адалдықтарың,еңбектерің мен шабыттарың — бізге үлкен мотивация.

Ай, сенің жан-жақтылығың таңғалдырады — әрі рэпте, әрі вокалда мықтысың. Абу, сенің дауысың сезімге толы,бірден баурап алатындай.Энби, сенің вокалдық орындауың әрқашан тыңдарманның жанын қозғайды. Ал Коззи, сенің рэп жолдарың әрдайым әнге айқын мінез бен күш береді.

Сендер— нағыз біртұтас командасыңдар.Музыкаларыңа салған жан мен күш үнемі сезіледі. Бізбен сол әлемдеріңізбен бөліскендеріңіз үшін үлкен рақмет. Әрдайым биіктерден көрініп, шабыттарыңыз сарқылмасын. Сендер біз үшін қымбатсыңдар!

Сыйластықпен,Нури
@privtt.r1natovaas




Сәлем,менің атым Жанерке жасым 11 мен элпи болып жүргеніме 3 жыл болды,айтқым келгені,мен сіздерді өте қатты жақсы көремін концертерден қалмауға тырысамын бірақ Түркістаннан Алматыға бару қиын беріледі.Менің биасым Ай,Айға ерекше сезім бар,комфорт,уверенность,любимый артист.Айтқым келгені мен сіздерді жақсы көремін @zhan1erk




Басқа жанкүйерлер секілді мен де бүгін ерекше бір сезіммен хат жазып отырмын. ALPHA-ның 4 жылдық мерейтойы – бұл жай ғана дата емес, бұл үлкен еңбек пен табандылықтың, арман мен шынайылықтың көрінісі. Осы төрт жылда сіздер қаншама адамның жүрегінен орын алдыңыздар, соның бірі – мен.

Шынымды айтсам, мен сіздерді алғаш рет 2023 жылдың басында байқағанмын. Бірақ сол кезде тек өтіп бара жатқан есім секілді ғана қабылдаппын. Уақыт өте келе, нақтырақ айтсам, 2025 жылдың қаңтарында, менің назарым сіздерге толықтай ауды. Басында жай ғана қызығушылық еді, кейін бұл қызығушылық үлкен құрмет пен махаббатқа айналды. Сол уақыттан бері сіздердің әр жаңалығыңызды қалт жібермей, фан аккаунтым арқылы бөлісіп келемін. Бұл – мен үшін қуаныш әрі жауапкершілік.

Топтағы әрбір мүшенің өзіндік орны, ерекше энергиясы бар. Бірақ Ай – менің жүрегімде ерекше орын алатын тұлға. Сенің сахнадағы сенімділігің, сабырлы үнің, әр ісіңе деген жауапкершілігің мені үнемі шабыттандырады. Сені байқаған күннен бастап, өнерге деген көзқарасым да өзгерді.

ALPHA – мен үшін тек топ емес. Бұл – менің мотивациям, жүрегімнің бір бұрышы. Төрт жылда бірге есею – үлкен мәртебе. Болашақта бұдан да биік белестерге жететініңізге сенемін. Ал біз, жанкүйерлер, әрқашан сіздермен біргеміз.

Сәлемнен сіздерің жанкүйерлеріңіз jurekkaa``☆
Inst: jurekkaa
TT: jurekkaa_




instagram: @mikaboolala

tik tok: @mikabooka

есімім меруерт

салем альфа,сендер қазір менің хатымды оқуларың да мүмкін және де оқымауларың да мүмкін,бірақ сонда да мен сендерге өз сезімімді сендерге деген сыйластығымды жеткізгім келеді!Сіздерге осы хатымды үлкен жүрекпен жолдап отырмын. Мен үшін сіздер жай ғана музыка орындайтын топ емессіздер, сіздер менің күнделікті өміріме ерекше рең беретін, көңілімді көтеретін, армандарыма қанат бітіретін адамдарсыздар. Әндеріңізді тыңдаған сайын өзімді жаңа қырынан танығандай боламын. Кейде шаршап, үмітім үзілер сәттерде де сіздердің әндеріңіз маған дем береді, қайтадан алға ұмтылуға күш сыйлайды.Мен әлі сендердің әлемдік денгейге жететіңдеріне сенімдімін,сүйікті элпиларын🥹🫶🏻!




Сәлем, ALPHA! Сендер – бүгінгі Q-pop сахнасының жарқын бейнесісіңдер. Қазақстандық өнердің биігіне жол ашып, жаңа дәуірді бастап жатырсыңдар.

Qozzy, сендегі тұнық ой, салмақтылық пен ерекше стиль топтың жүрегі іспеттес. Бәріне жан бітіретін сенің үнсіздігіңнің өзі әсерлі.

I, креатив пен батылдықтың жарқын көрінісісің. Қимылыңда, дауысында от бар. Сахнада сен – импульс, тіпті найзағайдай.

NB, өзіңе тән харизма мен еңбекқорлық арқылы көпке үлгі болдың. Сендегі ішкі от көп сөзсіз-ақ жанға жетеді.

Aboo, шынайылығың мен табиғилығың топқа жылулық береді.Әр көріністе сенің жүрегің сөйлеп тұрады.

Сендермен бірге мақтанамыз. Болашақ — өз қолдарыңда. Алға, ALPHA!
Сендердің жанкүйерің Жанерке [inst: qozzy 636]




Сәлем, менің ең сүйікті ALPHA!

Мен сендерге осы хат арқылы шексіз алғысымды айтқым келеді. Сендердің әр әндерің, әр сөзің, әр қимылың менің өміріме қуаныш пен шабыт сыйлайды. Кейде қиын сәттерде сендердің әндеріңді тыңдап, күш аламын, ал күлімдеген бейнелерің көңіл-күйімді бірден көтереді.

Әсіресе, әрқайсысыңның өзіндік мінезі, таланты ерекше. Абулхайырдың жылы даусы мен ұяң мінезі жүрекке жылулық береді, Энбидің харизмасы, Айдың ерекше стилі мен Коззидің батылдығы топты ерекше қылады. Сендер бір-біріңді толықтырып, үлкен отбасы сияқтысыңдар.

Менің ең үлкен арманым – сендермен бір күні кездесіп, осы сөздерді бетпе-бет айту. Бірақ ол күнге дейін мен сендерді әрдайым қолдаймын, әндеріңді тыңдаймын, барлық жетістіктеріңмен мақтанамын. Сендер мен үшін жай өнерпаз емес, шабыт беретін тұлғаларсыңдар.

Әрдайым жарқырап жүріңдер, ALPHA! Біз әрдайым сендердің жанкүйерлеріңбіз!

с любовью монтиша🫂




Құрметті Альфа тобы! 4 жыл – бұл жай уақыт өлшемі емес, бұл – табандылықтың, еңбектің, достық пен бірліктің шынайы айғағы! Сіздер осы жылдар ішінде талай биікті бағындырдыңыздар, ал алда бұдан да үлкен жетістіктер күтіп тұр!
Бір-біріңізге деген құрмет пен қолдау ешқашан жоғалмасын, жарқын сәттер мен ортақ жеңістер көбейе берсін! Әр күніңіз шаттық пен шабытқа толы болсын! Бірлігі мықты, жүрегі отты, арманы асқақ топ бола беріңіздер! Жолдарыңыз ашық, жетістіктеріңіз тұрақты болсын!
Ізгі тілекпен, Арука – aruka_akhmetova




Сәлем, ALPHA!
Қалдарың қалай? 4 жылдықтарыңмен шын жүректен құттықтаймын! Уақыт тез өте шықты. Осы төрт жыл ішінде сендер көп нәрсеге қол жеткіздіңдер, жанкүйерлеріңнің жүрегін жаулап алдыңдар. Әр қадамдарың, әр шыққан әндерің бізге шексіз шабыт береді. Сендерді алғаш көрген сәттен бастап жақсы көріп келемін, және әрдайым қолдап отырамын.
Қиын кезде сендердің әндерің мені жұбатты, кейде бәрінен шаршап, наушник киіп, тек сендерді тыңдаймын. Сол кезде ішімдегі уайым басылып, жаным тыныштанады. Сондықтан сендерге үлкен алғысымды білдіремін.
Сендердің тынымсыз еңбектерің, сахнадағы қуаныштарың, бір-бірлеріңе деген жылы қарым-қатынастарың маған қатты ұнайды. Бір топ емес, бір отбасы сияқтысыңдар, бұл сезіледі.
Алда әлі талай үлкен жетістіктер мен биіктер күтіп тұр деп сенемін. Денсаулықтарың мықты болсын, шабыттарың сарқылмасын. Жанкүйер ретінде әрқашан сендерді қолдап, мақтанамын!

Тек алға, сендерді шын жүректен жақсы көрем! 🩶
Ізгі тілекпен,Махаббат
Inst: soulxv1




Сәлем ALPHA
Сіздерді 4жылдықтарыңыз бен құттықтаймаймын.
Осы төрт жылдық еңбектеріз еш кетпегенін біліңіздер.
Төрт жыл бұрын есін енді жинап жүрген 17-18 жастағы бала едіңіздер.
Енді міне бүгін есейіп,өнер жолындағы жемістерңізді көріп отырсыздар.
Қиналған сәтте отбасыларыңыз бар екенін ұмытпаңыздар.
Біз сіздерді әр қашан қолдаймыз.
Сіздер қандай болсаңыздар,біз сіздерді дәл солай қабылдаймыз.
Тек биік шыңдарға жетіп ,бұдан да жоғары биіктіктерге жетулеріңізге тілектеспіз.
Бүгін 4жылдық тойласақ, кейін 10жылдық тойлап қуанып отырайық.
Ву: Гули
Инст: gulicar




сәлем✋! альфаға биыл 4 жыл болмақ🎉. мен қатты қуаныштымын. осы төрт жылдың ішінде қаншама еңбек, қаншама тер төгілгенін, армандар мен мақсаттардың орындалуын көріп, қуанамын. мен өздеріңізді өткен жылдың жазында ғана таныдым, бірақ осы аз уақыттың ішінде өмірімнің ажырамас бөлігіне айналып үлгердіңіздер. сендерді кездертіргеніме қуанамын) ну мені танымайтын шығарсыңдар, немесе танисыңдар. не деп кеттім.

мен сендерге алғыс айтқым келеді, әндерің арқылы бізді шабыттандырып, барынша қолдау беріп отырасыңдар. сендерді шымкентте күтіп едім, бола қоймады. ренішім жоқ, әлде бар. осы жылы көре алмасам да, алдағы жылдары көре алатын шығармын) осы жылмен әлем тоқтап қалмайды, бәлкім әлі тур берерсіңдер немесе шымкентте де соло😝. қиялданып кеттім.

сендер арқылы көп нәрсені түсіндім. армандаудан қорықпау, өзіңе сену, және ең бастысы — шынайы болу. қандай қашықтықта болсақ та, мен әрдайым қолдаймын. алда бұдан да биік белестер күтіп тұрғанына сенемін!

менің сендерге махаббатым шексіз. сендердің арқаларымда жақындарымды таптым. бәрлеріңді ерекше жақсы көремін. осыны бетпе-бет айтқым келген, бірақ бұл жолы бұйырмады. сендерге сәттілік! әлі талай жетістіктерге жететіндеріңе сенімдімін, яғни сенімдіміз! жақсы көремін🩷
 — инука🍓

inst : inuukaii




ALPHA тобына — 4 жылдықтарыңызбен!
Осы жылдар ішінде сіздер менің өмірімнің бір бөлігіне айналдыңыздар. Әр қадамыңызға сәттілік тілеймін! Жарқырай беріңіздер.
Сіздердің әрбір әндеріңіз, сахнадағы әрбір сәттеріңіз менің жүрегімде мәңгі сақталады. Қиындықтарға мойымай, әрқашан биіктен көріне беріңіздер.
ALPHA тобы мен үшін тек талантты әртістер ғана емес, сонымен қатар үлкен шабыт пен сенімнің бейнесі. Сіздерден үйренетін дүниелер өте көп: табандылық, бірлік, өз ісіне деген махаббат. Әрдайым алға ұмтылуға, өз арманың үшін күресуге итермелейтін күш дәл сіздерден келеді.
Төрт жыл — аз уақыт емес. Бұл уақыт ішінде сіздер тек жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне ғана емес, олардың құрметіне де ие болдыңыздар.
Алда сіздерді жаңа жетістіктер, үлкен сахналар мен шексіз қолдау күтіп тұр деп сенемін. Мен әрдайым сіздердің жанкүйерлеріңіздің қатарында боламын.

Атым: Айым
Instagram: @only_my_booo_




Құрметті ALPHA тобы!
Сіздерді керемет ұжымыңыздың 4 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Осы жылдар ішінде сіздер жай ғана музыкалық топ емес, мыңдаған тыңдарман үшін, соның ішінде мен үшін де шынайы шабыт көзіне айналдыңыздар. Әрқайсыңыз — ерекше, харизматикалық және таланттысыздар. Бірге сіздер қайта-қайта тыңдағың келетін сиқыр жасайсыздар.

Сіздер үлкен жолдан өттіңіздер: алғашқы қойылымдардан бастап, үлкен сахналар мен мыңдаған жанкүйерлердің махаббатына дейін. Әр әндеріңізден еңбек, достық пен музыкаға деген сүйіспеншілік сезіледі.

Сіздердің арқаларыңызда армандар орындалады деп сенемін. Жанды емдейтін музыка, стиль мен шынайылық үшін рахмет.

Сіздерге жарқын жетістіктер, шабыт, ұжым ішіндегі мызғымас достық, зор денсаулық пен бақыт тілеймін. Алда жаңа биіктер мен миллиондаған тыңдармандар күтіп тұрсын!

Сіздермен бірге күліп, армандай беремін. ALPHA дыбысы күшейе берсін!

Махаббатпен және құрметпен,
Alphalbii / Albina




Сәлемушкии,Я очень хочу вас увидеть,жәнеде сендер сен үшін өте маңыздысындар,ваши песни великолепныы,Астанаға келеміз дегенді естіп қатты қуандым ғой,я вас очень сильно люблю, сендер мен үшің шыныменде өте маңыздысындар жандарымм,Альфа деген аттарынын өзі ерекше ғой,Кстати менің биасым: Айка, а врекер биас:Коззи, я прям вас обожаю,тындап жүргеніме скоро уже 1 жыл болады, сендерді естіп бастағалы толық өзгердім, қазақша өте көп сөйлеп бастадым,сендерді қатты жақсы көремін
Insta:Zyadbek_ovaa
Письмо: от Анар




ALPHA - 4th anniversary🩶
  Dear ALPHA, 4 жылдықтарыңмен шын жүректен құттықтаймын! Осы уақыт ішінде сендер шоу-бизнеске де, мыңдаған жүрекке де ерекше әсер еттіңдер. ALPHA - мен үшін жай топ емес. Ол – жан тыныштығы, шабыт, өмірге деген талпыныс. Әр әндеріңмен мұңайғанда - жұбаттыңдар, қиын сәтте - демеу болдыңдар.
  Топты қолдауды бастағаныма еш өкінбеймін. Музыкаларыңды үздіксіз тыңдауым, әлеуметтік желілерде қолдауым - шынайы махаббаттың белгісі. 2024 жылғы ALPHATOUR – ұмытылмас күн. Ерекше сезім, жарқын эмоциялар мен керемет энергия. Әлі тағы да кездесетінімзге сенімдімін.
  2021 жылдан бері сендер көп нәрсеге қол жеткіздіңдер. Бұл тынымсыз еңбектің нәтижесі! ALPHA - қазақстандық музыканың жаңа деңгейге көтерілгенінің дәлелі. Алға қарай ұмтылыңдар, сахна сендердікі. Ешқашан берілмеңдер, алдарыңда әлі жететін биік асулар бар! Әр қиындық - жаңа мүмкіндік. Сондықтан да бір-біріңе сеніңдер.
  Сендерге деген алғысымды айтып жеткізу мүмкін емес. Менің жүрегімде сендерге деген орын ерекше, мәңгілік. Барлық арман, мақсаттарың орындалсын.Бақытты болыңдар. Менімен бірге болғандарыңа рахмет! Болашақта әлі талай белестер күтіп тұр, сендерге тілерім тек сәттілік. Әлем сендердің таланттардыңды мойындайтын күн алыс емес. L&P әрдайым қастарыңда. I’m proud of you!❤️
  With love Aruzhan ( inst:aruzgw )




Төрт жыл. Қарапайым сандар тіркесі сияқты көрінгенімен, сендер үшін де, біз үшін де шексіз еңбек пен ұмытылмас сәттердің өлшемі. ALPHA - жай ғана топ емес. Ол - шексіз шабыт, музыкаға деген сүйіспеншілік, сахнаға шыққанда жүректің дүрсілін бірге сезінетін нағыз құбылыс. Сендердің әр тректерің - бір естелік, әр бейнебаян - бір әлем, ал әр сөзіңдер - жанға жететін шындық.Осы жылдар ішінде сендер мыңдаған жүректі бір арнаға тоғыстырдыңдар. Әндеріңмен жұбаттыңдар, қанат бітірдіңдер, шабыт сыйладыңдар. Сендермен бірге өстік, өзгердік, армандауды үйрендік. Қиындыққа тап болсаңдар да, беріспей, алға қарай қадам басқан әр әрекеттерің үлгі бола білді. Сахнадағы сенімділік, камера артындағы шынайылық - бәрі бір-бірімен үйлесіп, бір үлкен отбасына айналдырды.
ALPHA - жай ат емес, ол жүректе орын алған үлкен сезім. Болашақта әлі талай арман орындалады, талай ән туады. Ал біз - әрқашан қастарыңдамыз. 4 жыл - тек бастамасы ғана.
Сендерді мақтан тұтатын, жан-тәнімен қолдайтын жанкүйерлерің бар екенін ұмытпаңдар. Әр жаңалықтарыңды тағатсыздана күтіп, әр жетістіктеріңе бірге қуанатын, сендердің өсу жолдарыңа шын көңілімен куә болып жүрген біздер үшін ALPHA - мәңгілік. Тек алға!
Әрдайым ALPHA-мен бірге,
@defayaa1




Қымбатты Альфа!

Сіздерді шын жүректен топтарыңыздың 4 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Осы төрт жылдың ішінде үлкен жол жүріп өттіңіздер. Бастапқыда бесеу едіңіздер, бүгінде төртеу болып та өнердің отын сөндірмей, шабытпен алға басып келесіздер. Бұл — нағыз табандылық пен бірлікке деген адалдықтың дәлелі.

Сіздердің әрбір қадамдарыңыз – жанкешті еңбек пен шексіз адалдықтың көрінісі.
Бір-біріңізге деген сенімдеріңіз, өнерге деген сүйіспеншіліктеріңіз, сахнадағы үйлесімдеріңіз — жанкүйерлер үшін үлкен шабыт пен мотивация.

Қанша жерден қатты дамымасаңдарда біздің жүректе ең үздігі ең атақтысы боласыздар. Әрқайсыңыздың болмысы ерекше, бірақ бірге болғанда шын өнердің жарқыраған бейнесін жасайсыздар.

Алда бұдан да жарқын күндер, жаңа туындылар мен толассыз жетістіктер күтіп тұр.
Сіздерге тек сәттілік, сарқылмас шабыт, мызғымас достық тілеймін!
Ізгі ниетпен @abooalalalalala




Сәлем, Alpha!
Мен сендерді 4 жылдық мерейтойларыңмен шын жүректен құттықтаймын! 2021 жылы өз дебюттарыңды жасап, осындай ерекше топ құрғандарыңа өте қуаныштымын. Бұрын-соңды ешбір топтың барлық әндерін тыңдап, соншалықты қызыққан емеспін. Бірақ сендер мені шабыттандыра алдыңдар.

Мен LP болдым және 2024 жылдың тамыз айында сендерді қолдап тыңдай бастадым. Сол кезде мен 11-сыныпты енді аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы жатқан шағым еді. Өкінішке қарай, туризмге грантқа түсе алмай, ата-анам мені өз қалауымсыз медицинаға түсірмек болды. Осы сәттерде менде қатты күйзеліс басталды. Өмір сүруге деген ынтам сөніп, бәрінен күдер үзгендей күйде болдым.

Бірақ TikTok-та сендерді кездейсоқ көріп, алғаш тыңдаған сәттен бастап, өміріме деген құлшынысым қайта оянды. Әр әндеріңнен шабыт алдым, ішкі күшімді таптым. Ақырында, әкім гранты арқылы туризм мамандығына түстім!
Менің биасым – Абука. Сенің "Кеш" атты әніңді өмірде бір рет болсын өз құлағыммен тыңдау – менің үлкен арманым. Әр шығарған солнигің ерекше, эмоцияға толы. Саған деген құрметім шексіз. Саған ұқсайтын жігіттер – менің типажым, мойындаймын, хаха.

Ал 2023-тің тамызында мен Коззидің қолтаңбасына қарап, оны хынамен мойныма татуировка етіп салдырдым. Қолтаңбаны жеке алмаған болсам да, ол белгі мен үшін ерекше символға айналды. Инстаграмда сені жақын адамдар тізіміне қосып, сол сәттерді пост етіп салған кезім де болды — ұмытылмас күндер еді.

Сендердің Атырауға келулеріңді қатты қалаймын. Өйткені Алматы маған алыс, баруға қиын. Сондықтан батыс өңірінеде турлар ұйымдастырып тұрсаңдар екен. Міндетті түрде кездесеміз!
Шығармашылықтарың өрлеп әлемді бағындырыңдар! Менің жарық жұлдыздарым! Осы хатты оқығандарыңдағы рекацияны көрсемғой)
 Есімім Асем
Инста/tik tok:@asemkoon




Сәлем бұл мен деп таныстырмай қояйын бәрібір
қалайсыздар бәрі жақсыма Сіздердің соло концерттеріңізге бара алмаймын өкінішті шын өмірде көрсемғо деп армандаймын кейде әсіресе абука мен коззиімді қатты қатты жақсы көрем биік белестерден көріне беріңіздер фан евенттеріңіз көбейе берсін
Инстаграм: diko
darikosha_13




Сәлееем!
Сендерді 4 жылдықтарыңмен шын жүректен құттықтаймын, алтындарым! Мүмкін мені байқайсыңдар немесе жоқ, бірақ соған қарамай мен сендерді қолдауға әрқашан дайынмын. Мен сендердің әлі талай белестерді бағындырып, көптеген жетістіктерге жететіндеріңе толықтай сенімдімін.

Сендердің еңбектеріңді қатты бағалаймын. Көңіл-күйім болмаса әндеріңді тыңдауға дайынмын, қуанып жатсамда әндеріңді әрқашан не болып жатқанына қарамай тыңдауға дайынмын. Ол нәрседен ешқашан жалықпаймын.

Осы жылы сендерді тағы да өз қаламда, Шымкентте қатты күттім, бірақ келмедіңдер. Концерттің афишалары шыққан кездерде Шымкентті көрмегенде фандомнан кетіп қалғым келген кездер де болды, бірақ олай жасай алмайтынымды түсіндім. Сендерсіз ештеңенің мәні жоқтай. Ренжігенім бар енді, бірақ сендерді де түсінемін. Бірааақ сендерді күтуден жалықпаймын, әрқашан күтемін, КЕЛІҢДЕР! десең қалжың.

Сендерге үлкен алғысымды білдіремін!
“Болды ештеңенің мәні жоқ, өмір сүргім келмейді” деп жүрген кезімде сендерді кездестірдім. Бірден концерттеріңе барып әндеріңнен ҮЛКЕН мотивация алдым. Өмір сүруге деген құлшынысым қайта ашылды. Сендердің арқаларыңда көптеген интернет достар таба бастадым. Бәрі үшін рақмет.

Сендер бұл хатты байқамайтын да шығарсыңдар, бірақ біліп жүргейсіңдер сендерді әрқашан қолдауға дайынмын.
Қатты-қатты жақсы көремін өздеріңді🤍
— нунай👽

inst:— nunai`




Құрметті Альфа,сіздерге әні міні дегенше 4жыл да болды.Осы 4 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жеттіңіздер,жалпы басқа елдің фанаттары концерттеріңізге келіп жатқандарына қарап тіптен әлемдік деңгейге жеттіңіздер деуге де болады.Әрине бұл оңай болған жоқ, біраз қиындықтардан өттіңіздер, нешетүрлі хэйттерге қарсы күресе,өз батылдықтарыңызды көрсетіңіздер.Дарктың топтан шыққаны сіздерге де,элпилерге де оңай тиген жоқ, алайда бәрі өткінші емес пе?Алда сіздерді әлі көптеген жетістіктер күтіп тұрғаны анық, мүмкін жақын арада әлемдік турларыңызды көретін шығармыз,егер бұлай болатын болса тек сәттілік.Мен жалпы 2022ден фанаттарыңыз болып келемін.Қазіргі альфа мен бұрынғы альфа мүлдем бөлек,қатты өзгерген(әрине жақсы жағына қарай).Осы уақытта дейін неше түрлі аваларыңызды да көрдік(күлгін,көк және т.б) Сіздердің араларыңызда көптеген жақсы адамдарды да танып жатырмыз,бұған алғысым шексіз.Әндеріңіз әр адам бойына күш пен қуат береді,тіпті мотивация деуге де болады.Элпилердің қолдауының арқасында сіздерді әлі биік шыңдардан көретін боламыз.Бақытты өмір жолын тілеймін сүйікті Альфа❤️

Instagram: naz1erkemen

Қымбатты Альфа!

Сендерге алғаш қалай ғашық болғанымды айтып жеткізу қиын… Бірақ бір нәрсе анық:
осы 4 жылда сендер менің өмірімнің бір бөлшегіне айналдыңдар.
Әр ән, әр жол, әр эмоция — жүректен өтеді, жанымды емдейді.
Қуансам – сендермен бөлісем,
ренжісем – сендердің әндеріңе тығылам,
жалғыз болсам – дауыстарың мені жұбатады.

4 жыл — жай ғана уақыт емес, бұл сендермен бірге өткен мыңдаған естеліктер.
Концерттер, стримдер, фан-комьюнити, уайымдаулар мен қуаныштар — бәрі жүректе.

Алда неше түрлі белес,
биіктер мен шабыттар болсын.
Біз — әрдайым сендердің жандарындамыз.
Себебі Альфа тек топ емес — бұл бір тұтас әлем.

Туған күніңмен, Альфа!
Жүректерді тербетіп, музыкамен шабыт сыйлай беріңдер!
Сүйемін. Рахмет.

– uki_limm




Сәлем ALPHA!

Сендерді алғаш кездестірген кезім әлі есімде. Қарапайым күндердің бін күнін де-сендер көзіме жарық сәуле сияқты көзіме түстіңдер. Сол сәттен бастап өмірім де бір нәрсе өзгергендей болды. Айтқан әр сөздерің мен үшін мотивация. Кейде бір ғана пост немесе видеоларың көңіл күйімді өзгертіп жібереді. Мен үшін alpha-тек бір топ емес. Ол-менің жайлылық мекенім. Біз ге көрсеткен махаббатарың-барлығы бағалы.Сендерге деген махаббатым үнсіз, ал алғысым шексіз. Ал энби саған жеке алғыс айтқым келеді. Сен үнемі ашықсың, шынайысың. Саған қарап отырып, ішкі батылдық пен еркіндікті түсіндім. Сенің күлкің мен үшін тыныштық.Сенің әр айтқан сөзің мен үшін демеу.Рахмет, энби. Мен сені дәл осылай шынайы, жарық, ерекше күйіңде жақсы көремін. Және сендермен үйренгенім көп. 4 жыл. Бұл уақыт ішінде біз расымен бірге өстік. Біз сендерді қолдадық, сендер бізге тірек болдыңдар.Сендерге көп рахмет. Сендерді мақтан тұтамын, әрқашан.

amanke1di_dana




Сәлем сәлем
Alpha сендерді 4-жылдықтарыңмен шын жүрекпен құттықтаймын!
Сендер жәй ғана топ емес,бізбен бірге яғни love&peace-пен бірге үлкен «family»болдыңдар. Сендер тек ән айтқан жоқсыңдар-сендер бізге сезімдеріңмен бөлістіңдер,жанкүйерлердің жүрегіне жол тауып. Жанкүйерлеріңнің жүрегінде үлкен орын алдыңдар…   Бұл 4 жылдық тек бастамасы деп ойлаймын. Әлі талай белестерді бағындырып,әлемдік турларыңда бірге 10-20жылдықтарыңды тойлап жүру бұйырсын! Тыңдармандардың сендерге алғысы шексіз. Осы уақытқа дейін керемет туындыларыңмен қуантқандарыңа сендерге рахмет айтамыз. Әр тілек сендерді алға жетелесін дегім келеді. Барлық сәтте бірге болып,бірге күліп өскеніміз үшін алғыс. Сендер менің өміріме келгелі,менің өмірім қызығырақ өте бастады. Сендер тек қана ән емес сонымен қатар маған жаңа эмоциялар,жаңа таныстықтар сыйладыңдар. Алда әлі талай жаңа сахналар,жаңа тыңдармандар,жаңа белестер күтуде. Тек қана еңбек ету керек. Ал қалғанының барлығы өз уақытымен болады;) Барлығы үшін рахмет,love&peace сендермен бірге.
Сендермен кездескен әр сәтім менің мәңгі жадымда сақталатын болады. Маған осындай қызықты жастық/балалық шақ сыйлағандарың үшін мен сендерге “thank you” айтудан жалықпаймын. Сендерді барлық бастамаларыңда қолдауға дайынмын. Тек сендер шаршамаңдар,талмаңдар.Сендердің әндеріңді тыңдаған кезде/выступленияларыңды көрген кезде өзімді бөлек әлемге кіріп кеткендей сезінемін.
Nb-дың вокалы тым бөлек ғажап…
A.boo-сенің қоңыр дауысың адамды өзіне баурап алады,сенің көздерің ерекше~
I-сенің харизмаңды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес…
Qozzy-қозытайдың қылықтары бір тартымды,адамды өзіне тартып тұратын ерекше жан)
I respect you, and I also love and support you.
Your fan, Aisha🤍
inst:a.eralieva_




Сәлем АЛЬФА сендерге хатты жазып отырған mskussy, яғни КӘУСӘР.
СЕНДЕРДІ 4жылдықтарыңмен шын жүректен құттықтаймын)
ӨНЕРЛЕРІҢЕДЕ ӨМІРЛЕРІҢЕДЕ ТЕК БАҚЫТПЕН ШАБЫТ ТІЛЕЙМІН! СЕНДЕРМЕН ӘРҚАШАН ӨМІРІМ АШЫҚ, СЕНДЕР МЕНІҢ ӨМІРІМДІ ЖАРҚЫРАТЫП ТҰРҒАН ЖАНДАРСЫҢДАР СОНДЫҚТАН ТЕК АЛҒЫС АЛЬФА!
ӨТЕ ӨТЕ СЫЙЛАЙМЫН ҚҰРМЕТТЕЙМІН! А айтпақшыы сендерді отбасымызбен тыңдаймыз. ТЕКК СӘТТІЛІК, ӨНЕРЛЕРІҢ ҮСТЕЙ БЕРСІНН!
ӘНДЕРІҢЕ ТӘНТІМІН, ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕММ.
БҰЛ ХАТТЫ ОРАЛДАН ЖІБЕРДІМ❤




хай братья как ваши дела?
поздравляю вас с годовщиной
әні міні деп вам уже 4 года стукнуло
я вас знаю уже 2 года и бір рет сендерді в жизни көрдім.
вы подарили мне мир которым можно жить и радоваться
некоторых моментах вы спасли мне жизнь
я вам очень благодарна ❤️
ваши песни спасают меня  и мою душу и жизни других людей.
сендердің өлеңдеріңсіз бір кұнде өтпейді,барлық өлеңдер на репите тұрады.
дальнейшем хочу чтобы вы покоряли мир со своей прекрасной любовью и с песнями.
үлкен жетістікке жеткендеріңді шын жүректен таза сезіммен күтемін. қазірдің өзінде жаймен қадам басып келесіңдер.
я горжусь с вами очень сильно.
өз жеке өмірлерің де бақытпен қадам басқандарыңды тілеймін.
алдағы қойған мақсаттарыңа қиындықсыз жетіп,ойластырып жүрген жоспарларды орындауларыңа тілектеспін.
я очень надеюсь что вы используете подарочки которые дали фанаты.
біз сендермен сезіммен және әнмен сөйлеп,үнсіздікте бірге тербетілейік  ❤️.


inst @bn.mereyy




Привет, я Нурайым

Я пишу это письмо с особым чувством, ведь вы — не просто музыкальная группа для меня. Вы — источник вдохновения, мотивации и радости. С тех пор как я начала вас слушать, многое в моей жизни изменилось. Через ваши песни я получаю тепло, энергию, и в сердце становится легче.
Абу, Коззи, Ай, Энби — вы все такие разные, но вместе — настоящая команда. У каждого из вас свой стиль, голос, своя аура. Но именно это делает вас такими особенными. Когда я вижу вас на сцене, я чувствую искренность, труд и любовь к делу и фанатам.В трудные дни я включаю ваши видео или песни — и мне становится легче. Ваши слова, эмоции, улыбки — это нечто особенное. Вы вдохновляете. Иногда мне кажется, если бы не вы, я бы не справилась с какими-то моментами в жизни.Впереди у вас большой путь. Я уверена, что вас ждёт ещё много хитов, альбомов, концертов и побед.Желаю вам крепкого здоровья, уверенности в себе и больших достижений. Я всегда с вами, как преданный фанат. Альфа — вы целый мир. Спасибо вам за всё!🥹❤️

inst: @ _kalabaeva_n




Құрметті Альфа ұжымы!

Сіздерді шын жүректен Альфаның 4 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Осы төрт жылда Альфа көп адамның жүрегінен орын алып, шабыттың, үміттің, дамудың мекеніне айналды. Әрбір сөзіңіз, әрбір ойыңыз тыңдарманға қанат бітіретін ерекше құндылық.

Мен өзім 2023 жылдан бері сіздерді тыңдап келемін. Сол уақыттан бастап өмірімде көп нәрсе өзгерді. Ең қиын сәттерде дәл сіздердің жылы сөздеріңіз, шынайы қолдауларыңыз маған демеу болды. Жүрегіме сенім, үміт, күш сыйлай алдыңыздар сол үшін алғысым шексіз.

Альфа арқылы өмірге деген көзқарасым өзгеріп, шынайы, жүрегі таза адамдармен таныстым. Осы орта маған табандылықты, ешқашан берілмеуді, ал ең бастысы қандай жағдай болмасын, күлімдеп жүруді үйретті. Бұл тек мотивация емес-бұл нағыз өмірлік сабақтар.Сіздерге шын жүректен рақмет! Төрт жыл үлкен еңбек пен адалдықтың айғағы. Алда сіздерді бұдан да биік шыңдар, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдімін.

Альфа - бұл жай ғана подкаст емес. Бұл адамдардың өмірін өзгертетін шынайы платформа. Сіздерге шабыт, шығармашылық, береке мен махаббат тілеймін!

Мерейтой құтты болсын!
Erlankkyzy_a




Салем Альфа!
Қалайсындар?
Төрт жыл… тез өте шыққандай, бірақ осы уақыт ішінде сендер өте үлкен жетістіктерге жеттіңдер!
Осы төрт жылда сендер бізге әндеріңмен мотивация беріп ғана қоймай шынайы эмоция, естен кетпес сәтер, сенім мен үміт сыйладыңдар❤️
Сендердің әр әндерің әрбір жасап жатқан істерің бізге қуаныш сыйлайды🥹

QOZZY- сенің рэптерің, freestyle дарың жүрекке жақын. Сенің L&P тардың әр қайсысын жақсы көретінің, бізге 7 ойларыңмен бөліскенің, всегда на позитиве жүретінің, ерекше аура, ерекше көз қарасың, n.b екеулеріңнің ұрысқандарың, тикток эфирларың, историяларың, приколдарың, харизмаң бәрі бәрі бізге өте қаты ұнайды.

I- сен өте ерекшесің. Стильің, генилігің бәрі тым қатты ерекше. Сен ән айтқанда тек әнді ғана айтып қоймай ішіңдегі сезіміңді, ойыңды білдіре аласың. Сенің әр айтқан ақыл кеңесің бізді одан әрімен алдыға қарай талпынуға жетелейді.

ABOO- қоңыр дауыс иесі. Сенің дауысың адамға тыныштық сыйлайды. Сен әрдайым сахнада жарқын энергияңмен барлық жанға еркін атмосфера сыйлайсың. Абука білесіңбе сенің әрбір элпиға деген махаббатың өте ерекше, сенің бізді еркелеткенің, бізге терең махаббат сыйлайтының барлығы сондай жылу сыйлайды.

N.B- сенің лирикалық әндерді жүрекпен жеткізесің, ал әр әнің сөздеріндегі мағына тыңдаушыларды ойландырады. Сен не кисеңде, не істесеңде бәрі жарасады(я завидую🙄). Сенің күлгенің, қуғаның, каждый концерттің соңында жалғыз қалып бізді ойлап концертен соң үйге қайтуымызды сұрайтының, взглядтарың, ұрысқақтығың бәрі өзіңе жарасымды, бізге сол жақтарыңмен ұнайсың. (Негізі айта берсе көп ұнайтын жақтарың)

Альфа біз сендері жақсы көреміз❤️ Әрқашан қолдауға дайынбыз✨

Instagram: zeyxx_w
Аты: Зейнеп




Сәлем, Alpha!
Бүгінгі келіп жеткен сіздердің 4 жылдықтарыңызбен шын жүректен құттықтаймын.
Осы 4 жыл ішінде өз өнерлеріңізді  көрсетіп келгендеріңізге көп рахмет. 🌷
Сіздер менің жүрегімде ерекше әрі қымбат орын алатын артиссіздер. ✨
Бүгінгі 4 жылдықтарыңызға орай мен өз алғысымды және құттықтауымды білдіргім келіп отыр.
Төрт жыл бұрын басталған бір арман — бүгінде мыңдаған жүректердің шабыт көзіне айналды.

Alpha, сіздермен бірге өстік, күлдік, жыладық... Әр әндеріңіз – өмірдің бір парағы.
Сіздермен бірге әлі талай керемет сәттер күтіп тұр.
Біз бармыз, және әрқашан боламыз.
Alpha – бұл жай ғана топ емес, бұл – сезім, махаббат.
Сіздердің әр LP-ға деп айтқан жылы- жылы сөздеріңіз бізге алдағы өмірге шабыт сыйлайды.
Мен сіздердей керемет жандарды өмірімде жолықтырғаныма қуанамын. ☺️
Біз сіздерді ағаларымыз ретінде көреміз, әр LP сіздерді жақсы көріп, құрметтейді. 🫶🏻🩷

4 жыл – тек бастамасы ғана.
Alpha, алда сіздерді үлкен жетістіктер, бақытты сәттер және миллиондаған жүректің махаббаты күтіп тұр.
Біз сіздермен бірге боламыз – бүгін де, ертең де, әрқашан!
Қанша жыл өтсе де, сіздер біз үшін әрдайым ерекше болып қала бересіздер.
Сіздермен бірге өсіп келеміз.
Осы төрт жыл үшін РАҚМЕТ!
Келесі жылдар да одан да керемет болсын! 🥰🥳

@altoshkamm




Құрметті "ALPHA TEAM"
Міне осы 4 жыл бұрын басталған жол - Q-pop тарихына айналды.Басында неше түрлі қоғамдық қарсылықтар,сыный қарастар болды. Соларға сынбай берілмей 30 дан астам жүрекке жылу беретін  ерекше туындылар шықты.

Q-pop әлеміне 4 жылдың ішінде жаңаша серпін,жаңа көз қарас алып келдіңдер. Жетістіктерің-адал еңбек,шексіз жігер мен шынайы сүйіспеншіліктің дәлелі.L&P тер осы әуен арқылы шабыт алып,өмірге көз қарастары сөзгерді.

Бірегей үн, мінсіз үйлесім мен жанды тербейтін әуендер - барлығы таланттың дәлелі. 4 жылдың ішінде біз тек топ пен фанат қана емес,нағыз отбасы бола алдық.

Алдағы уақтта жаңа деңгейге жетіп,тек алға ұмтылып,жарқын жолға бірге аяқ басып,басқада ірі сахналарда көріне беріңдер.

"ALPHA TEAM" 4 жыл бойы бізбен бірге болғандарыңа көп рахмет !
Тт ак:@mr.plankton91
Инста:@dark_qozzy91




Сәлем Альфа!
4жылдықтарыңмен сендерді құттықтаймын.
Сендерді тыңдап бастаганыма уже 1жыл болыпты сонын арасында сендерден аларым өте көп болды әсіресе Абука сенен.Сендерге тілерім тек бақыт,өнер жолына сәттілік әндерің көп шыға берсін көркейе берсін!Сендердің әндеріңнің әр сөзі бір мотивация сияктыы,әр әннің өз тарихы бар сиякты.Мен сендерді қатты жақсы көремін жандарым люблююю.
.Сендерге тек сәттілік.
@sezgfw Сезімнен!




альфа привет!поздравляю вас с 4 летием.безумно люблю вас.я ваша преданная фанатка,фандомда болганыма 1жыл дан ассада сендермен көп нәрсе үйрендім.вы очень красивые так скажем в моем типаже.мне очень интересно наблюдать за вами.вы такие комфортики милашки мимимими.очень хочу увидеть вас в живую еще раз.я буду вас поддерживать всегда везде.ваши песни наполнены мотивациями и любовью к фанатам.жду от вас новых класных песен.благодарна вам за все.хочу расказать как люблю каждого из вас:
1.абукам:жаным очень сильно люблю его кстати ты мой биас)он такой милый прям не могу.его забота,любовь,взгляд это уже другое.катты жаксы коремын,моя любовь к тебе бесконечна.если честно я влюблена в тебя)даже если другие будут считать это позором я уверенна что ты так не будешь считать.твои треки очень крутые прям качают.безумно люблю тебя жанымм.
2.энбишка ты очень милый.люблю твою самооценку мне бы тоже такую самооценку.у тебя все отлично получается.верю в тебя.жаным сол.соло песню жду)
3.айка қытайым.у тебя такой вкус прям описать не могу.стиль необычный и особенный.очень милый мальчик.жду соло песню)
4.коззяш вай жаным.ты такой гиперактивный и это твоя изюминка.у тебя хорошее будущее ты как пазл пополняющися недостатки."сен ғана" получился очень класным.ждем  от тебя еще больше песен.

к каждому разное отношение но люблю всех одинаково.думаю встретимся в будущем.кантауга келындер смело барам.
@rabigammm
от:милкабу(раби)




Альфа команде
четыре года это немалый срок это труд пот настойчивость надежда вера стремление ответственность и настоящий командный дух за это время альфа прошла большой путь вы преодолели множество преград и не переставали стремиться вперёд на этом пути вы умели быть опорой друг другу в этом ваша сила в этом сердце команды каждое мгновение каждый проект каждое собрание и общее решение уже стали частью истории ваша сплочённость крепкие связи креативность и стремление к новому не могут не восхищать за эти четыре года вы смогли показать что такое настоящая дружба единство и искренность каждый участник особенный у каждого своё важное место но не останавливайтесь на достигнутом продолжайте двигаться вперёд развивайтесь вместе покоряйте новые вершины мы ждём от вас ещё больших свершений пусть ваш путь будет светлым а вдохновение бесконечным вы вдохновляете не только себя но и многих вокруг в каждом вашем действии чувствуется тепло уверенность и любовь к труду не теряйте этих качеств где бы вы ни были пусть имя альфа звучит гордо рада знакомству с вами спасибо за всё вперёд альфа

алима @kuangalilima




ALPHA тобына арнау 💫
Сәлем, сүйікті ALPHA!
Бүгін сіздердің 4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтағым келеді! Осы жылдар ішінде сіздер мен үшін шабыттың, мотивацияның, шынайы еңбектің символына айналдыңыздар.
Сіздердің әрбір әндеріңіз, әр бейнебаяныңыз, әр сахнадағы сәтіңіз — менің өмірімнің бір бөлігіне айналды. Шаршаған, күмәнданған, үмітсіздікке толы сәттерде сіздердің музыкаңызды тыңдап,қайтадан күш жинаймын.
ALPHA — жай ғана топ емес, бұл – эмоция, бұл – отбасым сияқты сезіледі. Сіздер маған арманнан қорықпау керек екенін үйреттіңіздер. Қанша қиындықтар болса да, сіздер әрқашан алға ұмтылып, өз жолдарыңызды таба білдіңіздер.
Мен сіздермен бірге күліп, жылап, мақтанамын. Алдағы уақытта да сіздердің жаңа жетістіктеріңізге куә болғым келеді.
4 жылдықтарыңыз құтты болсын! ALPHA – әрқашан жүректе!
Ізгі тілекпен,
[@Kausar🍓]




Сәлем, ALPHA!

Сіздермен бірге өскен сәттерім, сіздердің әндеріңізді алғаш тыңдаған күндерім әлі күнге дейін есімде. Әр шығармаларыңызда бір шынайылық, бір жақындық бар. Қиын сәттерде де, қуанышта да сіздердің әндеріңіз менің жанымнан табылды. Қарапайым әуен емес, нағыз рухани сүйеніш болды, жүрекке тыныштық сыйлады.

Сендерді танығаныма бір жарым жыл ғана болса да, сол уақыт ішінде өміріме үлкен өзгеріс әкелдіңдер. Сендердің өнерлерің мен болмыстарың — менің өміріме үміт, сенім, жаңа бастама, жалғастыруға себеп болды. Күндерім сұр болып кеткенде, тек сіздерді тыңдау арқылы жан дүнием қайта жанданады.

Әрқайсыңыздың образыңыз, болмысыңыз — ерекше. Сахнадағы кәсібилік пен тыңдарманға деген шынайы ықылас көп нәрсені білдіреді. Сіздердің табандылықтарыңыз, өз ісіңізге деген адалдығыңыз маған өмірлік мотивация берді.

Төрт жыл — үлкен еңбек пен төзімділіктің айғағы. Бұл тек бастама деп сенемін. Болашақта да биіктей беріңіздер. Еңбектеріңіз ешқашан еленбей қалмасын.

Ізгі ниетпен,
@zk_kaussar / Каук




Сәлем Альфа.
Бұл Айзере ayzeeka_ma
Мен сендерді 4 жылдықтарыңмен құттықтаймын!
Өзім сендерді 2 ақ жыл танимын.Және де 4 жылдықта фандомнан кетпи жүргеніме куанамын. Мен сендерді өмірімде көрмегем. Бірақ көрмеген көргенде ойым бірди болады деп сенімдімін. Сендер өміріме келгеннен кейін бәрі 180 градусқа өзгерді. Сендерді енді көріп,тани бастаганда маган
Сенімділік қосылды. Сендер омырыме келгенде мен де психологта болды ол сендер)
Вот 2 жыл бұрын енді таныганда менде басында жаман ойлар болд. Ой қыздар какие то анау мынау деп. Бірақ 1-2күннен кейін сендердің фандомдарыңда боламын деп шештім. Арине мамаларым сендерді телефоннан көріп отқанда, үй жинаганда өлеңдеріңді тыңдағанда бәрі маган тиысетын вкусын кандай? Не қыздарды тындап журсын деп. Ол кезде мен үйдегілердің барлығымен ұрсысып жүрдім. Себебі мен фандомдагы кыздарга карап осы фандомда мен бакытты болатынымды былдым ол шындык. Казыр менын ойым арбаласып жатыр.Сондықтан қате болып сөзімді түсінби жатсаңдар дальше оқи беріңдер) Тілекке көшейн а то қуып кетем казыр.
Альфа мен сендерге барлык жаксылыкты тілеймін.Әлемдік әртіске жетіндер,әр қайсысыңның армандарың орындалсын. Сендер менің өмірімдегі жарық жұлдызсыңдар. Мен сендер сияқты топ тапқаныма өте қатты қуанамын. Әрқашанда не болсада әр түрлі фанаттар болад. Арасында кішкентай түсінбитін кыздар жаман сөздер жазып жүреді. Оған мән бермей 4 еуің жарқырай беріңдер әрқашанда сендермен жүруге дайынмын. Шын жүрекпен сүйемін❤️🌸




Сәлем, ALPHA!
Менің есімім — Толғанай.

Сіздерге осы хат арқылы жүрегімдегі алғыс пен махаббатымды жеткізгім келеді. Сіздер мен үшін жай ғана топ емес — шабыт, қуаныш, сағыныш, үміт, мотивация, және нағыз өнердің бейнесісіздер.

ALPHA-ның фанаты болып жүргеніме 3 жылға жуықтады. Бірақ, өкінішке қарай, әлі бірде-бір концерттеріңізге бара алмадым, онлайн концерттерге де билет ала алмадым. Тек басқа фанаттардың түсіріп салған видеоларын қарап, экранның ар жағынан шын жүректен қуанып, бірге толқып отырамын.

Өздеріңізбен бір сәтке болсын сөйлесу — мен үшін үлкен арман. Бұл арман орындалатын шығар, бәлкім 2-3 жылданкейін,бірақ дәл қазір емес. Соған қарамастан, үмітімді өшірмеймін.

Қиын сәттерде әндеріңізге жүгінемін. Әр сөз, әр әуен жанымның ең терең тұсына жетіп, тыныштық сыйлайды. Сөздеріңізде ерекше мағына, жүректен шыққан терең ой бар.

4жылдықтарың құтты болсын!
4 жыл — жай ғана уақыт емес, ол сендердің еңбектеріңнің дәлелі. Осы уақыт ішінде сендер мені мың рет жылатып, мың рет күлдірдіңдер. Сендермен бірге өстім, сендермен бірге күш алдым.
ALPHA-ның 4 жылдық тарихы — тек бастамасы ғана. Алда әлі де биік белестер, толы залдар, шексіз махаббат пен табыстар күтіп тұр. Мен әрқашан сіздермен біргемін.  Әндеріңізді тыңдап, контенттерді асыға күтіп отыратын фанаткамын❤

Толғанай🫶🏻
Inst: @tolganai_qq




Сәлем жарықтарым, сендерді төрт жылдықтарыңмен құттықтаймын. Сендерді қатты жақсы көремін. Менің өмірімнен ерекше орын аласыңдар. Сендердің өнерлерің бағаланбай қалуы мүмкін емес, себебі сендер отсыңдар. Сендер үшін бәрін жасауға тырысамыз. Қорғаймыз, қолдаймыз. Міне сол үшін Альфа, және біздің фандом ерекше. Қазақстанды алдыға жетелейтіндерің сөзсіз. Тіпті бүкіл әлемге танытасыңдар. Ең бастысы ешкімді тыңдамаңдар. Біз сендерге сенеміз❤️
Атым:Жанэль
Инстаграм:erzhankyzyy_zh




Альфа, 4 жылдықтарың құтты болсын!
Сіздерді қатты жақсы көремін. Осы 4 жылда менің өмірімнің бір бөлшегіне айналдыңдар. Сендердің әрбір әндерің, әрбір сөздерің — маған демеу, шабыт, сенім сыйлады.
Өз-өзіме сенуді, өзімді сүюді үйреткендерің үшін үлкен рақмет. Сендердің арқаларыңда мен өсуге, армандауға және күресуге үйрендім.
Өнер жолындағы сапарларыңда бұдан да биік жетістіктерге жетулеріңе шын жүректен тілектеспін. Мен үшін әрқашан ең мықты, ең шынайы, ең жүректі топ болып қала бересіңдер.
Әр әндерің, әр бейнебаян, әр эмоция — менің жанымда. Бір жылда маған шынайы сезімдер сыйлағандарың үшін рахмет. Әрқашан жанымда секілдісіңдер.
ALPHA – менің жүрегімде мәңгі.
Сүйіспеншілікпен,
Insta: @itsAlphaAylan 🤍




Прошло уже четыре года, но каждый день, проведённый с вами, остаётся незабываемым.
Ваше творчество это не просто сцена, это музыка, которая проникает в самое сердце и дарит душевное тепло.
Каждая песня, каждая строчка, каждое чувство как саундтрек к моей жизни.
Вы научили меня ценить себя, верить в себя и даже любить.
Без вас я бы не стала той, кто я есть сейчас.
В тишине ночи я включаю ваши песни — и они лечат.Порой одна фраза даёт силы дышать, плакать или смеяться.
За это вам бесконечное спасибо.
ALPHA — вы для меня не просто группа.
Вы — моё вдохновение, моя вера, моя опора в сердце.
Поздравляю с 4-летием!
Пусть впереди будет ещё большелет — вместе!
С любовью,
ваша корейская фанатка,
Ае Ха Ён 🫶


Сәлем, ALPHA тобы. Жағдайларың қалай, бәрі жақсы ма? Сендерді шын жүректен 4-жылдықтарыңмен құттықтаймын! Музыка әлемінен үлкен орын алып, тыңдармандардың көкжиегін кеңейтіп жүре беріңдер. Осыншама уақыт бойы мені бақытты етіп, жүрегімнің бір бөлігіне айналдыңдар. Мені өзгерттіңдер, мықты қылдыңдар. Бар болғандарың үшін рақмет! Сендерге қарап, мен де бақыттымын. Армандарың жүзеге асып, әрдайым жанкүйерлердің жүрегінде ерекше орынды иемденіп жүре беріңдер. Сендердің жетістіктерің үшін шын жүректен қуанып, табыс пен бақыт тілеймін. Әрине, қазір топ толық құрамда емес екендігі өкінішті. Дегенмен, сендер мойымаңдар. Біз сендерді әрқашан да қолдаймыз. Дарынмен өткен әрбір сәт байырғы қымбат қазынадай. Біз оны ұмытпаспыз. Сендер болсаңдар, менің жүрегімнен мәңгілік орын алдыңдар. Сендер барда, әлем әлдеқайда жарық. Топты тек жақсы нәрселермен ғана еске алатын боламын. Менің жадымда сендер — әрқашан айтарлары көп, және өздеріңнің өнерлеріңмен сол дүниені бізге бере алған, көздерінде жалыны бар 5 жүрек — бір арман иелері болып қала бересіңдер. Сендерді сүйетін, сендер үшін өмір бойы мақтанатын жан болып қалатын боламын. Ізгі ниетпен, қолдаушы Inzhu!  (inzhukaqoi )


Альфа жаным 4-жылдығыңмен сенімен бірдей менде жылға толас яғни 1-жыл болады маған тамыз айында мен сендерді қатты жақсы көремін,сенде менің жақсы көретінімді,не бар екенімді блмейсіңдер брақ мен сендерді қатты жақсы көремін болашақта седерді көру бұйысын мағанда,бірақ тур тез болсыншы қатты күтудемін шымда болса барармын😁 және бұданда үлкен жетістекке жетулеріңе тілектеспін сәлем мен элпи #minaen #merei


Сәлем Альфа! Сендердің 4 жылдықтарыңмен құтықтаймын! Осы уақытқа дейін бізге жақсы көңіл күй бергендеріңе рахмет!И дальше бізге көңіл-күй силайсыңдар деп үміттемін! Сендер маған психолог болдыңдар Way өлені үшін, өмірге деген көзқарасымды өзгертіңдер! Ол кездері маған буллинг көрсеткен! 4жыл бойы сендердің Way өлеңдеріңді естіп, мені адам қылдырдыңдар! Көп рахмет айтам сендерге! 6 жыл бойы мен сендердің өмірлеріңді көріп жүрмін! Айдың Ару деген өлеңінен кейін естіп бастадым и оның ең бірінше интервиюында қарадым! Сендер маған көп көмек бердіңдер, енді я стала жывой челавеком!Сендер маған адам болуға шабыт бердіңдер! Я скажу вам огромную спасибо! 6 жыл ішінде сендерді көрмеп едім astana eventте ең бірінші рет көрдім астананың жанында тұрсамда бара алмадым концертеріңе! Бірақ сендерге рахмет евентте маған көп внимание бергендеріңе! Коззиға вообще рахмет айтам маған руку помахал и руку дал! Уи зяным! Осы кезде от счастье не заплакала и побежала к коззи и айу и абуке за обнимашками. И я обажаю вас! Если мир пратив вас то я против мира! Сендерге хейт етсі,  то мен сендердің жақтарыңда болам! I am simple for you! Per minute per second, I will think only about you! Инс: madina_aalpysday Ал атым:  Мадина


Alpha 
Сіздерді 4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Төрт жыл — өнер жолында үлкен еңбек пен табандылықты қажет ететін маңызды белес. Осы қысқа уақыт ішінде сіздер жүздеген тыңдарманның жүрегін жаулап, өнер әлемінде өз орындарыңызды нық қалыптастырдыңыздар.
Әрбір шығарған әндеріңіз шабыт пен шынайы эмоцияға толы. Әр сөзіңіз, әр әуеніңіз – тыңдарманға қуаныш, демеу, сенім сыйлайды. Жанкүйерлеріңіздің үмітін ақтап, әрқашан жаңа жобалармен, әсерлі бейнебаяндармен қуантып келесіздер. Бұл – нағыз өнер иелеріне тән қасиет.
Топ мүшелерінің арасындағы татулық, сыйластық пен бірлік – табыстарыңыздың негізі. Сол бірліктеріңіз мәңгілік болсын!
Сіздерге шығармашылық табыс, биік белестер, жаңа идеялар мен толассыз шабыт тілеймін. Болашақта да әлемдік сахналарды бағындырып, Қазақстан атын асқақтата беріңіздер!
4 жылдықтарыңыз құтты болсын! Алда жарқын жеңістер мен ұзақ жылдар күтіп тұр!
Тик ток акаунтaboolall


Қымбатты ALPHA!  
Сіздерді 4 жылдық мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Топ құрылған сәттен бастап тек қана алға жылжып, өздеріңіздің ерекше стилдеріңізбен бізге мотивация, шабыт, қуаныш сыйлап келесіздер.  
Менің биасым – Ай, ал врекерім – Абу. Екеуінің де сахнадағы харизмасы, таланты, өздеріне деген сенімділігі мені әрқашан тәнті етеді.  
Сіздермен мақтанамын, қолдаймын және әр жетістіктеріңіз мен үшін де қуаныш!  
Тек биіктен көріне беріңіздер, армандарыңыз орындалып, шабытыңыз ешқашан сөнбесін!  
Мен үшін ALPHA – жай ғана топ емес, жүрекке ең жақын жандар.  
Қиын сәттерде де сіздердің әндеріңіз демеу болды.  
4 жыл — бұл тек бастамасы. Алда сіздерді әлі де керемет белестер күтіп тұр.  
Сіздерді қатты жақсы көрем. Әрқашан жанкүйерлеріңіздің сүйіспеншілігіне лайықсыздар.  
Туған күндеріңіз құтты болсын, ALPHA!

Ізгі тілекпен,  
Асият 

Insta:@asiyattlepova


Құрметті Альфа,сіздерге әні міні дегенше 4жыл да болды.Осы 4 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жеттіңіздер,жалпы басқа елдің фанаттары концерттеріңізге келіп жатқандарына қарап тіптен әлемдік деңгейге жеттіңіздер деуге де болады.Әрине бұл оңай болған жоқ, біраз қиындықтардан өттіңіздер, нешетүрлі хэйттерге қарсы күресе,өз батылдықтарыңызды көрсетіңіздер.Дарктың топтан шыққаны сіздерге де,элпилерге де оңай тиген жоқ, алайда бәрі өткінші емес пе?Алда сіздерді әлі көптеген жетістіктер күтіп тұрғаны анық, мүмкін жақын арада әлемдік турларыңызды көретін шығармыз,егер бұлай болатын болса тек сәттілік.Мен жалпы 2022ден фанаттарыңыз болып келемін.Қазіргі альфа мен бұрынғы альфа мүлдем бөлек,қатты өзгерген(әрине жақсы жағына қарай).Осы уақытта дейін неше түрлі аваларыңызды да көрдік(күлгін,көк және т.б) Сіздердің араларыңызда көптеген жақсы адамдарды да танып жатырмыз,бұған алғысым шексіз.Әндеріңіз әр адам бойына күш пен қуат береді,тіпті мотивация деуге де болады.Элпилердің қолдауының арқасында сіздерді әлі биік шыңдардан көретін боламыз.Бақытты өмір жолын тілеймін сүйікті Альфа❤️.Және Сарыағашқа келсеніздер🥹❤️
Тикток_alpha.a57 , Айым & Айару!


Сендерге бүгін ерекше алғыс айтқым келеді. 4 жыл бұрын басталған сапарларың — бүгінгі күні мыңдаған жүректерге жол тауып отыр.
Сендердің әр әндерің, әр сөздерің, әр қадамдарың – біз үшін үлкен мотивация, шабыт.

Сендермен бірге мен де өстім. Қиын сәттерде сендердің әндерің жанымды жұбатты, жақсы күндерде бірге қуандым.
Музыкаларың тек құлаққа емес, жүрекке де әсер етеді. Сол үшін мың алғыс.

4 жыл — үлкен жетістік, бірақ ең кереметі әлі алда! Жаңа әндер, үлкен сахналар, жаңа фанаттар – бәрі алда.
Ең бастысы – шынайы бола беріңдер, жүректен шыққан өнер ешқашан ескерусіз қалмайды.

Сендерді жақсы көрем, әрдайым қолдаймын! 💫
Тек алға!

С любовью❤️
Тт: ALPHA_LOVE^^


Йо, ALPHA!

4 жылдық сапарыңдар – нағыз легенда! Музыкаларыңды тыңдағанда, әрбір бит жүректі ұрып өткендей сезіледі. Сахнадағы энергияларың – pure vibe, шынайылықтарың – ең үлкен күштерің. Сендер бізге тек музыка емес, нағыз lifestyle сыйлайсыңдар.

ALPHA – бұл street culture мен шынайылықтың символы. Әр тректерің – тыңдарманға мотивация, ал фанаттарыңа сенім береді. Төрт жылдық жолдарыңды көріп, өз арманыңа ұмтылуға шабыт аласың.

Keep going up! Бәріміз сендермен бірге, алда бұдан да үлкен тарих жазатынымызға сенімдіміз. Қайта-қайта repeat-ке қоятын жаңа хиттер күтеміз.

Respect пен махаббат әрдайым сіздерге! Stay real, stay ALPHA!

Instagram: zhandoso1vna.a
Атым:Асем


Сәлем,көзді ашып жұмғанша менің өмірімнің біраз бөлігін алатын,өлеңдерімен,өздерімен қуантып жүрген әртістерге 4жыл.Кейбіреуі үшін 4жыл-жай зымырап өткен уақыт болса,сендер үшін бұл 4 жыл-қуаныш,өкініш,шаттық кейде мұң аралас уақыттар болды.4жылдың ішінде 30дан астам әндеріңмен,бірнеше турларыңмен,клип,посттарыңмен қуанттыңдар.Фандомның атауын да қойдыңдар,бұл фандом-өте ыстық,әрі тату фандом.Сендердің әрқайсыларың біз үшін қымбатсыңдар және керексіңдер.Топта неше түрлі “өзгерістер” болғанымен де,қалай барсыңдар,солай ұнайсыңдар.4жылда бақыт пен күлкі сыйлағандарыңа рақмет.Сендерді неше түрлі әлемдік турлардың төрінен көреміз деген үміттеміз.Әр күлкімнің себепкері болғандарыңа алғысым шексіз.Сендермен соңына дейін баруға дайынмын.Мен сендерді жпқсы көрем🩶.

inst:bksltnqz_(Айару)


Альфа және Альфа тим. Мен сіздерді Альфа тобының 4 жылдығымен шын жүрекпен құттықтаймын. 4 жыл бірге болып, бір-бірлеріңізге қолдау беріп, әрқашан жандарыңыздан табылып келе жатқандарыңыз үшін қуаныштымын. Болашақта әлі-ақ әлемдік деңгейге жетіп, өздеріңізді мойындатасыздар деген сенімдемін. Және сол кезде дейін де кейін де сіздерді қолдап, фандомдағы басқа да L&P-термен бірге боламын деген үміттемін.
Сіздер менің өмірімнің бір бөлшегі болып кеттіңіздер. Мен сіздерді танығвлы қолымнан келгенінше қолдап жүрмін. Және оған ешқашан да өкінбеймін.
Сіздер мені өздеріңіздің дауыстарыңызбен, әзілдеріңізбен, өз жанкүйерлеріңізге деген көз қарастарыңызбен баурап алдыңыздар.
Мен сіздердің әрбір еңбектеріңізді бағалаймын. Аз да болса көптей көріңіздер. Ойымды онша жинақтай алмадым. Барлықтарыңызды жақсы көремін. Аман болыңыздар!♡
By:N.B_merry_me🤍 (Inzhu)


Сәлем, ALPHA!
Сәлем, менің екінші ОТБАСЫМ!

Шыны керек, сіздерді танығаныма тек бір жыл болды. Сол бір жылдың ішінде қаншама қызықты оқиғалар мен бұрын-соңды сезініп көрмеген жылулықты сезіндім. Коззиға рахмет 2024 жылы Беу фестте сәл біртүрлі хейтке қалған кезге. Егер сол оқиға болмаса, мен бұрынғыдай “Ой, Альфа тобы ма, иә-иә” деп жүре беретін едім. Сол кезде хейтке қарамай нақты не болғанын білуге тырысқанымда, қалай сендердің фанаттарың болып кеткенімді сезбей де қалдым. Бірақ өкінбеймін.

Коззи – мен үшін ең ерекше адам. Артис ретінде де, қарапайым әдеттегі адам ретінде де. Топтағы рөлі, парттары өте ерекше, мен үшін бөлек вайб. Жеке фристайл, әндері болса да… Қарапайым әдеттегі адам ретінде де солай, нақты білмесем де ұқсастықтарымыз арқылы сипаттай аламын. Маған ұнайды ұқсастықтарымыз. Мысалы, сол қолмен жазуымыз, местикаға сәл де болсын сенуіміз, мектепте буллинг жасау, ахахаа болды, қойдым.

Алғаш дұрыстап зерттеп қараған кездері, фанат ретінде алғашқы тыңдаған әнім – “Тартады” болды. Абу мен Аяудың фиті.
Абу – ерекше қоңыр дауысы тартымды. Мен үшін сәл мінсіз көрінетін адам. Табиғаты да бөлек. Тісінде темірі бар ерке бала.

Ақжол – өзгеше, қызықты вайбқа толы адам. Оның стилі де қызықтырып қана қоймай, әдемілік, жылулық сыйлайды. Оның күнделікті дауысы қатты ұнайды. Себебі – сабырлы, салмақты. Кейбір сұхбаттарға қарап, оны бөлектетушілік көрген адам ұқсата алмаймын. Өзіне деген сенімділігі, басымдығы маған қатты ұнайды. Уашиши, уашиши.

Эиби – мен үшін тым камфортный адам. Үнемі жадырап, күліп, өзіне сенімді жүреді. Ол не істесе де жарасады, қылықтарын қатты ұнатамын. Кейбіреулер: “Эибимен қалсам, ұрысып қалмаймын ба?” – десе, менде керісінше, тоқтаусыз әңгіме айтатын секілдімін.

Ал жалпы Альфаға айтарым – үлкен алғысым шексіз, тіпті сол үшін де бас иіп аламын. Сіздердің арқаларыңызда мен өзімнің нақты немен айналысқым келетінімді ұқтым және алыста болса да, жақындай жылулық алдым. Сіздердің әндеріңіз арқылы мен де басқалар секілді өзімді таптым деп қысылмай айта аламын. Сіздер мен үшін үлкен бір галактикаға айналған жансыздар. Альфа маған салса – 91-мен бірдей тұр деп айта аламын. Себебі 91 бақыты – балалық шақ пен еріксіз қиял-арман жолын ашса, Альфа – қазіргі өмірімнің маңызды тұсындағы нақты таңдау жасауға көмек бере алған жандар.

Менде рэппер болғым келеді. Кішкентайымнан сәл-пәл қызығатынмын. Бірақ өмірімнің белгілі бір бағытынан шатасқанымның ауырлау соққыларын көргенде, тек сіздердің әндеріңізбен 24/7 жүре алдым. Солай әндерді жалықпай қайталап, тұрсам да, жатсам да, ары-бері жүріп қозғалсам да – Альфа болды.
Коззидің 16 жасынан “Проджик Х”-қа барғаны – маған өте-өте үлкен шабыт көзі болды. Себебі мен де солай жобаға қатыспасам да, осы шақта – 16 жасымда – тексттер жазып жүрмін.


сәлееем alpha !!
Сендердің 4 жылдықтарында жетіп қалыпты.) Сенер алар емеспін, сендермен бірге өскеніме, жылап күлгеніме 4 жыл болыпты.Сендердің әрбір сәттерің - дебют, алғашқы СОЛО концерт, алғашқы тур, жеңістер, көптеген номинациялар көз алдымыздан өтті !🥹сендердің әр әндерің әр l&p ге мотивация, сенім сыйлайды.Ал айтарым. Осы 4 жылда сахнада тек өнер көрсетіп қана қоймай, сахнаны толықтай ЖАРДЫҢЫЗДАР. Сахнаға шыққан сайын от болып, өздеріңіздің стильдарынызбен харизмаларынызбен таңғалдырасыздар ))Осы 4 жылдың ішінде үлкеен аудитория жинадыңдар, қаншама адамдарды өздеріңізге назарларын аударттыныздар.бұл сендердің мықты екендеріңді дәлелдейді )) 

сендердің өнерлеріңзбен танысқаныма, сіздерді осы күнге дейін қолдап,шын жүректен жанкүйіріңіз болғаныма қатты қуаныштымын! бірақ дәл солай өкінетінім сендермен әлі кездесе алмағаным. Сендерді қааатты көргім келеді, тым болмаса 1 сәтке ! ❤️‍🩹

Ізгі ниетпен: інжу; darynux 
Inst: darynux_xx1



Сәлем, ALPHA  
Шынымды айтсам, бұл хатты жазу оңай емес  
Өйткені жүректегі сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес сияқты  
Сендер менің өміріме жай ғана музыка емес, жылулық әкелдіңдер  
Қиын сәттерде сендердің әндерің мені құтқарды  
Кейде бәрінен шаршағанда, сендерді тыңдап жылайтынмын  
Сол кезде өзімді түсінетін біреу бардай сезінетінмін  
Сендер мені ешқашан көрмесеңдер де, мен сендерді үнемі жүрегімде алып жүрем  
Сендермен бірге күліп, бірге жылаймын  
Әр жеңістерің – мен үшін де қуаныш  
ALPHA деген ат тек топ емес, ол мен үшін ерекше мағына  
Рахмет бәрі үшін  
INSTAGRAM: @Zholified  
Атым: Балауса


Альфа Сәлем бәріңе Қалайсыңдар Шаршамадыңдарма Мен фандомға келгеніме 1жыл болды осы бір жыл ішінде маған өте көп эмоция мен керемет көңіл күй сыйладыңдар Барлықтарыңды бірдей жақсы көремін бұрында биасым Абу болатын бірақ сонғы кездері сендерге интересім кетіп қалды сондықтан биасымды ауыстырдым қазіргі кумирім Козяш ал врекер Абука Абушка сен маған ренжіме сені ұмытқан жоқпын ұмытпаймын да екеулерің де жүрегімдесіңдер Ай Энби сендерді де ұмытпаймынғой Ай шашын алғанға қатты таңғалдым көзім әлі де үйренбеді Ал енді осындай мүмкіндік болғанына да шүкір концерттеріңе бармасам да ішімдегіні сөзбен жеткізгім келеді Сендерді қатты жақсы көремін өмірімнің бір бөлшегісіңдер Әліде талай биік шыңдарды бағындыратындарыңа сенімдімін Сәлем жолдасаңдар жақсы болар еді Ник-aizzalpha атым-Айзере
Ал мен хатымды аяқтайын Сау болыңдар жақсы көремін


Қымбатты ALPHA! 
Сіздер тек музыкалық топ емессіздер — сіздер мен үшін шабыт, күлкі, жүректегі ерекше толқу.Әр ән — эмоция, әр бейне — тарих, әр қимыл — өнердің шыңы.Мен сіздермен бірге күліп, ән айтып, арманға ұмтыламын.  
N.B, ABOO, I, QOZZY— әрқайсыңыз жеке әлемсіздер, ал бірге — тұтас ғаламсыздар.Сахнадағы харизмаларыңыз бен өмірге деген көзқарастарыңыз мені шабыттандырады.  
ALPHA — бұл жай ғана музыка емес, ол — менің күндерімді жарық ететін сезім, жүректі тербеткен жылу.Біз сіздермен әрқашан біргеміз. Қаншалық биікке самғасақ та, сіздерді мақтанышпен қолдаймыз!Сүйіспеншілікпен,  
Ақниет (Акон)
Instagram: @aknie_t0413


Бүгін сіздердің 4 жылдық мерейтойларыңыз. Мүмкін, мен сіздерді бар болғаны бір жыл ғана танысам да, осы уақыт ішінде жүрегіме ең жақын адамдарға айналдыңыздар. Кейде өзім де түсінбей қалам- неге дәл сіздер? Бірақ жаныммен сезем,сіздер менің өміріме жарық сыйладыңыздар.

Қиын сәттерде күлімдегендеріңізді көру, жай ғана “бәрі жақсы болады” деген бір сөзіңіз – маған үміт болды. Сіздердің әндеріңіз менің жанымды емдеді, ал жылы сөздеріңіз – жаныма медеу болды.

Сіздерге қарап, мен де өмірді жақсы көруді үйрендім. Еңбектеріңіз, бірлік пен шынайылықтарыңыз – нағыз шабыт. Сіздер мен үшін жай ғана “артист” емессіздер. Сіздер менің жанымның бір бөлшегісіздер
 
Мен сіздердің әрбір жетістіктеріңізге шын жүректен қуанам. Жасаған еңбектеріңіздің ешқайсысы босқа кеткен жоқ. Сіздер осы әлемге тек музыка емес, жүрек жылуын алып келдіңіздер. Сіздерді танығаным – мен үшін бақыт.
4 жыл – сіздердің өмір жолыңыздың бір ғана кезеңі. Алда одан да жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін. Мен әрдайым сіздермен біргемін. Өмірімде болғандарыңызға алғыс айтам. Сіздерді қатты жақсы көремін!Жүрегім әрдайым сіздермен🤍🫂

instagram:alphaboola
name:Лиана


Қымбатты және сүйікті Alpha🫶🏽🫧
Сіздердің 4 жылдық жолдарыңыз — тек музыкалық жетістік емес, мыңдаған жүректі біріктірген махаббат тарихы.💗 Әр ән, әр сахна, әр бір сәт — жүрегімізге жол тауып, үміт пен шабыт сыйлады. Мен үшін сіздер — жанға тыныштық сыйлайтын дауыс, қараңғыда жарық жаққан жүрек шамы секілдісіздер✨. Мейлі, алыс болсам да, сіздерге деген махаббатым шексіз. Өмірімнің ең нәзік эмоциялары сіздермен байланысты. Сендерге үлкеен рахмет айтамын, өмірімде пайда болғандарың үшін, маған өте жылы естеліктер сыйлағандарың үшін. Мен сендердің биіктерден көрінүлеріңді қалаймын. Осыдан кейнгі концерттерде шет ел сахналарында көрісү бұйырсын.
Сіздердің әндеріңіз, шынайы энергияларыңыз, бірлігіңіз — бәрі маған үміт пен күш берді🫠. Қанша қиын күндер болса да, сіздермен бәрі жеңіл өтетіндей. Әрбір шығармаңыз жанымды емдеп, жүрегіме шуақ шашады. Мүмкін мен қазір қасыңызда емеспін, бірақ әр уақытта сіздермен біргемін — жүрегіммен, ойыммен. 
Осы төрт жыл — бастамасы ғана.
СЕНДЕРДІ ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМ🩷
love ya🩶
Сүйікті Love&Peace: ЛЕЙЛА🫴🏽
ig: miss.le1la_


хай хаай альфа! вам уже 4 года. как быстро летит время. я вам желаю всего самого лучшего. будьте уверены в себе. могут быть хейт, непринятие, и  всё такое.  но, вы же понимаете что быть артистом, это как обойти эверест.  по дороге будет очень сложно, камни , ветер, туман. это как хейт. но вы должны это всё обойти чтобы доказать себе  что вы не какой то артист, а уже зрелый, опытный  артист. я верю в вас. 
инст:nurlylau name:nurly


қымбатты Alpha 4 жылдықтарын құтты болсын🤍. 4 жыл бұрын сендер алғаш сахнаға шығып, өз жолдарыңды бастадыңдар. Кім ойлаған еді, осы бір қарапайым жігіттер мындаған адамдардын жүрегін жаулайды деп.Сендер маған шынайы өнердің, еңбектің, достықтың, жанкүйерлерге деген махаббаттың не екенің көрсеттіндер. Осы 4 жылдың ішінде қанша естен кетпес сәттер болды: алғашқы дебют,концерт,хит,соло проекттер.бірақ қанша биік көтеріліп жатсандарда ешқашан элпиларды ұмытпай,көнілдерінді бөліп,қолдау беріп жатқандарына рахмет! 4 жыл ішінде сендер мыңдаған адамның өмірін өзгерттіңдер. Мен соның бірімін. Сендерді тыңдаған сайын өзімді мықты сезінем. Сендер арқылы армандауды,ешқашан берілмеуді үйрендім. тек қана осы 4 жыл емес,алдағы жылдар да сендер үшін жарқын болсын,талай жетістіктер алуларына тілектеспін.топтын әр мүшесіне рахмет айтамын🫶🏻 шексіз жақсы көремің,жәнеде не болсада әрдайым қолдауға дайынмын🫂 
махаббатпен:Анеля 
ник в инсте:my.abooo_


Сәлем, ALPHA.
Бұл хатты сіздерге деген алғысымды жеткізу үшін жазып отырмын. Сіздер менің өмірімнің ең керемет бөліктерінің бірісіздер. Әрқайсыларыңыз  – мен үшін ерекше адамсыздар!
Осы ALPHA-тобындағы әр мүшелердің ерекше қасиеттері.👇🏻
Абука – Абука өте сүйкімді, оның бізді еркелеткені өте қатты ұнайды.
Энби – Энби мен үшін маған бір мотивация беретін адам деп айтсам болады. Энби әр эфирде отырғанда күшті, күшті қылып мотивация береді. жәнеде маған Энби дің харизмасы ұнайды. Харизмасы адамның көзіне от болып жанып тұрады, жәнде самооценка сы қатты ұнайды. жалпы айта берсең көп енді.
Ай-Ай – үнемі позитив пен энергия тарататын жан. оның күлкісі мен қылығы жанды жылатады.
Коззи – Коззи көбінесе фанмитинг ке барған кезде күшті сөйлесесің ғой. ешкім сөйлеген жоқ па? ренжіткен жоқ па? деп сұрайды ғой.
ALPHA-Сіздерге үлкен алығысымды айтқым келеді.Сіздер біздер үшін бәрін істеуге тырысып жатсыздар,бәріне үргеліп бәрін,үтір,нүктесіне дейін істеп шығарып жатсырсыз дар.Осы уақытқа дейн біз үшін тынбай жұмыс істеп, концерттерге шығып,тур жасағандарыңыз үшін үлкен рақмет-ім ді айтамын.Жәнеде алдағы уақытта сіздерге шабыт,бақыт, махаббат тілеймін.Сіздерді жақсы көремін🫂🫰🏻!
Махаббат пен:alpha_queen🫰🏻❤️


Құрметті Альфа тобы 

Сіздерді шын жүректен Альфа тобының 4 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Төрт жыл бойы бірге келе жатқан жол — бұл тек уақыт емес, бұл – достық, сенім, ортақ жеңістер мен естеліктерге толы шынайы тарих!

Әрқайсыңыз – осы топтың ерекше бөлігі, мықты тұлға, өз рөлі бар маңызды жансыз:

 Qozzy – креатив пен энергияның қайнар көзі, кез келген бастаманың жүрегі.
 NB – терең ойлы, сабырлы әрі сенімді тірек, топтың ішкі тұрақтылығы.
 Abu – әзіл мен шынайылықты қатар алып жүретін рух көтеруші, нағыз көңіл-күй генераторы.
 I – жұмбақ та ерекше, бірақ әрқашан жанашыр, бәріне өз үнін қосатын тұлға.

«Альфа» – жай ғана атау емес, бұл — стиль, жанр, мәдениет, отбасы.

Алда әлі талай қызықтар мен жеңістер күтіп тұр. Осындай берік достық, шығармашылық шабыт пен бірлік ешқашан сөнбесін!

Төрт жыл — бұл үлкен жетістік, берік бірлік пен үздіксіз еңбектің айғағы. Осы жылдар ішінде сіздер көп белестерді бағындырдыңыздар, талай сынақтардан өтіп, нағыз командаға айналдыңыздар.

Альфа — тек атау емес, ол сенімнің, жауапкершіліктің, алға ұмтылудың символы. Әрқайсыңыздың еңбектеріңіз, қолдауларыңыз бен бір-біріңізге деген құрметтеріңіз топты мықты етті.

Алда бұдан да зор табыстар, биік белестер күтіп тұр деп сенемін. Ұжымдарыңыздағы жылулық, ұйымшылдық пен позитив ешқашан жоғалмасын! 

Хатты жазған ggulnazz_


Сәлем! Қалдарыңыз қалай? Сіздерді 4 жылдық туған күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Осы уақытқа дейін, арман жолында қаншама қиындықтарды бастан өткізсеңіздер де, берілмей, тек алға, ұлы мақсаттарға ұмтылып, біздерді әдемі әндеріңізбен, креативті және қызықты контенттермен қуантып жатқандарыңызға мың алғыс! Осы әлемде бар болғандарыңыз қандай жақсы. Сіздер мені, мен сіздерді шын өмірде танымасам да, менің экрандық достарыма айналдыңыздар. Біздерді шынайылылықпен, еңбекқорлықпен және өнерлеріңізбен баурап алдыңыздар. Сіздердің арқаларыңызда өзіме деген сенімділік артты, өмірім түрлі түске боялды. Осыған дейін қанша отандық әншілерді ұнатып тыңдасам да, ешқашан олардың концерттеріне баруды қаламаппын. Бірақ сіздерді таныған соң өмірімде алғаш рет қазақстандық әншілердің концертіне баруды қаладым.
Alpha тобын осы жылы жазда таныдым, көп қызықтан қалып қойғаным өкінішті. 
Әндеріңіздің мағынасы да әуені де зор, құлаққа жағымды және бірден жүрекке жетеді. Алдағы уақытта да осындай мәнді де сәнді өлеңдеріңізді күтетін боламын. 
Сіздерге шығармашылық табыстар, өнерде жетістіктер, өмірде бақыт тілеймін. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер! Бұйырса, әлемдік әнші деңгейіне жетіп, әр түрлі елге турмен бару нәсіп болсын, сіздерге сенемін және қолдаймын! Болашақта…бүкіл әлемге танымал болып, түрлі жерлерді аралап кетсеңіздер де, сіздерді әрдайым туған жерімізде құшақ жая күтетін боламыз…
Жылы лебізбен, қарындастарыңыз Малика, _malika_kz


Құрметті Альфа тобы,
Төрт жылдық белеске жеткендеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.Осы уақыт аралығында өнер жолында үлкен қадам жасап,көпшіліктің жүрегіне жол таба білдіңіздер.Әрбір шығармаңыз тыңдаушылардың жан дүниесіне әсер етіп ерекше сыйлады.
Сахнадағы харизмаларыңыз,музыкалық шынайы эмоцияларыңыз арқылы жастарға үлгі болып келесіздер.Шығармашылықта алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, одан әрі өркендей берулеріңізге тілектеспін 
Бірігей стильдеріңіз бен кәсіби ұстанымдарыңыз отандық музыка кеңістігінде дара орын алуға жол ашты.
Көп еңбектің,маңдай тердің нәтижесі ретінде бүгінгі бүгінгі табыстарыңыз зор құрметке лайық.
Алда әлі де көптеген жетістіктер,әсерлі туындылар,үлкен сахналар бар екеніне сенемін.Қашан да биіктен көрініп,тыңдарман қауымға қуаныш сыйлай беріңіздер.
Табыс,шабыт және шығармашылық серпін тілеймін ❤️
Ізгі ниетпен,
Aierke_21,Айерке


салем салем, альфа🤍!

бүгінгі келіп жеткен төрт жылдықтарыңмен шын жүрекпен құттықтаймын. сендер бұдан да биік белестерге лайықсыңдар. әрқашан сендерді қолдап, жылулығымызды беруге дайынбыз🥹. қандай шешім қабылдасаңдар да, біз сендерді жандарыңдамыз🤍.

фандомға келгелі тым қатты өзгердім, әрине жақсы жағынан. және де бұл сендердің арқаларың деп айта аламын. әр өлеңнің сөздері мағыналы, адамға ерекше ой түйгізеді. және де, фанаттарға, яғни элпилерге деген қарым-қатынастарың ерекше көрінеді.

әрқашан езуіңді жимай күліп жүру, осы өмірдің мәні екен. және, осыны сендер арқылы білдім, сезіндім. сендерді танымай тұрып өмірім мүлдем басқаша еді. қызықсыз, бос уақытым көп. ал қазір, барлығы өзгерді.

ең бастысы, ешқашан берілмей, әлемдік деңгейге жетулеріңді тілейміз. және де, сендерді қолдайтын біз, яғни ловэнпистер бар екенін ұмытпаңдар. 10жылдықты да дәл осылай, әлемдік деңгейде тойлайды тілейміз. қатты қатты жақсы көремін❤️❤️.

by: donermennr:)


Сәлем, менің жүрегіме жол тапқан Альфа.
Сендерді танығаныма бар болғаны тоғыз ай ғана болды, бірақ бұл аз уақыттың өзінде мен қатты өзгердім. Әндерің, сөздерің, сахнадағы жанарларың – бәрі маған сенім мен жылулық сыйлады.
Сендер арқылы мен алғаш рет армандарымды шындап қуалағым келді. Жүрегімде бос орын болған секілді еді – сендер келдіңдер де, сол жерге үміт, шабыт, махаббат ұялаттыңдар.
Мен сендерді ұзақтан бері білмесем де, сендермен бірге болған осы аз уақыттың өзі мен үшін ерекше, мәңгі есте қалар сәттерге толы.
Төрт жыл – үлкен белес. Сол жолда сендердің жанкешті еңбектерің мен бірліктерің маған үлгі болды. Рақмет сендерге. Сендер менің жүрегімдесіңдер.
Аккаунт: salt_t2010  атым: Салтанат


Дорогие участники группы ALPHA!

Сегодня для нас — особенный день.
Вот уже 4 года, как вы дарите нам свою музыку, энергию и искренность. От всей души поздравляем вас с этой важной датой!❣️

С самого первого дня вы стали частью нашей жизни. Каждая песня, каждый клип, каждое выступление — это не просто творчество, а настоящие эмоции, моменты счастья и вдохновения.

Спасибо вам за труд, за силу, за тепло, которое мы чувствуем через ваши голоса и движения. Вы — наша гордость, наша мотивация, наше вдохновение.

Мы, ваши фанатки, всегда рядом — в сердце, в мыслях, в поддержке. Мы растём вместе с вами, верим в вас и очень сильно любим.

Пусть впереди вас ждёт ещё больше достижений, счастливых моментов и настоящей любви от слушателей.
А мы, как и всегда, будем рядом. Всегда ALPHA, всегда с вами.🫰🏻

– nazeka.
[ nazeka_q1 ]


Сәлеметсіздер ме Альфа, қалайсыздар? Меніңше сіздерде бәрі жақсы. Сіздерді 4-жылдықпен шын жүректен құттықтаймын. Болашақта көптеген жетістіктерге жетесіздер деп үміттенемін. Сіздердің, сіздерді қандай жағдай болса да қолдауға дайын, мәңгілік қолдаушыларыңыз барын ұмытпаңыздар. Сіздер менің өмірімде ерекше орын аласыздар. Сіздердің әр өлеңдерініңіз маған мотивация береді. Егер көңіл күйім жоқ болса, сіздердің видеоларыңыз, жеткен жетістіктеріңіз мені қуанатады. Басқа адамдар сіздер туралы не ойлайды, не айтады, маған бәрі бір, егер бүкіл әлем сіздерге қарсы болса, мен әлемге қарсы тұрамын. Сіздердің өз жанкүйерлеріңізге деген махаббаттыңыз, қолдауларыңыз, мені сіздерге жанкүйер болуға себепші болды. Сіздер барлығына көңіл бөліп, ешкімді ренжітіп алмауға тырысасыздар,сол қасиеттеріңіз маган өте қатты ұнайды.

Ал, енді жеке-жеке тоқталайық.

1.Абу. Абу ол менің осы love&peace фандомына келуіме себепші болды десем де болады. Себебі, мен Абудың арқасында ғана сіздерді таныдым. Сіздерге жанкүйер болдым. Сол себептен Абу мен үшін үнемі бірінші орында. Абу-өте мейірімді, қарапайым бала. Ал, даусына келер болсақ, оның қоңыр даусы кез-келген жанды өзіне баурап алады.

2.Энби. Энби өте ерекше адам. Ол басқаларға ұқсамайды. Мен Энбиды оның шыншылдығы, барлығын айтып тастайтын қасиеті үшін жақсы көрем. Энбидың вокалдық қабілетіне ешкім ілесе алмайды десем артық етпес. Энбиды Димаштан кейінгі мықты артист деуге де болады. Ал, самооценкасына келсек, оның самооценкасына ешкім жетпейді.

3.Ай. Ай өте ақкөңіл, әрі сүйкімді. Ай өте батыл деп айта аламын. Себебі, ол осы уақытқа дейін қаншама қиындықтарды басынан өткерді, оның өткерген қиындықтарына кей адамдар шыдай да алмайтын еді. Айдың даусы ешкімге ұқсамайды, өте нәзік дауыс.

4.Коззи. Коззи-тяжёлый люкс для женщин. Коззидын ән жазу қабілеті маған қатты ұнайды. Және ол еш нәрседен қысылмайды бәрін ашық айтады. Осы қасиеті үшін ол ерекше адам. Ал, рэпты айтқанда енді оған айтарға сөз жоқ. Зак пен Эйзидан кейінгі үздік рэпер деп айтуға болады.

Негізі айта берсен, өте көп сіздер жайлы тіпті кітап шығаруға болады, мүмкін болашақта шығыпта қалар. Ең бастысы өздеріңізге сенсеңіздер болғаны. Ең бастысы - сенім. Мен сіздерді қандай жағдай болса да қолдаймын. Болашақта сіздерді әлемдік деңгейде, үлкен сахналар да көру бұйырсын. Мен сіздерді мәңгі қолдап, өтемін. 

Ізгі ниетпен Нұр(Гүлнұр).
nur.countlee, gulnur.


Сәлем Альфа мен сендерді жақсы көремін сендер маған ен бірінші көргеннен ұнадындар бірінші рет көргенде ғашық болдым❤️барлығының дауыстарын стильдерін өте ерекше және керемет мен әрине сендерді көргім келеді бірақ мен басқа қаладанмын бірақ не дегенмен үмітім үзілмейді мен сендерді өмірімде бірлет болсын көремін деп армандаймын Ешқашан қанаттарын талмай алға қарай ұмтылып жүре беріндер сендерге айттылған сөздерге мән бермендер.Міне уақыт зымырып 4жылда болды сол 4жылдықта сіздермен бірге қуанышта да қайғыда да бірге болдық сендерді құттықтаймын және сендерге көп рахмет🎊🎀
Шығармашылықтарың шыңдала берсін,
Әрбір сахна — жаңа жеңіс,
Әр ән — жүрекке жол тапсын!
БІЗ БӘРІМІЗ БІР ОТБАСЫМЫЗ💞
Тек алға, Альфа! 🌟


Құрметті Альфа,
Төрт жылдық шығармашылық жолдарыңызбен құттықтаймын. Осы кезеңде өнерге деген көзқарастарыңыз қалыптасып, тыңдарманмен тұрақты байланыс орнады. Жобаларыңыз мазмұн жағынан әртүрлі, музыкалық тұрғыдан ізденіске толы болды. Әрбір жұмыста жаңа идея мен сапалы орындау байқалды.

Топтың құрылу сәтінен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму жолы көп еңбекті талап етті. Жетістікке жету жолында кезіккен қиындықтарға қарамастан, ұжым бірлігін жоғалтпады. Бұл – ішкі тәртіп пен мақсатқа адалдықтың нәтижесі.

Музыка арқылы қоғамдық пікірге әсер етіп, жастардың дүниетанымына өз үлестеріңізді қостыңыздар. Көрермендер үшін тек орындаушы емес, бағыт көрсетуші ретінде қалыптастыңыздар. Өзгеше көзқарас пен жүйелі жұмыс – кәсіби деңгейдің белгісі.

Алдағы уақытта да тың бастамалар, сапалы жобалар мен жаңа жетістіктер күтеміз. Өз жолдарыңызды жалғастыра отырып, көркемдік кеңістікте тұрақты орын алатындарыңызға сенім мол. Ізденіс пен даму үдерісі үзілмесін.

Құрметпен,
Nabira70892023,nazerke


Сәлем, ALPHA тобы!

Биыл сіздердің құрылғандарыңызға 4 жыл толып отыр. Осы ерекше мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің таланттарыңыз, шығармашылықтарыңыз және еңбекқорлықтарыңыз Q-pop әлемінде жарқырап, жанкүйерлеріңізге қуаныш сыйлап келеді.  

Осы төрт жыл ішінде сіздер көптеген жетістіктерге жетіп, өз стиліңізді қалыптастырып, жаңа деңгейге көтерілдіңіздер. Әрбір әніңіз бен әрбір биіңіз — ерекше энергия мен шабыттың көрінісі.  

Алдағы уақытта да талмай еңбек етіп, армандарыңызға жетіп, үлкен табыстарға қол жеткізулеріңізді тілеймін. Сіздердің шығармашылығыңыз әрі қарай дамып, халық арасында кеңінен танылсын.  

Сәттілік, шабыт және денсаулық әрқашан сіздермен болсын! ALPHA тобының жанкүйерлері сіздерді әрдайым қолдайды.  

Ізгі тілектермен,  
[Ақзере]
Instagram:akzerr1


Сәлем, менің жүрегімнің төрінен ерекше орын алған – Alpha!

Сендерді 4 жылдық мерейтойларыңмен шын жүректен құттықтаймын!
Осы төрт жылдың ішінде талай өзгеріс пен жаңалық болды. Сендер көптеген жетістіктерге жеттіңдер. Әр жанкүйердің жүрегіне жол тапқан үздік әндер, альбомдар мен бейнебаяндар ұсындыңдар. Басқаларда болмаған ерекше форматтарды алғаш болып іске асырдыңдар.
Және бұл – сендердің еңбектеріңнің, табандылық пен шынайы адалдықтарыңның нәтижесі.

Осы төрт жылда қуаныш пен шаттық, қайғы мен сабыр, төзім қатар жүрді. Бірақ сендер әр қиындыққа қайсарлықпен қарсы тұра алдыңдар, барлығын жеңіп шықтыңдар.
Сендермен шын жүректен мақтанамын!

Мен де сендерді бақылап жүргеніме 4 жыл, ал шын жанкүйер болғаныма 2 жыл толып отыр.
Осы 2 жыл – менің өмірімдегі ең бақытты сәттердің бірі болды. Сендердің әндерің мені күйзелістен алып шықты, көңілімді көтерді. Қай кезде де жанымда болғандай әсер еттіңдер. Әндерің мен сендердің өздерің – өмірімнің бір бөлшегіне айналдыңдар.

Тілегім – бақыт, шаттық, бақ-береке және зор денсаулық.
Өнердегі жолдарың ашық болсын. Жетістіктер мен биік белестерге жетулеріңе шын жүректен тілектеспін.
Ешқашан тоқтамаңдар – сендерді болашақта әлемдік деңгейден көремін деп сенемін!

Сендер – үздіксіңдер. Сендермен мақтанамын.
Қатты жақсы көремін. Келесі жүздесуімізді асыға күтемін. 🤍

inst : @_.zhaksylyk_n (Назерке)


Қымбатты ALPHA тобы!

Сендерді 4 жылдық мерейтойларыңмен шын жүректен құттықтаймын! Төрт жыл — жай ғана уақыт емес, бұл армандар мен еңбекке толы үлкен жол. Осы жылдар ішінде сендер мыңдаған тыңдарманның жүрегін жаулап, өнер әлемінде жарқырап, биікке көтерілдіңдер.

Сендердің әрбір әндерің, сахнадағы харизмаларың, бірліктерің мен энергияларың бізге шабыт пен қуаныш сыйлайды. ALPHA – бұл жай ғана топ емес, ол нағыз эмоция, ерекше әлем, жанымыздың бір бөлігіне айналған.

4 жылдыққа арналған жеке концерт – біз үшін нағыз мереке! Осындай маңызды күнді бізбен бөліскендерің үшін үлкен рақмет. Алдағы уақытта да шабыттарың таусылмасын, армандарың орындалып, әлем сахналарын бағындыра беріңдер! Сендерді қатты жаксы көрем.❤️

Ізгі тілекпен @o__erkezhan


Қымбатты ALPHA тобы,

Сіздерге алғысым шексіз. Музыка мен өнер жолына шабытты дәл сіздер арқылы алдым. Әрқайсыңыз өз талантыңызбен тамсандыра білесіздер. «Сенің қолыңнан бәрі келеді» деген сөзді әндеріңнен-ақ сезінемін. Тек алға баса беріңіздер. Алла қаласа, бұл тек 4 жылдың бастауы ғана болсын. Ең бастысы – әрқашан бірге болыңыздар.

Ақжол, сені алғаш көрген сәттен бастап, даусыңа ғашық болып, фанатың атандым. Қазір де солаймын. Сені тек артист ретінде емес, шынайы адам ретінде жақсы көремін. Бұл біртүрлі естілер, бірақ бұл – менің жүрегімнің таңдауы. Сен мен үшін ерекше жансың. Жылулық пен сенімділік сыйлайсың.

Сәттілік пен шабыт серік болсын!

Ізгі ниетпен,
Іңкәр
inst: @abd1bekova_

Сәлем, сүйікті ALPHA!
Менің атым — Назерке, Instagram: @vironika_lp

Мен сендерді алғаш рет таныған сәттен бастап, музыкаға, өнерге, армандарға деген көзқарасым өзгерді. Әр қайсыларыңның сахнадағы образы, энергиясы, тыңдарманға деген қарым-қатынасы ерекше. ALPHA — жай ғана топ емес, бұл — рух, жан мен жүректің үндестігі. Сендер маған көп демеу болдыңдар. Қиын күндерімде әндеріңмен тынышталып, жақсы сәттерімде қуанышымды бірге бөлістім.

Сахнадағы ең кішкентай қимылдарыңнан бастап, үлкен жобаларыңа дейін, бәрі жүрекке әсер етеді. Осы төрт жылда бірге өстік. Мен сендермен мақтанамын. Әлі талай белесті бағындырарыңа сенемін. Сендердің өнерлерің маған шабыт береді.

Бұл — жай ғана алғыс емес, жүректен шыққан шынайы сөздер. Тек алға, ALPHA!

Құрметпен,
vironika


Құрметті ALPHA!

Сіздерге шын жүректен алғыс айтқым келеді. Музыкаларыңыз, сахнадағы образыңыз, әрбір бейнебаяныңыз мен үшін шабыттың көзі. Әр әндеріңізде ерекше мағына, терең сезім бар. Көңілім түсіп тұрғанда сіздердің әндеріңізден жұбаныш табамын, ал қуанып тұрғанда — екі есе бақытты боламын.

Сіздердің әрқайсыңыз ерекше талант иесісіздер. Би қимылдарыңыз, харизмаларыңыз, дауыс тембрлеріңіз — бәрі керемет үйлескен. Әсіресе топтағы бірліктеріңіз маған қатты ұнайды. Жанкүйерлеріңізге деген махаббаттарыңызды әрқашан сеземіз.

Мен сіздерге әрдайым қолдау көрсетемін. Кез келген қиын сәттерде жалғыз еместіктеріңізді ұмытпаңыздар. ALPHA — тек бір топ емес, ол — бір үлкен отбасы. Сол отбасының кішкентай бір бөлшегі болғаныма қуаныштымын.

Алда көптеген жетістіктер мен жарқын жеңістер күтіп тұр деп сенемін! Сіздерді қатты жақсы көремін!

Сүйіспеншілікпен,
Сіздің жанкүйеріңіз:@afok0812

Қымбатты ALPHA тобының жігіттері!🤍
биыл сендерге - 4 жыл.
бұл жай ғана дата емес, бұл жүрекпен сезілетін, терең жол. мен сендерді алғаш «Х» жобасынан таныдым. сол кезден бастап сендер менің әлемімнің бір бөлшегісіңдер.

бір кездері фан-аккаунт жүргіздім. Бірақ сендер байқамаған соң, көңілім қатты түсіп жүрді. бірақ, шынайы махаббат ешқашан өшкен емес. қиын кезде, көңілім жабырқағанда - сендердің әндерің менің тыныш мекеніме айналады.

мен әрқайсыңды шын жүрегіммен жақсы көремін. Ай, Энби, Абу сендер де мен үшін өте қымбатсыңдар.
бірақ коззи, мен үшін ерекше адамсың. сені жүрегіммен, бар болмысыммен жақсы көрем. тіпті, сенен басқа жігіттерге қарай алмаймын. харизман өте тартымды. 
ALPHA - мәңгілік ♾️
шынайы махаббатпен, элпи Инара | in.nurbolatovna🤍


Сәлем ALPHA! Сендердің 4 жылдыктарынмен құттықтаймың осы 4 жылда қаншама кезендер бастарынан өтті,түрлі хейттерде келді брак сендер оны біліп тұрп білмегендей кейт танытып алға ұмтылдындар Ақжолдың іші сезгендей прожект х жобасында бірге болдындар🥹 прожектте құттай балалар едіндер ал қазыр ересек бала болдындар алда әркімнің өз арманы бар, сендерді қолдап келе жатканыма 6 жыл сонау дебють алган кезден бері каншама адамдар кедергі қылып таста деседе тастамай да конца тындап келе жатрм сендерді әрине өмірімде көре алмайм өйткені мен қызылорда да тұрам ал сендер алматыда.Білесіндерме сендерді алғаш таныған кезде сендер құттай бала түгінсіндер Ақжолдын қара шаштарына сынгам,Тлеужан мен Нұрлыбек тің танылып кеткен "-Оған коззи десе ұнамайт қозы десе ұнайд
-әй наобарот
-маган ұнамайт коззи деген қоззы деген кайф емеспе!
-вот көрдінба ол өз мнениесің алдыда маган тыкты"деп бопсалам бір біріңмен қырылгандарынды ұнататынмын,ал абука...абука ол кезде ерекше адам сиякты маган прямм сүйкімді түгн топтын кенжесі сиякты😂🥹 істеген қылықтарыда өзіне жарасад ал қазір😂😂 ересек бала әлі де сол калпы ерке,тағыда сендерді 4 жылдыктарынмен құттықтайм жарқырап жүре беріндер 4 жұлдыздарым,жарыктарынды қосып жарқырап жүре беріндер мен сендермен мақтанам❤️‍🩹🥹
Кәусар 
Тикток акк-tubekkyzy_.k
Инста:tubekqyzy_kaussarr
I love you ALPHA ❤️
Любим вас🥹❤️‍🩹

Сәлем, сүйікті ALPHA

Менің атым — Кәусар
Сіздерді 4 жылдық мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын
Бұл жылдар ішінде сіздер көп нәрсеге қол жеткіздіңіздер, мен бұған қатты қуаныштымын
Топтың әр мүшесі ерекше, сендермен мақтанамын

Мен сендер туралы 2024 жылдың жазында білдім, содан бері сендер менің ең сүйікті тобыма айналдыңдар
Әндерің өте әдемі, жүрекке жылы тиеді
Сендердің жанкүйерлер үшін қалай тырысатыныңды көру — өте керемет
Кейбіреулер ренжітіп жатса да, сендер ешқашан берілмей, армандарыңа жетіп келе жатырсыңдар
Бұл мен үшін үлкен мотивация

Мен әлі концерттеріңе бара алмадым, бірақ бір күні міндетті түрде көрем деп үміттенемін
Сендердің әрбір әндерің мені қуантып, күлдіреді

Мен қазір жаңа SULU әнінің шыққанын қатты күтіп жүрмін
Мен сенімдімін, бұл — ең керемет ән болады
Сендердің өнерлеріңді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, рахмет сендерге

Мен әрқашан ALPHA-мен біргемін, сүйемін сендерді
You will always be my most favorite group

Ізгі тілекпен, Кәусар
Instagram: @sarahsiian_


Сәлем, менің жүрегімнің төрінен ерекше орын алған – Alpha!

Сендерді 4 жылдық мерейтойларыңмен шын жүректен құттықтаймын!
Осы төрт жылдың ішінде талай өзгеріс пен жаңалық болды. Сендер көптеген жетістіктерге жеттіңдер. Әр жанкүйердің жүрегіне жол тапқан үздік әндер, альбомдар мен бейнебаяндар ұсындыңдар. Басқаларда болмаған ерекше форматтарды алғаш болып іске асырдыңдар.
Және бұл – сендердің еңбектеріңнің, табандылық пен шынайы адалдықтарыңның нәтижесі.

Осы төрт жылда қуаныш пен шаттық, қайғы мен сабыр, төзім қатар жүрді. Бірақ сендер әр қиындыққа қайсарлықпен қарсы тұра алдыңдар, барлығын жеңіп шықтыңдар.
Сендермен шын жүректен мақтанамын!

Мен де сендерді бақылап жүргеніме 4 жыл, ал шын жанкүйер болғаныма 2 жыл толып отыр.
Осы 2 жыл – менің өмірімдегі ең бақытты сәттердің бірі болды. Сендердің әндерің мені күйзелістен алып шықты, көңілімді көтерді. Қай кезде де жанымда болғандай әсер еттіңдер. Әндерің мен сендердің өздерің – өмірімнің бір бөлшегіне айналдыңдар.

Тілегім – бақыт, шаттық, бақ-береке және зор денсаулық.
Өнердегі жолдарың ашық болсын. Жетістіктер мен биік белестерге жетулеріңе шын жүректен тілектеспін.
Ешқашан тоқтамаңдар – сендерді болашақта әлемдік деңгейден көремін деп сенемін!

Сендер – үздіксіңдер. Сендермен мақтанамын.
Қатты жақсы көремін. Келесі жүздесуімізді асыға күтемін. 🤍

inst : @_.zhaksylyk_n (Назерке)


Сәлем сәлем
Alpha сендерді 4-жылдықтарыңмен шын жүрекпен құттықтаймын!
Сендер жәй ғана топ емес,бізбен бірге яғни love&peace-пен бірге үлкен «family»болдыңдар. Сендер тек ән айтқан жоқсыңдар-сендер бізге сезімдеріңмен бөлістіңдер,жанкүйерлердің жүрегіне жол тауып. Жанкүйерлеріңнің жүрегінде үлкен орын алдыңдар…   Бұл 4 жылдық тек бастамасы деп ойлаймын. Әлі талай белестерді бағындырып,әлемдік турларыңда бірге 10-20жылдықтарыңды тойлап жүру бұйырсын! Тыңдармандардың сендерге алғысы шексіз. Осы уақытқа дейін керемет туындыларыңмен қуантқандарыңа сендерге рахмет айтамыз. Әр тілек сендерді алға жетелесін дегім келеді. Барлық сәтте бірге болып,бірге күліп өскеніміз үшін алғыс. Сендер менің өміріме келгелі,менің өмірім қызығырақ өте бастады. Сендер тек қана ән емес сонымен қатар маған жаңа эмоциялар,жаңа таныстықтар сыйладыңдар. Алда әлі талай жаңа сахналар,жаңа тыңдармандар,жаңа белестер күтуде. Тек қана еңбек ету керек. Ал қалғанының барлығы өз уақытымен болады;) Барлығы үшін рахмет,love&peace сендермен бірге. 
Сендермен кездескен әр сәтім менің мәңгі жадымда сақталатын болады. Маған осындай қызықты жастық/балалық шақ сыйлағандарың үшін мен сендерге “thank you” айтудан жалықпаймын. Сендерді барлық бастамаларыңда қолдауға дайынмын. Тек сендер шаршамаңдар,талмаңдар.Сендердің әндеріңді тыңдаған кезде/выступленияларыңды көрген кезде өзімді бөлек әлемге кіріп кеткендей сезінемін. 
Nb-дың вокалы тым бөлек ғажап…
A.boo-сенің қоңыр дауысың адамды өзіне баурап алады,сенің көздерің ерекше~ менің өмірімде ерекше орын алатын жандардың бірісің)
I-сенің харизмаңды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес…
Qozzy-қозытайдың қылықтары бір тартымды,адамды өзіне тартып тұратын ерекше жан)
Кстати бұйырса келесі жылы если тур болып жатса “Түркістанда”күтемін;)
I respect you, and I also love and support you.
Your fan, Aisha🤍 
inst:a.eralieva_


Сәлем, ALPHA  
Шынымды айтсам, бұл хатты жазу оңай болған жоқ
Өйткені жүректегі сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес сияқты  
Сендер менің өміріме жай ғана музыка емес, жылулық әкелдіңдер  
Қиын сәттерде сендердің әндерің мені құтқарды  
Кейде бәрінен шаршағанда, сендерді тыңдап жылайтынмын  
Сол кезде өзімді түсінетін біреу бардай сезінетінмін  
Сендер мені ешқашан көрмесеңдер де, мен сендерді үнемі жүрегімде алып жүрем  
Сендермен бірге күліп, бірге жылаймын  
Әр жеңістерің – мен үшін де қуаныш  
ALPHA деген ат тек топ емес, ол мен үшін ерекше мағына  
Рахмет бәрі үшін  
INSTAGRAM: @Zholified  
Атым: Балауса


сәлем? калайсыңдар       
бұл мен сендердің фанаткаларын "алия".  27.07.24 сендерді алғаш тыңдап бастаған күнім. сендер сол уақыттан бастап жүрегімдегі ең үлкен орынды алған жансыңдар.әндерінді тыңдап біраз сергіп қаламын. бірақ шымкент қаласына келмейтіндерін көңілімді қатты түсіреді. бұл жақта ловэндпис өте көп. өз жүрегімнен шыққан сөздермен төртеуінді сипаттасам. 

абу/абулхайыр-топтын мемберлерін көргенімде көзіме түскені. сол уақыттан бастап биасым. өте сүйкімді. кейде жасы кіші балаларға қатты ұқсап кетеді. бұл маған өте қатты ұнайды. дауысы керемет. сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. кейде каверлерін тыңдаймын. музыканы айтқан кездеде дауысы ерекше болып байқалады. бірақ сол дауысты әлі күнге дейін жанды дауыста естімедім. естігім келеді. тіпті әр фансайнда сыйлық берсе балаша қуанып, еш ловэндпистін көңілін қалдырмайды.стримдағы ловэндпистерді еркелеткені💔.мені қанша адам еркелетсе де абулхайырдікі басқаша.еркелеткенін қатты жақсы көремін. дәлірек айтқанда өте жылы, комфортно. осы уақытқа дейінгі "сүйікті", келесі уақыттада "сүйікті" биасым болатынына сенімдімін.❤ 

коззи/тлеужан-тлеужанды ерекше жақсы көремін. врекер биасым. маған тлеужанның денесі, татуы қатты ұнайды несі не жасырамын?. дауысыда ерекше. бұрынғы «проект х» жобасындағы тлеужан мен қазіргі коззи екеуі екі бөлек жан💔.  тлеужанның эфирларын өзі сияқты ерекше жақсы көремін. ештеңе жасырмайды, барлығын қалай бар солай көрсетеді. врекер биасым ретінде қатты қатты жақсы көремін.💞

энби/нұрлыбек-маған негізінен ешқандай нұрлыбектер ұнамайды. маған жолыққан барлық нұрлыбек жайсыз әрекетімен маған өзің ұнамсыз етеді. бірақ энбиді қатты жақсы көремін. сөйлеу манерасы есімді ауыстырады. ұрысқақтығы қатты ұнайды. тамақтыда керемет жасайды. өзімнің мінезімді энбиға қатты ұқсатамын. дауысы, әріп-сөздерді созып айтқаны😭💔. маған қатты қатты ұнайды. қанша батыл екенінеде көзім жетті. өз арманы үшін өз қаласында жұмыс істеп, үлкен арманыңа қадам жасады. нұрлыбекті жақсы көремін.💞

ай/ақжол. мені қызықтыратын жалғыз қытай. ақжол секілді бірнеше тілді үйреніп сөйлегім келеді жәнеде соған тырысып жатырмын. ақжолдан ең қатты ұнайтыны стильі, талғамы😍. ешқашан қарапайым киінген емес. киген киімдері өзіне арнап тігілгендей үстіне құйыла қалады. жеке басым ақжолға ешқандай стилист керек емес. стилисттер ақжолдың стильіне өздері ақ құлайды. жақсы көремін💞


қанша сипаттасамда, әр тұлғаны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. әрқайсысының ерекшеліктері бар. ерекшіліктерімен мені өздеріне байлайды. жалпы бұл топты қатты жақсы көремін. болашақтын тобы. 
есімім: алия
insta-tik tok=aliyaboo


Сәлем, Альфачи!
Сендерді 4 жылдық мерейтойларыңмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл кез келген музыкалық топ үшін өте үлкен көрсеткіш. Бұл сендердің төзімділіктеріңді, таланты мен іске деген адалдықтарыңды көрсетеді. Жуырда сендер бұдан да биік белестерді бағындырасыңдар деп үміттенемін және сенемін. Сендердің шығармашылықтарың дами берсін, мыңдаған фанаттарға қуаныш сыйласын.
Сендер Қазақстанның атын бүкіл әлемге танытатындарыңа толық сенімдімін. Сендердің әндерің қазірдің өзінде еліміздің шекарасынан алысқа тарады. Бүгін тек бастамасы. Біз, сендердің фандомдарың, сендерге бар жүрегімізбен сенеміз. Сендер де бізге сеніңдер. Бұл өзара сенім – біздің негізіміз.
Мен сендерді соңына дейін қолдауға дайынмын. Әндерің қиын сәттерде мені үнемі қолдап, шабыт беріп отырды. Дәл солай мен де сендерді қазір де, болашақта да қолдауға әзірмін.
Сендер әрқашан үздіксіңдер! Шығармашылықтарыңмен бізді шабыттандыра беріңдер.
Сендердің музыкаларың – бұл тек дыбыс емес, ол біздің өміріміздің бір бөлшегі. Ол бізге алға жүруге, армандауға және мүмкін емес нәрселерге сенуге көмектеседі. Әр қадамдарыңмен және әр жетістіктеріңмен мақтанамын!
Сондай-ақ, барлық соло жобаларыңа үлкен сәттілік тілеймін!
Сүйіспеншілікпен, @Bolzharyq
Сәлем, құрметті ALPHA!
Сіздерді 4 жылдық мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке тек сіздер үшін емес, біз – love&peace-тер үшін де өте маңызды.
Мен сіздердің жанкүйерлеріңіз болғаныма бір жыл болды. Осы уақыт ішінде сіздердің әндеріңіз маған үлкен мотивация, шабыт және қуаныш сыйлады. Сіздермен бірге мен де өсіп, армандарымның соңынан батыл қадам бастым.
Сіздерге тек бір өтініш – ешқашан берілмеңдер. Бұл – тек бастамасы! Алда әлі де үлкен белестер, әлемдік сахналар бар екеніне сенемін!
Коззи, сенің дауыс тембірің ерекше. Сәл қаталдаусың, бірақ ең әділ артистсің.
Энби, сенің вокалың керемет! Өз күшіңе сен!
Ай, сенің сахнадағы стилің бөлек, әрі өте көңілдісің!
Абу, менің биасым! Саған барлығы үшін ғашықпын – дауысың, стилің, мінезің, тіпті брекетің де жарасады! Ең сүйкімді артист сенсің!
ALPHA, сіздерге тек сәттілік пен шексіз шабыт тілеймін!
Махаббатпен – azekaboo

Сәлем ALPHA , сендерге де 4 жыл болды құттықтаймын. Сендер осы уақытқа дейін көп деген жетістікке жеттіңдер,қыйындықтардан бірге өттіңдер ,әр сәтте бір біріңді қолдап тек алдыға ұмтылдыңдар.дәл осылай әлемге танылуларыңды тілеймін.ешқашан моймаңдар,сендерді әрқашан қолдауға дайын L&P бар екенін ұмытпаңдар .біз сендерді әрқашан қолдауға дайынбыз .хейтке мән бермеңдер .мен үшін сендер жәй естелік емес  өмірімдегі ең керемет адамдарсыңдар мен сендерді әрқашан қолдауға дайынмын .әлемнің бәрі менен теріс айналсада менде сендер барсыңдар.көңіл күйім болмаса мен бірден есіме сендерді алам ,сендердің керемет сөздерге толы әндеріңді тындаймын. менің ең үлкен армандарымның бірі сендердің дауыстарыңды шын өмірде есту .бұл арманым орындалады деген ойдамын.сіздерге үлкен РАХМЕТ! ALPHA тек алға .L&P әрқашан сіздермен бірге .мен сендермен соңына дейін
 баруға дайынмын❤️
tiktok:not._.yours887 (Айым)

⊹ Сәлем Альфа менін атым Сабина.Мен бұл хатты жүрегімнің түбінен үлкен алғыс пен шексіз сүйіспеншілікпен жазып отырмын. Мен сендерді екі жыл бойы алыстан бақылап келемін, бірақ әлі күнге дейін көзбе-көз көріп, концерттеріңе қатысу бақыты бұйырмады. Соған қарамастан, сендердің өнерлерің мен үшін үлкен  күш пен шабыттың көзіне айналды. Алдағы уақытта сендерді шын өмірде көремін деп сенемін — бұл менің үлкен арманым.
Сендердің әндерің менің өмірімдегі қиын сәттерінде көмек болыд. Кейде бәрінен шаршап, жалғыз қалған сәттерде тек сендердің әндерің ғана мені өзіме келтіріп, үміт сыйлады. Әсіресе “Durudu” атты туындыларың жүрегіме жаныма жылу сыйлады.
ALPHA-ның арқасында мен шынайы дос таптым.Арақашықтықтағы достыққа сенбеитін едім.Ал кәзір сол құрбым өмірімнін бөлігі болды.Сендердің фандомдарың мен үшін — екінші отбасы сияқты. Бір-бірімізге деген қолдау мен мейірімділік — бұл нағыз Love and peace жайлы.
౨ৎ Менің Абуға деген махаббатым ерекше. Қай жерде болсам да, жүрегімде оның бейнесі жүреді. Оның күлкісі, дауыс тембрі, сахнадағы энергиясы — бәрі мен үшін ерекше. Тіпті кішкентай інім де Абуды қатты жақсы көреді. Ол да концертке барғысы келіп, күнде сендер жайлы айтып жүреді.💖🤏🏻
✦ ALPHA, сендер менің өміріме жарық нұр болдыңдар. Қиын сәтте жол көрсеткен жұлдыз секілдісіңдер. Сендерге деген махаббатым мен алғысым шексіз. Алға қарай дами беріңдер, армандарыңа жетіңдер, шетел сахналарын бағындырыңдар! Мен әрдаиым қолдау көрсетуге тырысамын.Алда көзбе-көз сендерді көру бүйырсын.Сендерді қатты жақсы көремін💞💞💞💞💞
Ps: kuanyshbekova_s_

Қымбатты ALPHA тобы!
Бүгін – ерекше күн. Сіздер үшін ғана емес, біз үшін де. Себебі дәл осыдан 4 жыл бұрын сахна төрінде жарқ етіп, жүректерімізді жаулап алған ALPHA атты жарық жұлдыз пайда болды.
Сол күннен бастап сіздердің әр әндеріңіз, әр сөзіңіз, әр қадамыңыз бізге шабыт, мотивация, сүйіспеншілік пен үміт сыйлап келеді.
Сіздермен бірге өстік, армандадық, жыладық, күлдік. Сіздер  жанкүйерлеріңіз жай ғана орындаушы емес, жанкүйерлеріңіздің  айнасына айналдыңыздар.
Сахна сыртындағы шынайылығыңыз, әрдайым тырысқандарыңыз бен жүрекпен жасаған еңбектеріңіз – бізге үлкен қуаныш әкеледі. Бұл еңбектің міндетті түрде ақталатынына сенемін.
Фандомға алғаш келген күнім әлі де көз алдымда. Сіздерді шатастырып, аттарыңызды жаттай алмай, әндеріңізді үзбей тыңдап жүрген кездеріме де жақында бір жыл болады екен ғой .Сол сәттен бастап бәрі өзгерді.
Сіздерден шынайы жақсы көруді, адамды тек бар болғаны үшін бағалауды, көрмеген жандарды да қолдай білуді үйрендім. Бұл – мен үшін үлкен өмірлік жетістіктер.
Маған ең керемет мотиватор болғандарыңыз үшін алғысым шексіз. Сіздерге деген махаббатым ешқашан кеміген емес, керісінше, күннен күнге арта түсуде.
Өміріме жарық әкеліп, ең қараңғы сәттерімде үміт сыйлағандарыңыз үшін рақмет!
Алыстан айтарым – тек аман болыңыздар. Қалғанының бәрі сіздердің қолдарыңыздан келетініне мен толық сенемін.
4 жыл – бұл тек бастамасы.
Алда әлі талай белестер, талай хиттер, толағай жетістіктер күтіп тұр!
Мен әрқашан сіздермен біргемін. Сіздермен мақтанамын.
Әрқайсыңыз – бір әлем, ал бірге – тұтас ғаламсыздар. 💫
Сіздермен жолығатын сәтті армандап жүрмін.
Сіздерді өз қаламда көретін күн – мен үшін үлкен бақыт болар еді. 🩷
4 жылдықтарыңыз құтты болсын, менің сүйікті тобым!
Шабыттарыңыз сарқылмасын, жұлдыздарыңыз жана берсін, әндеріңіз мәңгі жүректе шырқалсын.
Бұйырса, сіздерді әлемдік сахнадан көретін күн де алыс емес деп сенемін!
Шын жүректен, махаббатпен
жанкүйерлеріңіздің бірі – Gulzhok🫶

Альфа… Уже 4 года.
Звучит просто — «четыре», но это тысячи мгновений, где вы были рядом.
Ваше имя звучало как мантра — в тишине, в тревоге, в счастье.
Я засыпала под ваши песни, просыпалась с ними в голове.
Они вытаскивали меня из мыслей, из темноты, из тишины.
Вы были рядом тогда, когда не было никого.
В уставших глазах, в тихих победах, в слезах, которых никто не видел.
Я не знаю, какой была бы без вас.
Наверное, тише. Холоднее.
Но с вами я стала сильнее.
Живее.
Ваши песни — якоря. Ваши слова — как чужие, но такие нужные объятия.
Вы пели — и спасали.
Даже не зная об этом.
Спасибо за то, что выбрали этот путь.
Спасибо, что остались. Что продолжаете.
Вы не просто артисты.
Вы — часть чего-то очень личного.
С любовью, ase1nm, tt:ib.uwave


Қымбатты Альфа!
Төрт жыл бұрын "Cypher"-мен жарқ етіп шыққан сәттен бастап, біздің өмірімізде бәрі өзгерді. Сіздер — бізге тек ән айтатын топ қана емес, жүрекке жақын адамдарға, өміріміздің қуанышына, шабыт көзіне айналдыңыздар.
Әр әндеріңіз — біздің естелігіміз. Кейде қиын сәттерде күліп жіберу үшін сіздердің видеоларыңызды қараймыз,
кейде армандарымызға жетуге мотивация алу үшін сіздердің жолдарыңызға көз тігеміз.
Сіздермен бірге біз де өстік. Жыладық. Күлдік. Төздік. Жеңдік.
Абушка — сенің даусыңда шипа бар. Жүрекке жай түсіресің.
Энби — сенің күлкің біздің жанымызды жылытатын күн сияқты.
Ай — сенің эмоцияңа толы өнерің әрдайым есте қалады.
Қоззи — сенің энергияң мен ритмің бәрімізге мотивация береді.
Біз сендерді тек артист ретінде емес, адам ретінде жақсы көреміз.
"Love&Peace" деген тек фан-клуб атауы емес. Бұл — біздің жүрегіміздегі сезім.
Альфа — бұл жай ғана топ емес. Альфа — біздің тарихымыз.
4 жылдықтарыңызбен, біз сүйетін АЛЬФА!
Тағы талай жылдар, сахналар, армандар күтіп тұр. Біз сенеміз. Сендерге. Және болашаққа.
Әр жолы жүректен. Жіберуші:
@sezim_wzx

сәлем, alpha! сіздерді 4жылдықпен құттықтаймын.осы 4жылда жақсы нәтижелер көрсеттіңіздер және жақсы танылдыңыздар деп ойлаймын, ары қарай тоқтаманыздар дегім келеді. сіздерді әзірше көрмедім, бірақ биыл болмасада кейін көре жатармын деп ойлаймын.сіздерді қатты жақсы көремін.абука-ең үлкені болғанымен, өзі әлі кіп кішкентай. әлі есімде, фандомға келген кезде абуканы кішкентайы деп ойлап қалғанмын.ал айдың стиль-і, дауысы күшті. коззи-арасындағы ең кішкентайы болсада талантты. мен бір жерден естідім, коззи осы топтың лидері екен, ол рас па? ал энбидің вокалы қатты ұнайды, прям күшті ғой.
"сұлу" деген ән керемет қойй. мына ән точноо хит болад деп ойлаймын. айдың партиясы маған қатты ұнады.
негізі мен фан парақша ашқанмын, бірақ дамымай жатыр. бір емес, бірнешесі бар.өмірде бәрі мүмкін. Әлі-ақ армандарым шындыққа айналады.бір күні эдиттерім өтіп, сендердің алдарына барғанда танып тұратн дәрежеге жетемн.
сәлеммен: kaussoul


Қымбатты ALPHA, төртінші жылдығымен құттықтаймын!
Отыз екі жастамын, алайда, сендерді қатты жақсы көремін, жандарым, махаббатым шексіз. Әндерің, дауыстарың ерекше, маған ұнайды. Астана қаласынанмын және екі мың жиырма бірден бастап жанкүйермін. Ай, Абу, Коззи, Энби, жүректерім, бақытты, аман-есен болыңдар, денсаулық, жақсылық, ұзақ, керемет, қуанышты ғұмыр тілеймін, жаңа бейнебаяндар күтемін, ешқашан ұмытпаңдар, мен жанындамын. Еңбектерің әлі бүкіл әлем естіледі. Кім мотивация береді? Элпилар! Жұмыстарың табысты, сәтті, жолдарың ашық, нұрлы болсын, алтындарым! Концерттік видеоларым өте көп, кейде қайта көремін. Күлкілерің сондай әдемі. Осы жігіттер өмірімнің, тағдырымның мәні, қуанышы, бақыты, нұры, сүйікті, аяулы, асыл, жарық жұлдыздарым.
LOVEANDPEACE Аяла, ayalaastanacitykz.

Менің сүйіп тыңдайтын «Альфама» сәлем қалайсыздар, жағдайларыңыз қалай? Төрт жылдықтарыңызбен құттықтаймын. Осы күнге де жеттік, тек біреусіз, жарайды оны қозғамая қояайын. Сіздер осы жылда және алдыңғы жылдары да біраз еңбектендіңіздер, тыңбадыңыздар, бәрін біз үшін жасадыңыздар соған алғысымды айтқым келіп тұр.


Абука — Жаным ол сондай сүйкімді кейде бала болып кететіні бар. Менің көзіме ең бірінші болып түскен жан сіз шығарсыз. Сіздің қоңыр даусыңыз бен әдемі көзқарасыңыз адамды баурап алады, оған бірер секундқа да қарап тұра алмайтындай, адамды өзіңізге бірден ғашық қыласыз.
Нұрлы — Сіздің даусыңыз! Бұндай жоғары нотаны алып шығу үшінде көп еңбектенетіңіз де көрініп тұр. Сізді тіпті екінші Димаш Құдайберген десекте болатын шығар 💁🏻‍♀. Сіз өзіңіздің харизматичный және шустрый-лығыңызбен адамды баурап аласыз.
Ақжол — Не десем екен, алғашында қытайдан келген дегенде сенбеп едім 😂. Қазір сіз менің биасымсыз абука екеуіңіз, ал Тлеужан мен Нұрлы екеуі менің врекер биасым. Бәріңізді бірдей көрем, өнерлеріңізбен әндеріңді бағалаймын. Сіз менің көзіме өзіңдің сүйкімді күлкіңізбен түстіңіз. Прям кіттай бала сияқты қарасам а былай жоқ. Мүлде ұқсамайсыз сізге келсем клавиратурам жазбай қалады әріптерім қашып.
Тлеужан — Кхм бұл ағамыздың харизмасын айта алмадым. Осы төрт жылда өзгердіңіздер біраз өзгерістер еніп жатыр, жаңа офистарыңыз құтты болсын. Енді тек сіздерді «ALMATY ARENA»-да 5-жылдық соло концерттеріңізбен көрсек арманым жоқ, Иншаллах оған дейін қаншама жетістікке жетеміз бұйыртса. Әр жыл сайын концерттеріңіз күшті өтеді жарып жібересіздер.
Альфа төрт жылдықтарыңмен, осы төрт жылда қаншама қиындықтардан өттіңдер, өмірдің ащщысында, тәттісінде бірге көрдіңдер. Бірге бір-бірлеріңе демеу болдыңдар. Қиын кездеріңде көмектесе білдіңдер ал қазір осындай жетістікке жетіп отсыздар. Мен қуанам бірінше рет сүйіп жақсы көріп және тыңдап қолдаған тобым мына сіздер. Элпи болғаныма 1-жыл болды 20.05.25. Осы күнге дейін қаншама рет көз жасымды төктім, қуандым мұңайдым бірақ менде берілмедім әлі ақ көремін сіздерді. Тек алдыңа арман мақсат қоя білуің керек екенін түсіндім, қиын кезімде сіздердің әндеріңіз көмектеседі, қуансамда әрқашан сіздер үшін. Осы жылы біраз нәрсе түйдім, бірақ бәрі түсініксіз. Келесі жылы «Alpha 2026»0.3-турда кездескенше😘🤍.
Махаббатпен және ізгі ниетпен: L&P Еңлік 🫶🏻
Инста:enkolaboo


Привет мои любимки Альфа!! Хочу вас поздравить с тем, что вашей группе уже целых четыре года, за это время вы очень многого достигли. Я желаю вам таких же больших успехов, хорошего вдохновления, и качественного написания музыки как сейчас. Одно из самых главных пожеланий, я хочу чтоб вы стали мировыми звездами. Я разделяю с вами эту мечту, и искренне хочу чтоб вы дошли до такого высокого уровня, и стали вершиной Кью поп и даже больше. Вы для меня не просто парни, не просто какая то группа, вы для меня нечто большее, и я вас очень сильно люблю, и желаю самого лучшего, чтоб каждый из вас достиг своих всех своих целей. Я состою в фандоме с Мая 2024 года, и за это время я поняла, что не когда в жизни так не восхищалась группами и музыкой как вашей музыкой и вами, вашим талантом, вашей харизмой, вашей чуткостью, и вашей обаятельностью. В вас я действительно увидела своих идеалов, и нашла в ком искать пример подражания, и с кого брать пример. Благодаря вам я так сильно полюбила Кью поп и стала ещё больше любить казахскую музыку будучи быть Русской, и благодаря вам я вступила самый лучший и прекрасный фандом где нашла много друзей, за это огромное спасибо. И хочу вас поблагодарить за вашу работу, и старания. Вы большие молодцы, двигайтесь только вперед, и у вас обязательно все получится, ведь у вас ещё есть такие прекрасные Элпишки как мы, которые обязательно вас поддержат, одарят заботой и любовью!!😽✨🫶🏻
Эвелина | ig: evbee7 | tik tok: tiqpop💌

Instagram: qalamchar_wwx
Менің есімім — Жансая,
және бұл хатымды шын жүректен жазып отырмын.
Alpha тобы — менің өмірімде ерекше орын алатын жандар. Сендер сахнаға алғаш шыққан кезден бері, 4 жылдан астам уақыт өтті, мен сендерді танып, қолдап жүргеніме 1,5 жыл болды.
Маған тек сендердің әндерің ғана емес, энергияларың, еңбектерің, өз-өздеріңді ұстау, шынайылықтарың ұнайды. Әр сахнадағы қимылдарың, клиптердегі көзқарастарың — бәрі маған шабыт береді.
Мен қиын сәттерде сендердің әндеріңнен тірек таптым, көңіл-күйім болмаған кездері сендердің видеоларыңды көріп, жымиып кететінмін.
Қазір мен үшін Alpha — жай ғана топ емес, өмірімнің бір бөлігі. Сендердің әр қадамдарыңа қуанып, әр жаңалықтарыңды күтіп жүремін.
 ALPHA деген — мақтаныш.
qalamchar_wwx


Альфа мен сендерді өте қатты жақсы көрем мен Астанадағы фан ивентте болғанмын бірақ қобалжығаннан бүкіл дайындап келген сөздерімді ұмытып қалдым :( Мен LP болғаныма 1 жылдай болды.Өмірімде көп қиындықтар болған кезде мен сендер туралы білдім.Сендер мені депрессиядан алып шықтындар,сендердің өлендерің маған үлкен поддержка мен мотивациы берді сол үшін сендерге алғысым шексіз улкен рахмет.
Мен фандомға енді ғана келгенде менің көзіме бірінші түскен Абу.Сенің лпларға деген махабатын өте үлкен,мен өзіме биас тандап жүргенде сенің эфирынды көріп жатқанмында мен түсіндім сені биасым ретінде тандаймын сол ең күшті шешім болды.Саған деген махаббатым өте үлкен сені қатты қатты жақсы көрем рахмет барлығы үшін.Менің врекер биасым Коззи мен сен үшін Альфаны таныдым.Сен маған сенімділік бердін,өз мақсатыма қандай қиындық болсада жетуге үйреттін.Сол үшін саған рахмет сеніде қатты жақсы көремін.Менің арманым сендерді құшақтау.Фан ивентте мэйн билет болғаннан кейін құшақтай алмадым.
Мен осы соло концертке келе алмаймын.Бірақ келесі рет сендер келгенде міндетті түрде ең қымбат билет аламында сендердің концерттеріне барып өз арманымды орындаймын.
Бұл хат iboogirls-тан:)


Менің сүйікті альфа тобым!
Сіздерді өнер жолындағы үлкен жетістік – 4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Төрт жыл – аз ғана уақыт секілді көрінгенімен, сіздер осы уақыт ішінде шын мәнінде үлкен шыңдарды бағындырып, тыңдармандарыңыздың сүйікті тобына айналдыңыздар.
Сіздердің әрбір әндеріңіз – ерекше сезім мен шабыттың бейнесі. Бір әндеріңіз көңілге қуаныш сыйласа, бірі жүректі тебірентіп, терең ойға қалдырады. Әуендеріңізде шынайылық, адалдық пен өнерге деген махаббаттың ерекше күші сезіледі.
ALPHA – жай ғана топ емес, ол үміттің, жігердің және өз арманың үшін күресудің символы. Сіздер жастарға рух беріп, әр туынды арқылы жаңа әлемнің есігін ашасыздар. Осы төрт жылда қаншама тыңдарманды өздеріңізге баурап алдыңыздар, ал біз болсақ әрдайым сіздерді мақтан тұтамыз.
Алдағы уақытта да талай жеңіс, жаңа әндер мен әлемді бағындыратын сахналар күтіп тұр деп сенемін. Шығармашылықтарыңыз сарқылмасын, жолдарыңыз әрдайым ашық болсын!
4 жылдық мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын! Біз сіздермен бірге қуанып, әрбір сәтті жеңістеріңізді бөлісуге дайынбыз.


Сәлем, ALPHA!
Топтың 4 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Осы уақыт ішінде сіздер тек музыка жасап қана қоймай, жанкүйерлердің жүрегінен ерекше орын алдыңыздар. Әрбір мүшенің дарыны мен еңбекқорлығы маған үлкен шабыт сыйлады. Әндеріңіз мен өнерлеріңіз арқылы өмірімде жылы естеліктер қалдырдыңыздар.
Сіздердің әрбір туындыларыңыз маған қуаныш пен күш сыйлайды. Әр қадамдарыңыз, әр сахнадағы сәттеріңіз мен үшін ерекше. Болашақта да биік белестерді бағындырып, әлемдік деңгейдегі табыстарға жете беріңіздер! Қазақстанның атын әлемге тантып жүргендеріңізге ерекше ризамын.
Сіздерге тек шығармашылық шабыт, мықты денсаулық пен таусылмас энергия тілеймін! ALPHA мәңгі жүрегімде!
Құрметпен, Alpheno(Каусар)
Instagram: @bebebe_rrrr


Құрметті альфа тобы сендірді 4 жылдфқтарыңмен құттықтаймын сендермен кездесу әлі де арманым болып келеді сіздерді алғаш көрген сәтте сіздер секілді әнші болғым келді .Әрине сіздер бұл хатты оқыйсыздар бірақ та жауап бермейсіздкр . Сіздермен кездесу әр ловеепистің арманы . Тілеймін осы уақытқа дейін қандай мағыналы өлеңдер жазып жүрсіздер сол секілді тағы да өлең шығара беріңіздер
Құрметпен inst:@gozzy_2003
Атым:Сәрсенбай жансельОсы уақыт ішінде көп нәрсе болды. Жетістіктер, қиындықтар, жеңістер — бәрі бірге өтті. Біз жанкүйер ретінде сендерді әрдайым қолдап келеміз.
Сендердің еңбектерің, талпыныстарың, бірлігің — бізге үлкен күш береді. Әр әндерің, әр сахналық образыңдар біз үшін маңызды. Сендерден көп нәрсе үйрендік.
Төрт жыл — аз емес. Бұл уақыт ішінде сендер көп биікке жеттіңдер. Алдағы уақытта бұдан да жоғарыға көтеріледі деп сенеміз.
Әрқашан алда болыңдар. Шаршамаңдар. Біз сендерді жақсы көреміз және әрқашан жанымызда боласыңдар.Осы уақыт ішінде көп нәрсе болды. Жетістіктер, қиындықтар, жеңістер — бәрі бірге өтті. Біз жанкүйер ретінде сендерді әрдайым қолдап келеміз.
Сендердің еңбектерің, талпыныстарың, бірлігің — бізге үлкен күш береді. Әр әндерің, әр сахналық образыңдар біз үшін маңызды. Сендерден көп нәрсе үйрендік.
Төрт жыл — аз емес. Бұл уақыт ішінде сендер көп биікке жеттіңдер. Алдағы уақытта бұдан да жоғарыға көтеріледі деп сенеміз.
Әрқашан алда болыңдар. Шаршамаңдар. Біз сендерді жақсы көреміз және әрқашан жанымызда боласыңда

Құрметті ALPHA,
Сендерр менің сүйікті тобым ғана емес, жанымның тірегі, шабыт көзім, армандар әлеміне апарар жолсыздар. Сендер арқылы мен музыкада шынайылықтың, достықта адалдықтың, сахнада еңбектің не екенін таныдым. Сендердің әр бейнеңіз, әр қимылыңыз, тіпті үнсіздіктеріңіздің өзі терең мәнге ие.
Төрт жыл жай ғана уақыт емес. Ол  талмай еңбектенудің, мыңдаған адам жүрегін жаулаған сапардың белгісі. Осы жылдар ішінде ALPHA шынайы отбасыға айналды. Сендер өзара қаншалықты әртүрлі болсаңдар да, бір топқа айналып, тыңдармандарға үміт пен махаббат сыйлап жүрсіңдер.
Концерттер, релиздер, сәтсіздіктер мен жеңістер  бәрі бірге өтті. Сендердің табандылықтарың мен бір-біріңе деген құрметтерің әрдайым үлгі болады.
Мен үшін ALPHA  тек ән емес, бұл  менің күнделігімдегі беттер, жүрегімнің бір бұрышы. Әр мүшеге жеке алғыс айтқым келеді, бірақ бұл хатта бір ғана сөз айтқым келеді: Рақмет
Жұлдыз айтпақшы:Әлем өздеріңмен әдемі
Әрқашан күлімдендер:)
@qwertygoo


Қымбатты ALPHA тобы!
Бүгінгі сіздердің 4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!🎉 Бұл – жай ғана уақыт емес, үлкен еңбек пен шексіз махаббаттың дәлелі. Төрт жыл бойы сіздер бізге қуаныш, шабыт, сенім сыйлап келесіздер.
Сіздердің әр қадамдарыңыз — біз үшін мақтаныш. Қиын сәттерде де берілмей, тек алға жылжып келесіздер. Сіздерді көргенде, қалай жүзімде күлкі пайда болғанын білмей қаламын. Естеріңізде болсын, жанкүйерлеріңіз – әрқашан сіздердің жандарыңызда. Біз сіздерді қолдаудан, жақсы көруден ешқашан шаршамаймыз. Өйткені сіздер біз үшін жай ғана топ емессіздер – сіздер жүрекке жақын жандарсыздар.🫂
A.boo - сен менің биасым ғана емес, сен — жүрегіме шабыт беретін ерекше жансың. Сенің сахнадағы күлімсіреуің, эмоциямен айтқан әр сөзің мені жылытады. Сенің талпынысың, шынайылығың мен үшін үлгі. Төрт жыл бойы еңбек етіп, тек алға жылжығаның үшін алғыс. Ары қарай да осы қалпыңнан тайма — біз, жанкүйерлерің, әрдайым сені қолдауға дайынбыз.🤍
I - сен — топтың ерекше мүшесісің. Сахнада сенің энергияң көрерменге бірден жетіп, көңіл-күйді көтереді. Сенің даусың, қимылдарың, көзқарасың — бәрі де шабыттандырады. Төрт жылда қаншама өсу мен өзгерісті көрсеттің, біз соған куәміз. Алдағы жолда да сен өзіңнің жарығыңмен нұр шашып жүре бер! Біз сенімен әрқашан бірге боламыз.🌟
Qozzy - сенің бойыңдағы позитив пен шынайылық бізге үнемі жылулық сыйлайды. Сен – сахнаның жарығы, топтың көңіл-күйін көтеретін жүрегі сияқтысың. Сенің әрбір қозғалысың мен сөздеріңнің артында үлкен еңбек тұрғанын білеміз. Төрт жылда сен өз жолыңды сенімді басып өттің. Сондықтанда қиындықтарда берілме — жанкүйерлерің саған сенеді, әрқашан қасыңда!💛
N.b - сен — сабырлы, бірақ өте терең жансың. Сенің сахнадағы харизмаң мен әсерлі көзқарасың жүрекке бірден әсер етеді. Төрт жыл бойы сен тек талант емес, сонымен қатар жауапкершілік пен сенімнің символы болдың. Саған қарап өз-өзіңе сенуді үйренемін. Әрі қарай да жарқырап, өз жолыңды батыл жалғастыр! Біз сені әрдайым қолдаймыз.💫
4 жыл – тек бастамасы ғана. Әлі талай белесті бірге бағындырамыз!✨
Әрине, мен бұл хатта сіздерге айтқым келгеннің бәрін жаза алмадым. Бірақ мен сіздерді жақсы көретінімді және әрқашан қолдайтынымды біліңіздер. Сіздерге бар тілерім мықты денсаулық, жұмыстарыңызға сәттілік және махаббат! Ерте ме, кеш пе біз кездесеміз деп үміттенемін!🩷
Шын жүректен жанкүйерлеріңіз Айзере (@zerella.boo)!💞

Құрметті ALPHA тобы!!!
Сендерге деген алғысымды қалай жеткізерімді білмеймін. Бүгін – ерекше күн. Дәл осы күні сендерге 4 жыл толып отыр! Бұл жылдар бойы сендер маған тек ән емес, үміт, күш, шабыт сыйладыңдар. Әрбір сөздерің, сахнадағы әрбір қозғалыстарың – менің жүрегіме жол тауып, менің өмірімнің бір бөлшегіне айналды.
Сендер мен үшін жай ғана топ емессіңдер. Сендер – менің қуанышым, жанымды емдейтін дауамсыңдар. Әсіресе I – сен менің жүрегімдесің. Сенің мейірімді күлкің, еңбекқорлығың, көзқарасың мені қанаттандырады.
ALPHA, сендермен бірге армандау – мен үшін ең әдемі сезім. Қанша қиын сәттер болса да, берілмеңдер. Біз, фанаттарың, әрқашан қасыңдамыз.
Тек алға! Әлі талай белеске бірге жетеміз. Сендер барсыңдар – бұл мен үшін ең үлкен бақыт.
Сүйемін сендерді. Әрқашан бірге! Сендердің жанкүйерлерің Асылзат (@asconaimm) с любовью♡

Привет вам группа Альфа. С чистым сердцем и намерениями поздравляю с 4 годовщиной группы. В августе будет уже год, как являюсь вашей фанаткой и элпи. Думала ли я что это посвящение видео к вам, просмотр эфиров без перерыва, особенная любовь к каждому участнику продлится так долго? Нет, я определенно так не думала. Поскольку я никогда не была чей-то фанаткой, которая очень долго следить за кем-то. Моя любовь к артистов и медийным личностям длится не так уж и  долго, а тут я по настоящему привязалась к людям, которых не видела в реальной жизне не знаю какие они в жизне. Но со временем моя любовь лишь росла. Смотря ваши видео я забывала о своих проблем, улыбалась смотря как вы добиваетесь успеха и покоряете вершины. Порой когда мне было плохо в голове звучали ваши слова о которых я не забуду. Научилась любить себя и уважать. Мне было морально было когда люди вокруг говорили, что то про мою внешность а в голове лишь звучал голос Акжола который говорил что надо любить себя, который прошел через многое. Альфа, бойз бэнд, талантливые мальчики которые прошли через многое. Я все еще надеюсь увидеть вас в живую, не знаю когда это получится, но надежда умирает последней. Поэтому я буду слепо верить, что увижусь с вами, даже если забуду все слова, которых хотела сказать, даже если буду делать бредовые вещи и нести бред рядом с вами а может даже молчать, это будет лучшее время для меня, когда этот день настанет. Все вы особенные по своему и есть то что дополняет вас. Абулхаир добрый и милый человек, который всех понимаете и постарается понять. Он всегда бывает понимающий и слишком светлый человек для меня. Абулхаир ассоциируется у меня, как давный друг с детства о котором никогда не забудешь, временами вспоминаешь его воот. Нурлыбек очень уверенный, радостный человек. Мне нравится то, что в каждой ситуации он знает как действовать дальше. Объясняет если не доходит, для меня он как человек наставник, который укажет верный путь и даст совет а временами ругает если не доходит. Этим он мне нравится. Акжол он для меня как человек творчества( все участники творческие::). Он светлый, милый, добродушный человек. Он доносит слова так, что у всех оно найдет отклик. Смешной моментами, его мимика это прекрасно. Тлеужан ооочень смелый, хороший и поучительный человек. Он прямолинейный и заботливый мембер. Тот кто подумает о других прежде чем о себе. Для других участников он реально тот самый шутник, который повеселить всех а потом будто резко выдает что то необычное о себе, а потом опять идёт веселится. Участники очень амбициозные и я вас очень сильно люблю, не знаю как люди говорят о любви, но я нашла себя в нужное время с нужными людьми а именно благодаря вам. Ваши цели и мечты сбудутся, вы очень амбициозные и творческие личности. Я очень горжусь и ставлю вас в пример.
Ваша фанатка Кулгиншын.
Поздравляю с годовщиной группы и то что я слушаю вас почти как год.
никнейм: @klgsmin




Сәлееем альфам
Биыл сендердің 4 жылдықтарың. Бұл жай ғана сан емес, бұл үлкен еңбек, маңдай тер, төгілген көз жасы, жүрекпен жасалған өнер. Сендердің осы күнге жетулерің бірліктің, табандылықтың, жанкештіліктің дәлелі.Төрт жыл бойы сендер бізді өнерлеріңмен ғана емес, шынайылықтарыңмен, қарапайымдылықтарыңмен, жүрек жылулықтарыңмен баурап келесіңдер. Әр қадамдарыңда махаббат пен сенім бар. Соның бәрі бізге, тыңдармандарыңа, өте қатты сезіледі.Если вдруг вы снова отправитесь в тур, пожалуйста, не забудьте про город Семей. Здесь вас очень ждут, здесь множество сердец бьётся в такт вашей музыке. Мы не просто слушаем вас,мы  живём с вами.Біздің күнімізді нұрландырып, көңілімізді көтеріп, өздеріңнің бар болмыстарыңмен бізге жарық сыйлағандарың үшін мың алғыс!
Жаңалықтарың көп болсын, дендерің сау, жолдарың ашық болсын! Сахнада әрдайым жарқырай беріңдер. Біз сендерді шексіз жақсы көреміз
“С вами даже тишина звучит как музыка, а обычные дни становятся особенными.”
Inst-[sailiaugazy_umit]




Любимки мои Сәлем!
Сендердің төрт жылдықтарыңды атап өтіп жатқандарыңа сену қиын. Бұл жай ғана күн емес — бұл үлкен жолдың, өсу мен еңбектің, ұмытылмас сәттердің көрсеткіші.
Мен сендермен жақында ғана таныстым — жарты жылдай уақыт болды немесе одан көп.Кейде сендерді ертерек білмегеніме өкініп қаламын. Бірақ осы уақыттың өзінде сендер менің өмірімде ерекше орын алдыңдар.
Қиын сәттерде әндерің мені қолдап, демеу болды. Музыкаларыңда шынайылық бар. Әр әндерің – жүрекпен жазылған, жанмен айтылғандай. Тыңдаған сайын сендермен сөйлесіп отырғандай боламын.
Сендер тек өнер иелері емессіңдер. Сендер — шынайы болмысты жеткізетін, адамға жақын жүректен шығатын дауыстарсыңдар.
Сендерге алғыс айтқым келеді. Еңбектерің үшін, өздерің болып қала білгендерің үшін, әр тыңдарманға шын көңілмен қарайтындарың үшін.
Жеке концерт — бұл жай ғана сахнаға шығу емес. Бұл — төрт жылдық сенімнің, қажырлы еңбектің және халықтың махаббатының жемісі.
Сендер осының бәріне лайықсыңдар.
Мен сендерді енді ғана танығаныма қарамастан, мақтан етемін.
Туған күніңмен, ALPHA, бәрі үшін алғысымды білдіремін!Алда әлі биік белестер мен жарқын сәттер көп болсын.
Мен сендермен әрқашан да біргемін. Сендер де менің жанымдасыңдар деген үміттемін!
Ізгі тілекпен сендерді қатты жақсы көретін love&peace - Gulzhazira
Instagram: @gmukhimtai




бәріңе сәлем! бұл хатты мен барлық Альфа топ мүшелеріне жазудамын. сендерді өте қатты жақсы көремін, мировой уровеньге жетулеріңе тілектеспін. енді әрқайсысыңа арнаулар жазғым келіп тұр)
абука, ты такой мииилыыый, ең алғаш болып көзіме түскен едің, toxic әні арқылы, сенің дауысың арқылы осы топты таныған едім. сүйкімді качоксыңғой, өте қатты жақсы көремін сені! қоңыр дауысың, қоңыр шашың, бәрін-бәрін! тек алға, өте өте сүйкімдісің.
энби, сені топтың лидері ретінде көремін) пысықтығың, бәрі үшін уайымдап жүретінің өте қатты мені баурап алды. ешкімге мән берме, тек алға! жанымсооооллл
коззи, менің жаааныыым. сені өте қатты жақсы көремін, менің биасымсың, білесіңбе? еркелігің, дауысың бәрі қатты ұнайды маған!
ақжол, сен тым сүйкімдісің. өміріңдегі болып жатқан нәрселерге қарамай осындай деңгейге жеткенің үшін мен қуаныштымын!
бәріңді ерекше жақсы көремін, ешкімнің сөзіне көңіл аудармаңдар, тек алға! хейтерлер сендерді тек көре алмайды, соны естеріңнен шығармаңдар) сендердің фанаткаларың болғаныма еш өкінбеспін, сендердің арқаларыңда қаншама өзіме дос-құрбы таба алдым! рахмет сендерге, барлығыңды люблю, обожаю! бұйыртып жатса концерттерде кездескенше. шын жүрекпен qulpynai. (Ерке)
инст: @xxilq.v




Сәлем ALPHA
сендермен:irkoo
Сендерге айтқым келетіні,4 жылдықтарыңмен құттықтаймын,сендерге өмірдегі бар бақытты тілеймін,сендерді шын жүректен жақсы көремін.Сендер әрқашан осылай-Love&peace тердің алдында жарқырап жүре беріңдер,бар арман,мақсаттарыңа жетіңдер.Біз сендерді қандай болсаңдарда қолдаймыз,мейлі жақсы,мейлі жаман.Сендерге 4 жыл бойы,біздің алдымызда өнер көрсетіп,бізді сыйлап келгендеріңе рахмет айтқым келеді.Менің фандомда болғаныма 2 жылдай болып қалды.Сол 2 жыл ішінде сендерге кәдімгідей бауыр басып қалыппын😂.2 жыл ішінде фандомда көптеген өзгерістер болды,сендер танымал болдыңдар,сендерді америкаға дейін біледі.Және осылай басқада елдерге танылып,бұданда атақты болуларыңа тілектеспіз.Бір өкініштісі,2 жыл бойы фандомда болсамда,сендерді көре алмадым…
Осы 4 жылдықта көру-арман.Бірақ сендерді көрмесемде-сендерді қолдауға тырысамын.Біз элпилар-сенденді барынша жақсы жағынан көрсетуге тырысамыз.Иә,кейде фандомда келеңсіз жағдайлар,ұрыс-керістер көп болады.Сол үшін сендерден-кешірім сұраймыз.Сендер-біздің жанып тұрған шамымызсыңдар.Сендердің өнерлерің-бізді сендерге қарай тартып тұрады.Бұл өмірде-ең қатты жақсы көретін топтарымның бірісіндер.Осындай әншілерді тыңдайтыныма мүлде өкінбеймін.Сендерді тіпті-1 орынға қоюғада дайынмын.Себебі сендер-біздің өмірде ерекше орын алған адамдарсыңдар.Әуендерің-жанға тыныштық сыйлап,бақыт әкеледі.Сендер сияқты әншіні кездестіргеніме мүлде өкінбеймін.Бұдан бұрын,сендер сияқты әншілерді тыңдағанмын,бірақ жаныма жақын ала алмадым.Сендер келдіңдер-тез арада бауыр басып қалдым.Және осы арқылы-сендердің адамға деген сыпайылықтарыңды,мейрімдеріңді білуге болады.Сендерді ешқашан ұмытпай,фандомнан кетпеугеде тырысамын.Сендердің барлық елге танымал болып,бақытты болғандарыңды көргім келеді.Сол арман-мәңгіге орындала берсін.Фанаттарың бұданда көп болып арта берсін.Әр адам қызығушылықпен қарайтын топ болыңдар,біз сендерді-жақсы көреміз💓
insta:diko_2324




Қымбатты Alpha тобы!
Бүгін бізге ортақ ерекше күн – сендердің өнер әлемінде жүргендеріңе 4 жыл толды! Осы жылдар бойы менің жүрегімде ерекше орын алып, шабыт, қуаныш және сүйіспеншілік сыйлағандарың үшін алғыс айтқым келеді.
Сіздермен алғаш танысқан сәттен бастап, жүрегімде бір ерекше жылулық пайда болды. Әр әндерің, әр қимылдарың, күлкілерің, тіпті үнсіздіктеріңнің өзі мен үшін үлкен мағынаға ие болды. Көптеген қиын сәттерде дәл сендердің музыкаң мен жүрекпен айтқан сөздерің маған күш, сенім және үміт берді.
4 жыл ішінде сендер тек танымал топ қана емес, менің күнделікті өмірімнің, арманым мен мақсаттарымның бір бөлігіне айналдыңдар. Концерттеріңе бармасам да, әрбір өнер көрсетулеріңді жүрегіммен бірге сеземін. Топтағы әрбір қатысушы мен үшін ерекше. Әрқайсыңның дарының, мінезің, болмысың менің өміріме жарық сыйлады.
Alpha – тек музыкалық топ емес. Alpha – бұл махаббат, армандар, шынайылық және шабыттың бір бейнесі. Сендер мені бақытты еттіңдер. Жылаған сәттерде жұбаттыңдар, күлгенде қуанышыма ортақ болдыңдар
Бірге өткен 4 жыл – менің өмірімдегі ең жылы, шынайы естеліктердің бірі. Келешекте де бірге боламыз деп сенемін. Сендермен бірге әлі талай белесті бағындырамыз! Жан-жақты дами беріңдер, денсаулық, шабыт және шексіз махаббат тілеймін!
Сіздерді шын жүректен сүйетін
[_nurlybekkyzy_b]
Балнұр🥹🤍




Сәлем, Alpha!
Абу, Коззи, Ай, Энби  сендер бір-біріңе керемет үйлескен төрт түрлі мінез, бір бүтін рух, бір мақсаттың жолаушыларысыңдар. Әрқайсысың ерекше, дара, бірақ бірлесе отырып сендер нағыз күштісіңдер. Alpha  жай ғана топ емес, ол еңбекпен, сеніммен және жанкештілікпен құрылған отбасы сияқты. Сендердің сахнадағы қадамдарың, көзқарастарың, бір-біріңді қолдауларың бізге тыңдармандарға үлкен мотивация. Енді өздеріңнің алғашқы үлкен, жеке концерттеріңе қадам жасап жатқандарыңа қуаныштымыз. Бұл тек бастамасы. Алда бұдан да үлкен арена, бұдан да зор мүмкіндік, бұдан да көп тыңдарман күтіп тұр. Концерттерің сәтті өтсін! Әр орындаған әндерің жүректен жүрекке жетсін. Шаршамаңдар, тоқтамаңдар. Нағыз Alpha болыңдар. Бірігіңдер, дамыңдар, биіктеңдер. Бәрі де өз қолдарыңда. Біз сендермен әрдайым біргеміз.
Ник: @akhatzhanaigerim
имя:Айгерім




Дорогие ALPHA,
Поздравляю вас с 4-летием!
Кажется, совсем недавно вы только начали свой путь, а уже прошло целых четыре года. За это время вы стали не просто группой — вы стали источником вдохновения, силы и радости для многих, включая меня.
Ваши песни, тексты, харизма на сцене и за её пределами — всё это не просто музыка. Это энергия, которая помогает двигаться вперёд, верить в себя и чувствовать, что ты не один. Спасибо за искренность, за труд, за моменты, которые вы дарите нам — от мощных выступлений до тихих, тёплых слов поддержки.
Я горжусь тем, что могу быть частью вашего пути, наблюдать за вашим ростом и успехами. Надеюсь, что впереди у вас только свет и любовь — новые альбомы, стадионы, признание и, главное, счастье внутри.
Спасибо, что вы есть. Спасибо, что остаетесь собой.
С любовью и поддержкой — навсегда.
ваша Кася🤍




Сәлеем альфа,бүгін 24 август шығар ия?Мейлі,бүл хатты мен 31 шілде де жаздым,бүгін сендер астана қаласында сольниктарыңды беріп жатырсыңдар.Жандарым,4 жылдықтарың құтты болсын🩷.Сендер өз еңбектеріңмен көтерілген артистсыңдар.Ешқандай қиындыққа қарамай карьеларыңды тоқтатпадыңдар.Менде ең басынан болмасамда қолымнан келгенше поддержкамды беріп,әрбір концерттіңді посещать етіп жүрдім.Айып етпеңдер 5 келе алмаймын)Бірақта осы хатты мен бар махаббатым мен жазғанымды біле жүріңдер.Онша қатты көп нәрсе жазғым келмейді бірақ:Осыдан да артық танымал жұлдыз бола беріңдер,сендер менің отбасымның бір бөлігісіңдер❤️.Қиын кезде үнемі өлеңдерің де көмектеседі,өздеріңде көмектесесіңдер.Тіпті бізді қуанту үшін,көңілімізді түсірмеу әртүрлі нәрсе ұйымдастырасыңдар.Love & peace бірге бір отбасы,және біз барлық қиындықты да қуанышты да бірге өтіземіз.Мен үнемі сендерді бір жерден көрсем,подкасттарыңды,немесе бір заведенияда өлеңдеріңді естісем мақтаныш пен бұл менің сүйікті тобым ғой,мои мальчики деп мақтанам🥰🥰.Все короче,4 жылдықтарың құтты болсын балапандар🥰🥰😘💋




Альфа сәлем!
Мен сендерді 4 жылдық пен құттықтаймын!
Сіздер осы 4 жыл бізге эмоция, мотивация,жылу,бердіңдер сол үшін сендерге үлкен рахмет😊
Сендер осы жыл бойы,осындай деңгейге жеткендеріне қатты қуаныштымын,жәнеде осылай жарқырап,көңілді,болып жүре беріңдер.
Біз сендерді әрқашан қолдауға дайынбыз🐣
Біз сендерді қатты қатты жақсы көреміз🤍
inst:aika_love_ya
Name:Tomiris🦋
Қымбатты ALPHA тобы!
Сіздердің еңбектеніп жүргендеріңізге, көз алдымызда, төрт жыл өтті. Сендерді алғаш көрген күнім әлі есімде. Ол кезде бәрі өзгеше еді, қазір ең жақын адамдарымдай болдыңдар. Қиын сәттерде сендердің әндеріңді тыңдадым, шаршаған кезде сендердің видеоларыңнан (Alphabet, vlog) күш алдым. Кейде жанымда ешкім қалмағандай сезінгенде, тек сендер ғана бар сияқты көрінді. Қарапайым сөздермен айтқанда, өмірімнің маңызды бөлігіне айналдыңдар.
Әр қадамдарыңды қадағалап, қуануға үйрендім. Сендердің қуаныштарың менің де қуанышым. Қандай жағдай болса да, артымыздан ерген көп жанкүйердің сендерге деген сенімі мықты. Сендер жай ғана әртіс емессіңдер. Сендер менің өмірімнің бөлігісіңдер,әртүрлі уақытта көмектескен.
Кейде бәрінен шаршағанда, сендер жайлы ойлап, қайта тұрамын, өзімді қолға аламын. Әр күнімнің бір бұрышында ALPHA. Тек биіктерден көрініңдерші,менің жалғыз тілегім. Сендерге шын жүректен алғыс. Әлі талай жыл бірге боламыз деп сенем. ALPHAA мен сендерді қатты жақсы көремін, сендер болмасаңдар өмірім мүлдем басқаша болар еді..Сендердің арқаларыңда мен өзімді көріп, танып,көтере бастадым
әсіресе көмекке келген өлеңдердің бірі: WAY-өте әсерлі, өзіңді жақсы көруді үйрететін ән.Сендердің әр өлеңдерің бір шабыт береді, тек алда жүргендеріңді қалаймын!(мой инст: abookiss_)(моё полное имя:  Калмуратова Раушангүлім)




Сәлем! ALPHA тобының мүшелері, бұл хат сендерге L&P-ден. Есімім Райяна. Сіздерді тыңдағаныма 3жыл болды, өлеңдеріңіз қатты ұнайды. Әсіресе Кім ол өлеңі, осы жылғы 4 жылдықтарыңыз құтты болсын, 4 жұлдыз болып жарқырай беріңіздер, жаңа өлеңдер, жаңа концерттер, тағы болады деп ойлаймын, әрқашанда сіздер бізді қолдағандай біз сіздерді қолдаймыз.
Армандарыңызға, мақсаттарыңызға жетесіздер деген үміттемін, жетулеріңізге тілектеспін.
4жылдық концерттен соңы тағы 5-6, немесе 10жылдық болады деп ойлаймын, ол күнге дейін Қазақстанның. Шет елдің танымал әншілері боласыздар. Бірақ қай жерде танымал болсаңыздар да, L&P сіздерді қолдап жақсы көреді)🤍
Осы күнге дейін тыңдағанымда байқағаным, сіздер арқылы көңілді жүретін болдым, үнемі күліп, әзілдесіп позитивта жүремін, осы үшін сіздерге алғысым шексіз!🥹
Сіздерді көре алмасам да, экран арқылы көретініме қуаныштымын, себебі сіздерді көрген сайын жүзіме күлкі үйіріледі, тиктоктарыңыз өте қатты ұнайды)
Сіздердің өлеңдеріңіз ғана емес, өздеріңіз ұнайсыздар, түрлеріңіз өте сымбатты, әзілдеріңіз, қылықтарыңыз өте жағымды)
Өмірімде ешқандай артистті олай жақсы көрген емеспін, бірақ сіздер, өміріме байқаусызда кіріп оның бөлшегіне айналдыңыздар, сіздерге көп көп рақмет!
Әрі қарай танымал болып, өлеңдеріңізбен қуантасыздар деп үміттенемін
С любовью L&P
(Райяна)
(Инста:_makhambetova_12)




Қымбатты ALPHA тобы!
Сәлем! Мен сіздердің шынайы жанкүйерлеріңіздің бірімін. Сіздерді 4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Осы жылдар ішінде сіздер үлкен еңбектеріңізбен, сахнадағы харизмаларыңызбен, шынайы музыкамен көпшіліктің жүрегін жаулап үлгердіңіздер. Әр әндеріңіз ерекше әсер сыйлайды, ал орындау шеберліктеріңіз шабыттандырады.
Сіздермен бірге мен де өстім, армандай бастадым. Қиын сәттерде сіздердің әндеріңіз маған күш, сенім, көңіл күй сыйлады. Сол үшін зор алғысымды білдіремін.
Сіздер — тек талантты топ емес, үлкен жүректі адамдарсыздар. Әрдайым дамып, жаңа белестерге жетулеріңізге тілектеспін. Біз — сіздерді әрқашан қолдайтын фанаттарыңыз бармыз!
Төрт жыл — бастамасы ғана. Алда бұдан да жарқын жетістіктер мен ұмытылмас сәттер күтіп тұр деп сенемін.
Сүйіспеншілікпен,
Сіздердің жанкүйеріңіз Балжан!
Инста:laya1ty




Салееем,Альфа сендердің 4 жылдықтарыңмен құттықтаймын💓 Сендер менің соңғы тірегімсіңдер, өміріме жаңа толқын дәмін сездірген топ десемде болады, сендер жаңа ұрпақ ,жаңа тұлғаларсыңдар, мен сендерді көргенде алдымда 4 жұлдыз тұрма деп ойлаймын, әрқайсыңды жақсы көремін, осы төрт жыл ішінде талай өзгеріс болды,қуаныштыда,қайғыныда бірге өткіздік, сендердің жасаған еңбектерің мол , бізді өздеріңнің өлеңдеріңмен,влогтарыңмен,концерттеріңмен қуантатындарыңа рахмет🫶🏻 (Біз үшін бұл өте бағалы)
Алдағы уақытта сендерге шетелді бағындыра аласыңдар деген сенімдемін,бұл сенімнің ақталатынына 100% сенімдімін,сендерге айтарым хейтке мән бермеңдер,қуанышпен қайғы бірге жүреді дейді, әр түннен кейін таң атады🙌🏻 , алдағы уақытта өз музаларыңды табасыңдар деген сенімдемін🤗(мүмкін уже бар шығар🤭) музаларың болса бақытты болыңдар, армандарың орындалсын,үлкен белестерге жете беріңдер, біз сендерді қандай жағдай болмасын қолдаймыз
Айдың идеялары бітпесін,
Коззидің приколдары бітпесін,
Абудың керемет фиттері бітпесін,
Энбидің самооценкасы түспесін,
Альфаның өлеңдері бітпесін🥹
Ізгі ниетпен l&p @kaausss__




Привет, Alpha!
Поздравляю вас с четвёртой годовщиной со дня основания группы.
Я хочу поблагодарить, за то что вы не только себе и другим даёте мотивацию.
Сияйте! Мы любим вас!
От Yuro!




Дорогие ALPHA!
Поздравляю вас с 4-летием вашего творческого пути! За эти годы вы сумели покорить сердца тысяч людей, вдохновить молодёжь и показать, что упорство, труд и искренность всегда ведут к успеху.
Каждая ваша песня -это энергия, душа и правда, которая находит отклик в сердцах слушателей. Вы не просто артисты - вы настоящая команда, объединённая одной мечтой и любовью к музыке.
Вы доказали, что казахстанская музыка может звучать современно, стильно и глубоко. Спасибо вам за честность, за свет, который вы несёте, и за мотивацию, которую вы даёте своим примером.
Пусть впереди вас ждут новые вершины, масштабные проекты и неиссякаемое вдохновение. Здоровья вам, творческого роста, крепкой дружбы внутри коллектива и, конечно, преданных фанатов!
ALPHA-вы особенные. Пусть ваше имя ещё долго звучит в сердцах людей!
С днём рождения группы! ❤️
С любовью,
Love and peace Назгуль.Khamidullinaa_00




Сәлем Alpha бұл мен Айназ.Қалдарың қалай,сендерді 4 жылдықтарыңмен құттықтаймын сендерді көру мен үшін арман болып калатын шығар,және ең бастысы мировый уровеньге өтіңдер,тек алға көптеген клиптарың шыксын бастысы хейттерге мән бермеңдер.Бастысы жалғыз емессіңдер, жандарыңда элпи бар уайымдамаңдар,осылай тек сенлерді телефон арқылы бакылау бұйырыпты!Менің хаттарындың ішінен менің хатымды окысаңдар мен үшін бір қуаныш болар еді!жандарымм сендерді катты жаксы көрем
006_akzh




Привет Альфа! От всей души поздравляю вас с 4 летием. Эти 4 года были целой историей, полная музыки и эмоций, для нас всех. За это время вы стали для меня не просто группой - вы стали поддержкой, символом таланта и любви к творчеству. Спасибо за то, что вы есть, за то, что вы делаете, за вашу энергию, честность и теплоту. Пусть впереди будет ещё больше лет творчества, развития, сцен и нескончаемой любви от слушателей! Никогда не теряйте ту искру, которая делает вас Альфой - такими настоящими и родными.
[с большим уважением @foasupin]




Сәлем ALPHA❣️
Мен сіздерді 2024-тің тамыздың 1-інде танып бастадым ең бірінші Қозыны көргенмін "лепур" деген қыздан, сосын өлеңдеріңіз ұнап бастады ең бірінші тыңдаған өлеңім "Toxic" болды. 2024-тің жазына дейін бір жағдайды ұмыта алмай жүргенмін, сіздерді тыңдап бастаған кезде бәрін ұмытып кеттім. Күнде кешкісін "ALPHABET" көріп отыратын едім солай сіздерді аз уақыттың ішінде жақсы танып алдым. 2 айда барлық өлеңді жаттап алдым өзіме таңғалам, қазір қойған затымды қазір ұмытып қалатын едім көп музыканы барлық текстін жаттап алдым. Сіздерді тыңдамай тұрған кездері өз-өзіме суицид дегенді көп ойлайтын едім, және біраз рет тәуекелге барғанмын да бірақ сіздердің өлеңдеріңіз және басқа видеоларыңызды көріп ондай нәрсені ойламайтын болдым. Сол үшін сіздерге көп рақмет🤍
Бәлкім осы жылдары көру бұйырмаған шығар, бірақ келесі жылдары қалмай баратын боламын.
Сіздерді жақсы көремін🤍
Ізгі ниетпен жанкүйерлеріңіз: Аяжан🤍
Инста:aya.boo




4 жылдықтарың құтты болсын, жұлдыздарым.
Сендердің музыкамен жүргендеріңе 4 жыл, ал менің сендермен бірге жүргеніме 1 жыл болды. Бірақ осы бір жылдың өзі менің өмірімде көп нәрсені өзгертті.
Әр күнім сендермен ерекше. Әр релизді күту, эфирлеріңді тыңдау, сахнада жарқырап тұрғандарыңды көру бәрі жүрекке жылы. Басқа қалада тұрсам да, сендер бар жерге баруға, әр концертіңе жетуге тырысам. Себебі сендер мен үшін жай ғана артист емессіңдер. Сендер шабытсыңдар, қуанышсыңдар, жұбанышсыңдар.
Сендер арқылы мен өзіме сенуді үйрендім. Бір нәрсені жақсы көріп, соны шын жүректен қолдаудың қандай керемет екенін түсіндім. Қанша адам болса да, мен үшін әрқайсың жеке әлемсіңдер. Ал бірге болғанда бәрі өз орнында тұрғандай сезіледі.
Сендерді көргенде, өзім де жақсара түскендей болам. Сендер шаршасаңдар да, күлгендеріңді көрсетіп, бізді қуантасыңдар. Ал мен секілді фанаттар үшін ол үлкен нәрсе. Сендердің әр күш-жігерлерің, әр эмоцияларың бізге жетіп жатыр.
Бір фанат ретінде емес, бір жақын адамдай айтайын, сендер әрдайым бағаланасыздар. Қаншама адам сендердің арқаларыңда күліп жүр, армандап жүр, алға қадам жасап жатыр. Соның ішінде мен де бармын.
Не болса да, мен сендермен бола берем. Үндемей қалсам да, жүректен қолдаймын.🥹🫶🏻
Мери
Inst: temirgalievaa_m_




Салем Альфа қалайсындар мен сендердің концертеріңне бара алмаймын сондықтан ослай хат жазуды шештім сендерді әлі көрмедім бірақ қатты көргім келді сендерді білгеніме осы жазда 1 жыл болды білгеніме ешқашан өкінбеймің мен осы жазған қатымды оқсиындар деп үмітенемің. Менің биасым ол Абу, Абу мен сені қаты жақсы көремің сен өеі мейірмді жансын сені танығлы өмірім өзгергендей кейде сенсіз өмірді елестете алмаймын Альфа болашақта танымал әлмедік әнші болындар еш қашан берілмедер мүмкің болашақта кездерміз
Сәлемен фанатан інжу (q_inzuu)




альфа сәлем. төрт жылдықтарын құтты болсын ❤️ жарқырап жүре беріңдер. вдруг бірнеше жылдан кейін мировой әнші боларсыңдар🫶 сендерді әрқашан қолдаймыз, шаршасаңдар, хоть бір жылға демалыс алып демалындар, сендерді әрқашан күтеміз. ауырмаңдар, это обезательно 😁. Қарағандыға келіп тұрыңдар 😉. вы лучшие, хейтке қарамандар☝️. вы топовые, өлеңдерін кайф. төрт жылдықтарын құтты болсын 💋💋
құрметпен aizereazamatovna1213❤️




Сәлем, менің сүйікті ALPHA тобы!
Менің атым – [Айз]. Мен сіздердің үлкен жанкүйерлеріңіздің бірімін. Әрбір шыққан әндеріңізді асыға күтем, тыңдаған сайын жүрегіме ерекше әсер қалдырады. Сіздердің шығармашылығыңыз мен үшін тек музыка емес — бұл өмірге деген шабыт, армандарға сену, жүрекке үміт ұялату.
“Way”, “ZHOLDAR”, “QUS”, “SENBEM” сияқты әндеріңіз маған көп демеу болды. Әр сөзінде, әр әуенінде терең мағына бар. Сіздердің бір-бірлеріңізбен қарым-қатынастарыңыз, сахнадағы үйлесімдеріңіз, қарапайымдылық пен шынайылықтарыңыз – бәрі жанымның түбіне дейін әсер етеді.
Qozzy-дің сабырлы да дана басшылығы, Dark-тың терең мәтіндері, NB-нің ерекше дауыс бояуы, Aboo-ның музыкалық сезімі, I-дің стиль мен эмоцияны жеткізудегі дарыны – бәріңіз де бір-біріне ұқсамайтын, бірақ бірге керемет үйлескен жандарсыз.
Ия қазір Dark- топтан шығып кетті бірақ бәрібір Dark деген есім жүрегімде қалды, әрқайсыңызды жеке жеке артист ретінде жақсы көремін🫶🏻. Келешекте жақсы жар, жақсы әке болатындарыңыз сөзсіз)
L/P болғалы бері Тек өзім болмай үйдегі бәрін фандомға кірізіп алдым👀, Негізі көп аналар Энбиді ұнатады ау шығарма жағынан даусы жағынан бәрін жібітіп жібереді)
Қазір бәрің биясым болып кеттіңдер ешкімді бөліп жарғым келмейді.
Негізі Сіздерді тыңдамай көрмей жатып Ұялшақ дым сөйлей алмайтын адам едім, өміріме ALPHA тобы келгелі Энбидей самоценка пайда болды әндеріңіз жігерлендірді, вообще тема болдым, сіздерді артист ретінде силап, қатты жақсы көремін, Шымкенте келіңіздерші😂🫶🏻
Сіздерге тек шығармашылық табыс, шабыт, денсаулық, адал тыңдармандар және шексіз биіктер тілеймін! Әрдайым бізбен бірге бола беріңіздер.
Сүйіспеншілікпен,
Айз
[  Instagram- Tik Tok: Aizzy_bo]




Четыре года назад появилось нечто большее, чем просто группа. ALPHA для меня — это не про музыку, а про состояние. Вы — как огонь, который согревает, когда холодно, и как гром, который напоминает: «Я живой».
Я не знаю других таких, кто бы с каждой песней так точно попадал в мысли. Спасибо за честность, за смелость быть собой и за то, что не молчите, когда хочется говорить.
Грядёт концерт. Пусть он станет не просто шоу, а моментом, который хочется переживать снова и снова. Вы — не для сцены, вы — для сердец. И моё из них.
С уважением,
Мадин
Inst:utegenova.111🤍.




Альфа — менің жүрегімнің бір бөлігіне айналған топ. Сендерді алғаш рет көрген сәттен бастап, өмірім жарқырай түсті. Әндерің, дауыстарың, сахнадағы болмыстарың — бәрі ерекше. Қиын күндерде сендердің әндерің мені жұбатады. Күлкім де, көз жасым да сендермен байланысты.Әр қадамдарың шабыт сыйлайды. Әр күнім сендердің видеоларыңмен басталып, сендердің әндеріңмен аяқталады. Рақмет сендерге — бар болғандарың үшін. Мен әрдайым жанкүйерлерің боламын. Абука мен сені артист ретынде  жақсы көремің және сені көруді армандаймын::)
Сендердеге болашаққа үлкен жетістіктер мен биік шындарды тілеймің Альфа —мәңгі жүректе
Инстаграм ник:tenelbaieva_a
(Айдана)




muratbekkyzyy: Insta
Сәлеметсіздер ме! Мен Мұратбекова Жанбота. Альфа тобын 2022 жылдан бері қарап келемін, сіздермен бірге өсіп, бірге шабыттанып келем. Биыл 4 жылдықтарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – үлкен еңбек пен бірліктің нәтижесі.🥰Қашанда осылай биіктей беріңіздер. Сенесіз бе, кейде өз өмірімде бағыт таба алмай жүрсем, көңілім түссе, не істерімді білмей қалсам, бірден сіздердің контенттеріңізге жүгінем. Себебі сіздердің әр сөздеріңізде, күлкілеріңізде, шынайылық бар. Бұл мен үшін аса маңызды.
Альфа — жай ғана топ емес. Ол — энергия, ол — шабыт, ол — жастардың жаңа толқыны. Сіздер экранның ар жағынан үлкен әсер етесіздер. Өз өміріме, өз болашағыма, өз арман-жоспарларыма деген сенімді мен дәл сіздер арқылы қайта таптым. Мені, мен сияқты мыңдаған жандарды шабыттандырып, ойландырып, алға жетелеп жүргендеріңіз үшін шын жүректен рахмет. Болашақ та концерттерінізге барамын деген ойдамын. ❤




Поздравляем с четырёхлетием творческого пути. За эти годы вы проявили стойкость талант преданность упорство харизму. Ваши композиции трогают вдохновляют объединяют восхищают. Каждый трек наполнен смыслом глубиной искренностью оригинальностью. Музыка звучит свежо мощно стильно профессионально. На сцене вы уверенные смелые энергичные яркие. Благодаря вам молодёжь верит мечтает развивается стремится. Пусть дальнейший путь будет светлым успешным насыщенным плодотворным. Желаем вам здоровья мудрости роста гармонии. Коллективу желаем взаимопонимания уважения доверия стабильности. Пусть вдохновение идеи стремления энергия никогда не покидают. Пусть творчество расширяется крепнет обновляется преображается. Вы дарите радость надежду поддержку веру. Пусть горизонты расширяются вершины покоряются сердца открываются. Ваша индивидуальность стиль звучание имидж — неповторимы. Продолжайте развивать культурное наследие через музыку голос ритм душу. Пусть каждый новый день приносит открытия радость признание тепло. Благодарим за вклад движение силу любовь к искусству. Будущее за вами.С вами Айкоша @a1korkeem_mynda_keell




Жандарым мен сендерді қатты қатты жақсы көремін
 бірақ сендерді көре алмай кететін шығармын себебі ата-анам достарым туыстарым таныстарым бәрі де қарсы менің өмірімнің мәні болған жүрегімнің төрінде тұрған керек кезде қолдау берген мен үшін ерекше жарық жұлдызсыңдар
Сендерге деген махаббатымды айтып жеткізу мүмкін емес, сендерсіз маған түкте қызық емес...
Тіпті сендер үшін бәрі мен араласпай кеттім 😞 менің достарым маған келіп сендерді жамандайды ал мен үнсіз ғана тұрам оларға қарсы шыға алмаймын көңілдеріне тиіп қала ма деп қорқам бірақ олар менің көңілімді ойламайды жүрегім әлсіз Альфаға біреу бірдеңе десе сол үшін түні бойы үнсіз ғана жылаймын...
Бұл өмірде мен өз орнымды дәл тапқан секілдімін ол осы жер маған ата-анамнан таппаған жылулықты өмірімнің мәні болған Альфа тобыннан алдым сендерге деген алғысым шексіз
Маған Барлықтарың ұнайсыңдар бірақ Абуканың орны мен үшін әрқашанда ерекше
Абукаммм оқып отсаң мен сені қатты қатты қатты жақсы көремін өте қатты
Мен сен биасым ретінде алғанға ешқашан өкінбеймін керісінше қуанамын қате жолды таңдамадым
Сен менің жүрегімнің бір бөлігісің
менің махаббатым тек саған арналған
Басқаларын көзге ілмеймін жүрегім тек қана сен деп соғады
Сен үшін уайымдаймын
сенсіз өмір сүруге деген ынтам жоқ
Абукаммм жанм соллл мен сені алыстан болсын бір көрсем ғой менен асқан бақытты адам жоқ болар еді ғой бірақ сені көру бұйырама білмеймін бірақ үміт үзбеймін мен сені көрер күнді асыға күтемін
Абукаа сенің әрбір жасаған қылығың мені өзіңе одан сайын ғашық қалдырады, әрбір сөзің жүрегіме кеп жазылады
Сенің әрбір күлкің маған күлкі беріп қуантады
Әрбір атқан күнім үміт үзбе деп аяқталады
сондай сүйкімді кішкентай бала сияқтысың жанмм ау сол қылығың маған қатты ұнайды әрдайым күліп жүрші, саған күлген жарасады
Білесің бе Абу менің ең үлкен қателікім ол сені артис ретінде емес шанайы адам ретінде жақсы көргенім...
Инстаграм:nuraboolala




Құрметті, Alpha team!
Сендерді 4 жылдықтарыңмен құттықтаймын! 4 жыл көп те, аз да емес, бірақ біз үшін қымбат уақыт. Біз, L&P, әрдайым сендермен біргеміз. Осы 4 жылда бірге болдық, әрі қарай да қолдаймыз. Сендерді тек биік шыңдардан көргім келеді. Сендер біз үшін ерекше жандарсыңдар. Рас, әлі шынайы өмірде көре алмадым. Бірақ сенемін — алда кездесеміз, талай соло концерт пен турларда жүздесеміз. Сендер менің өмірімде үлкен орын алдыңдар. Бастапқыда сендерді кездестіргенде, бұлай қатты жақсы көріп кетемін деп ойламадым. Бірақ бір қызығы — сендердің әндерің ем сияқты. Өтірік емес, шынымен ем.
Вы можете не верить, но это правда. Я вас люблю.
Сендерді әрдайым қолдаймын, алыста болсам да. Осы хатты оқып отырсаңдар, я рада!
Владелица письма — Жанель: @omirbek0vna_1




Сәлем, Альфа!
Сендер туралы алғаш білген кезім есімде, ол кез 4 жыл бұрын болған болса 14те болыппын. Осы 4 жылда сіздерді тыңдап өскеніме өте қуаныштымын. Еңбектеріңіз үшін рахмет. Әр туындыларыңды ерекше бағалаймын.
Төрт жыл ішінде көп жетістіктер болды, басынан бақылап, қолдағандықтан өскендеріңді көру қатты қуантады. Бұл - тек бастамасы екенін білемін. Алдағы уақытта шығармашылықтарың тоқтамай, әуендерің әлемнің түкпір-түкпіріне жетсін деп тілеймін.
Альфа, сендермен мақтанамын!
И/т: Гузель, @maiukova_g




Құрметті ALPHA тобы❤️‍🩹
Сіздерді дебюттеріңіздің 4 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Осы төрт жылда сіздер үлкен жолдан өттіңіздер: алғашқы қадамдарыңыз, алғашқы сахналар, алғашқы жанкүйерлер, қиындықтар мен жеңістер — барлығы біздің көз алдымызда өтті. Біз сіздердің қалай өскендеріңізді, қалай нағыз әртіске айналғандарыңызды көріп келеміз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Сіздердің әндеріңіз, өнерге деген шынайы махаббаттарыңыз, сахнадағы энергияларыңыз бізге үміт пен шабыт береді. Көпшілікке сіздер тек әншілер емес, армандарына адал болып, қажырмен еңбек еткен жас жігіттер ретінде үлгі болдыңыздар. Әрбір әндеріңіз — жүрекке жылы сөз, әрбір бейнебаяныңыз — ерекше естелік. Әр фанат сіздермен бірге қуанады, бірге алаңдайды, бірге армандайды. Алдағы жылдары денсаулық, шабыт, жаңа мүмкіндіктер мен биік белестер тілейміз. Жаңа сахналар, әлемдік турлар, миллиондаған тыңдармандар сіздерді күтіп тұр. Біз, сіздердің жанкүйерлеріңіз, әрдайым жандарыңызда боламыз. Қандай жағдай болмасын, ALPHA әрқашан біздің жүрегімізде.
Тек алға!
Махаббатпен💓
Розана | @1.eowoona.e
Мейрамдарыңызбен, ALPHA! Бұл тек бастамасы ғана. 🌟💓




Сәлем, ALPHA ⭐
Сіздердің 4 жылдық ерекше мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер жанымда әрдайым болмасаңыздар да, жүрегіме ең жақын жандарсыздар. Осы хатым арқылы сіздерге деген жанкүйерлік махаббатымды жеткізгім келеді.
Мен сіздерді алғаш рет 2024 жылдың 20 маусымында байқадым, сол сәттен бастап маған жақын адамдардай болып кеттіңіздер. Әрбір әндеріңіз – мені шабыттандыратын, әр сөзіңіз – мен үшін ең үлкен мотивация болды. Сіздерді әлі жолықтыра алмадым, алайда болашақта кездесеміз деп сенем.
Жалпы, мен өте интроверт адам едім. Адамдармен араласуға, ойымды ашық айтуға қатты ұялатынмын. Алайда сіздердің айтқан әрбір сөзіңіз мені жігерлендірді. Әрбір сөз, әрбір ақыл – маған қажет нәрсе болды. Мен оны сіздерден таптым.
Ай мен Энбидің әрбір жылы сөздері жүректен ерекше орын алады. Коззидың әрдайым көңілді болуы сондай керемет, ал Абуканың көзқарасы мен тартымды күлкісі – әлемдегі ең жылы нәрсе. Сіздерді жолықтырғаныма қатты қуаныштымын. Бар болғандарыңызға рахмет :)
4 жыл – бұл жай ғана уақыт емес, бұл естеліктер мен шексіз махаббатқа толы кезең. Осы кезге дейінгі жазылған әрбір ән мен жанкүйерге арналған шынайы сезімдеріңіз үшін мың алғыс. Қандай жағдай болмасын, сіздерді қолдайтын жандар әрдайым жандарыңызда.
Алдағы уақытта міндетті түрде жүздесіп, әлемдік сахнада кездесеміз деп сенем. Сіздерге деген сенімім мен жанкүйерлік махаббатым ешқашан өшпейді.
• Ең бастысы –бір-бірлеріңізге деген қолдау мен махаббат өшпесін.
Әрдайым жандарыңыздан табылып, шынайы достық оты сөнбесін. Алда әлі талай белестер мен жетер шыңдар бар. Сол шыңдардың ең биігінен көріне беріңіздер! Ең бастысы – сабырлық пен шыдамдылық.
Сіздерді әрдайым қолдайтын, жақсы көретін жанкүйерлеріңіз көп болсын. Болашақтарыңыз жарқын болсын, ALPHA! Сіздердің әрқайсыңызды шын жүрекпен жақсы көремін. Ешқашан берілмеңіздер.
LP – Іңкәр (@_soull.in)




Сәлеметсіздер ме. Менің атым - Айдони
Instagram: @aizzyboo
Мен ALPHA тобына деген махаббатымды және алғысымды білдіргім келеді. Топтың шығармашылығын көптен бері бақылап келемін, және күн сайын оларға деген сезімім күшейіп келеді. Олар менің өмірімнің бір бөлігіне айналды, өте маңызды және қымбат бөлігіне.
Олардың музыкасы маған өзімді жоғалтып алған сәттерімде көп көмектесті. Алға жылжуға күшім болмаған кезде, дәл сол әндер демеу болды. Олардың арқасында өзіме, сезімдеріме, армандарыма қайта сенуді үйрендім.
Олардың шынайылығы, энергиясы, әрбір өнер көрсетудегі жылуы, тыңдармандармен байланысты ерекше бағалаймын. ALPHA — жай ғана топ емес. Бұл одан да үлкен нәрсе. Бұл — шабыт, қолдау, жарық.
Туған күндеріңізбен құттықтаймын! Тек алға жылжып, биік белестерге жете беріңіздер. Көбірек бақытты сәттер мен шын көңілді кездесулер тілеймін.
Сіздердің барыңызға алғысым шексіз. Қашықтықта болсам да, әрдайым жанымдасыздар.
Құрметпен,Айдони!!




Менің сүйікті альфа тобым!
Сіздерді өнер жолындағы үлкен жетістік – 4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Төрт жыл – аз ғана уақыт секілді көрінгенімен, сіздер осы уақыт ішінде шын мәнінде үлкен шыңдарды бағындырып, тыңдармандарыңыздың сүйікті тобына айналдыңыздар.
Сіздердің әрбір әндеріңіз – ерекше сезім мен шабыттың бейнесі. Бір әндеріңіз көңілге қуаныш сыйласа, бірі жүректі тебірентіп, терең ойға қалдырады. Әуендеріңізде шынайылық, адалдық пен өнерге деген махаббаттың ерекше күші сезіледі.
ALPHA – жай ғана топ емес, ол үміттің, жігердің және өз арманың үшін күресудің символы. Сіздер жастарға рух беріп, әр туынды арқылы жаңа әлемнің есігін ашасыздар. Осы төрт жылда қаншама тыңдарманды өздеріңізге баурап алдыңыздар, ал біз болсақ әрдайым сіздерді мақтан тұтамыз.
Алдағы уақытта да талай жеңіс, жаңа әндер мен әлемді бағындыратын сахналар күтіп тұр деп сенемін. Шығармашылықтарыңыз сарқылмасын, жолдарыңыз әрдайым ашық болсын!
4 жылдық мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын! Біз сіздермен бірге қуанып, әрбір сәтті жеңістеріңізді бөлісуге дайынбыз.
инста: aizat.4502




Сәлем Альфаа. Мен Ақнұр.Менің инстаграм нигім:aknuraaa001 Мен сіздерді танығаныма осы жылы 6 жыл болады. Бірақ 6 жылда бір ретте көрмедім. Себебі мен шымкентте тұрамын. Әрине шымкентте тур болды бірақ мені ата-анам жібермеді. Главный мен сіздерді жақсы көремін. Егерде менің хатымды оқып отырсаңыздар белгі беріңіздерші. Мысалы: Абука тікелей эфирге көрсінші или жаңа жылда фан қала істеңіздерш.Мен енді дарк жайлы айтқым келеді. Маған дарктың кеткені қатты ауыр тиді. Коззи саған айтарым ашқазақ про-нды сағындың ба?Негізі ше дана хайп ұстап отырды ғо. Ито интернет желісіне емес, телеграм ға салып герой болып отр ғо. Дарк қайтадан топқа келсе екен. Сағынып кеттім дарконтайымды. Енді ашылып келе жатыр еді, дана құрты бәрін. Патом альфабет қашан шығады? Патом 4 жылдықтарың құтты болсын жандарым меніңң. Патом мен бір видео көріп қалдым. Мынандай: бірінші фотода альфаның 4 мүшесінің фото, ал екінші фотода дарктың фотосында былай жазу жазылған" 6 жыл бойы ыстықты да, суықты да, хейтті де, ковидті де бірге көрген  енді ашылып келе жатқан да, қайтадан жабылып қалып, бірге бола алмаған дарын.. "деп салып қойған. Сол кезде жылағым кеп кетті ғо. Мен сендерге қызық түс айтайын коззимен көрген. Кароч былай алмагүл мен бір гоу шықты емес па," Әндетемін"вроде аты. Сол гоу шыққан күні көрем деп, түнде жатам төсекке. Сол ұйықтағанда мынадай түс көрем ғо. Тлеужан менің ағам болыпты, екеуміз жолда кетіп бара жатып алмагүлді "амгул" деп жамандапыз. Одан кейін сен мені құшақтап алыпты. Болд. Мя концерт тек алматы мен астанада емес, шымкенттеде істеңдерш. Сендерге бір фан фик ұсынам сол ффты орындаушы аты мынадай:'Бәрі біз ойлағандай емес'. Автор: zhidek🍓. Сосын айкаға айтындарш тт салып тұрсн. Жоғалып кете бермей. Болд всёё покаа жандарым менің.




Сәлем ALPHA!
Сендерді шығармашылық жолындағы 4 жылдықтарыңмен құттықтаймын! Осынша уақыттың ішінде көптеген тыңдарманның жүрегінен орын алып, көп жетістіктерге жетіп, q-pop өнерінің деңгейінің көтерілуіне көп үлес қостыңдар.
Сендердің осындай дәрежеге жетіп жатқандарыңа шын жүректен қуаныштымын! Әрбір әндерің, бейнебаяндарың,сахнадағы энергия - біз үшін шабыт,мотивация, естен кетпес естелік пен көңіл күй. Сендер L&p-лар үшін кумир ғана емес үлкен мақтанышсыңдар!🩷✌️🏻
Алдағы уақыттарда биік белестерден көріне беріңдер. Жаңа әндер халықаралық жетістіктер мен топтық бірлік,сарқылмас шабыт тілеймін!
Әндерің мен жеткізген әрбір сөздердің астында жатқан энергия, қаншама күш еңбек біз үшін мотивация, сендердің әр еңбектеріңді сыйлап, оны тыңдап қолдау білдіру үшін бәрін жасаймыз.
Сендермен бірге өстік сендермен бірге 4жыл бірге болдық. Тағы да жылдап бойы бірге болайық ! Біз сендерді жақсы көреміз!
Ізгі тілекпен: @assmoon_asema




Сәлем!Бұл Жасмин,мен ешқандай фан аккаунт жүргізбеймін,алайда сіздердің фанаттарыныз болғаныма 4жыл болады.Мен қалай альфафан(элпи) болдым:2021 жылдың күзі немесе қысынын арасы,құпия шыққан кез,құрбым сіздердің әндерінізді статусына(ватсап) салып мен содан қызығып:бұл қандай топ,қандай әндері бар деп сұрағаным есімде,сүйтіп міне 4жылға да жетіп қалыппыз.Өкінішке орай ол құрбым дәл қазіргі сәтте элпи болып келмейді,бірақ әндерінізді сырттан таниды,биасы ұмытпасам Коззи болған ау.Мен әрине фан аккаунт жүргізіп көрдім,алайда бұл менің қолымнан келмейтініне талай көзім жетті,тағы айта кететін жайт мен көпшілік элпи секілді сіздер қатысқан хикаялар(фанфиктер) жазғанмын.Кешірім сұраймын ол үшін ондай қателік бәрінде де болған шығар,кішкене бала болғанмын ол кезде.Өзім жайлы көп айтып кеттім ау иә?Жақсы,Сіздерді шын жүректен 4жылдық еңбектерінізбен,кәсіпкерлік өңер жолдарынызбен құттықтаймын,қазіргі танда 30+ әндерініз бар иә,шатаспасам?100-ден көп әндерініз болсын,оқырмандарыныз,тындаушыларыныз көбейе берсін.Сіздерді өте қатты жақсы көремін әрине,бірақ бірде бір рет концерттерінізге барып көрмеппін.Менің биасым Энби,врекерім Абу.Өңер жолдарыныз ары қарай ұзақ бағытталған болатынына іңкәр сезіммен сенемін!
Мен осымен 2рет сіздерге хат жолдаудамын,керемет сезім екен.Сіздерге біраз ашылып қаппын,кешіріңіздер




дорагая группа alpha!
поздравляю вас с вашим 4летием,это невероятная дата,которая говорит о вашей стойкости и о таланте.
За эти годы вы стали мне как вторая семья,вы моя опора и гордость,также за эти годы вы стали для многих не просто артистами а вдохновением,примером того что мечты становятся реальностью,если в них верить и усердно работать.
Может у вас и были многие трудности но вы их победили благодаря многим ловенписам и не только.
И все это время вы оставались настоящими,искренними,сильными.всегда ваша музыка доходит до сердца и трогает душу.
Спасибо каждому из вас за преданность,за прекрасную музыку,за тепло,и просто за то ,что вы есть.альфа изменила жизнь многих людей-в том числе и мою.
Благодаря вам я начала верить в дружбу и в мечты.
Желаю вам безграничного вдохновения, крепкого здоровья, новых хитов, больших сцен, и, главное, верных людей рядом. Пусть ваши сердца всегда горят так же ярко, как в первый день.
С любовью,уважением и огромной гордостью от
имя:аяжан
инст:aiazhan._ka




Қымбатты ALPHA тобы!
Бүгін сендердің өнер жолындағы үлкен жетістіктеріңе — 4 жылдықтарыңа — куә болып отырғаныма өте қуаныштымын! Осы жылдар ішінде сендер тек өнерлеріңмен емес, жүректеріңмен де мыңдаған тыңдарманның көңілінен орын алдыңдар. Әрбір әндерің, әрбір сөзіңдер мен үшін үлкен мотивация, қуаныш пен қолдау көзіне айналды.
Сендерді алғаш көрген сәттен-ақ жүрегіме жақын тартып, сендермен бірге күліп, бірге толқып келе жатқандай сезінем. Осы 4 жылдың ішінде сендердің өсу жолдарың, талпыныстарың, еңбектерің — бәрі де үлкен құрметке лайық. Әрқайсың — ерекше, бір-біріңді толықтырып тұратын тамаша ұжымсыңдар.
Алда бұдан да биік белестер, үлкен сахналар, әлемдік деңгейдегі жетістіктер күтіп тұр! Біз — фанаттарың — сендермен әрдайым бірге боламыз. Сендерге шын жүректен алғыс айтамын және әрдайым қолдаймын!
4 жылдықтарың құтты болсын, ALPHA!
Біз сендерді жақсы көреміз!
amantayovaaаа ник




Сәлем ALPHA 💘
Бәріңе сәлем, қалайсыңдар мен жақсымын. Сендердің 4-жылдықтарыңмен шын жүректен құттықтаймын, осы төрт жылда сендердің жасаған еңбектерің өте көп. Таң демей түн демей тынымсыз жұмыс істеп біз үшін жаңа әндер шығарып, бізді қатты қуантып, қаншама қиындық, қаншама ұйқысыз түндер жандарым сол сендерді қатты жақсы көрем 🥹🫂🤍
Сендерді енді болашақта биік биік белестерден көре берейік. Сендерде қандай жағдай болсада қолдаймын, сендердің әндерің маған мотивация. Ең ұнайтын әндер осы жақында шыққан «SULU» бар,«TOQTA»,«ZHOLDAR»,«TOXIC»,«SENEN BASQA»,«BASQA KIM?»,«TARTADY» күнде 1045рет тыңдайтын шығармын 😂 бірақ күшті. Менің арманым ол сендерді көру элпи болғаныма 1-жыл болсада әлі көрмедім, тек экран артында тамсана қарап, қызығып басқаларға қолдап отыру ғана келесі жолы көремін деп ойлаймын егер «ALPHA TOUR 2026»-болса 🤭 сендерді шыныменде көрсем не болады екен өзіме қызық ше. Тек тілімді жұтып қоймасам болды. биастарым мен врекер биастырым бөлініп кетті ғо 😭 ақжол мен абу екі топта нұрлы мен тлеу тож о бож кейде мен шаршап и жылағым келгенде ән тыңдаймын 11-бітіріп алматыға көшсем екен алматы ұнайды қысыда, жазыда, көктем күз бәрі бәрі. Маған қызық мама папа мед таңда дейді бірақ өзімнің қалауым визажист күшті ғой, көптеген әншілермен жұмыс істеймін небір танымал адамдарды көремін сіздер сияқты 😘🫶🏻. Сондай басқа не айтамын? Аман жүріңдер, сауболыңдар, дендерің ауырмасын сендерде тек жақсылық пен бақыт байлық тілеймін бұйртса сендердің шет елде кконцерт беріп жатқандарыңды көріп отырсақ бізге солда жетеді. Сендердің кіттай да болса қуаныштарың біз үшін үлкееееен қуаныш, сендер қуансаңдар қуанып, мұңайсаңдар мұңайып , әркез қолдап таң түн демей кейде эфир/стримге кіргенде 1-2млн лайк жинап беріп 🤣 жазда элпи болғаныма қашан кіреді екен деп тт қа случайно кіргем, и в сендер отсындар тиктокта эфирде қуанып кеткенсің ғой.
my name is: enlik
nik:[ anqb 🤍]




ALPHA, қалдарың қалай жақсы ма? Мен сендерді 4 жылдықтарынмен құттықтаймын. Осы уақытқа дейін сендерді бақылап жүрмін, сендерді тыңдап бастағаныма ешқашан өкінбеймін. Сендермен бірге қаншама естеліктер бар, әрдайым керек кезде сендердің әндерінді тыңдап, көңілімді көтеремін, керек кезде қолдау табамын. Осындай дәрежеге жеткендеріңе шын жүректен қуаныштымын. solsayabaq




Сәлем.Қалайсыңдар?Сендердің 4 жылдықтарынмен құттықтаймын!Бәрің топқа үлкен үлес қостындар.Сендерді жақсы көреміз.
Абу-Сен өте сүйкімді,әрі көп қыздардың арманына айналдың.Дауысына да сөз жоқ.
Энби-Сенің харизмаларың  манеран басқаларынан тым ерекше.Дауысын тым ерекше, айтуға сөзім жетпейді.
Ай-Сенің өз стилін,әзілдеп сөйлеген кездерің,күлкін бөлек әлем.Алғаш рет көргенімде көзіме түскен жан ол сенсің.
Коззи-күлкін,тіпті жартылай L&P-дың арманына айналдың.
Басты тілерім денсаулық, жастарын ұзақ болсын.
Өнер жолында әрқашан биікте көріне беріңдер!
Әлемдік деңгейде жүріңдер!
Астана Алға!😂
Инста: kaliberes_aimoon
Ник: Aimoon)




Сәлем альфа сендерді 4жылдықтарынмен шын жүректен құттықтаймын осы уақыт ішінде сендер ловенписке көп көңіл бөліп және де ловенписты қуанту үшін көп тырыстындар.Сендер өздеріңе жазылған хейтке қарамастан барлық желілерде сонымен қатар концерттерде бой көрсеттіндер.Сендерді танығаныма аз ғана уақыт болды сол уақыт ішінде менің жүрегімді жаулап алдындар тіпті өздерінді көрмесем тұра алмайтындай болып қалдым. Әр қайссынын жазған өлен шұмақтарын әлемнің сегізінші кереметіндей өздеріне тілерім алдағы уақытта әлемдік денгейдегі әртіс болуларына тілектеспін әрбір дұғамда тілеп жүретін боламын сендерді өте қатты жақсы көремін әлемнің сегізінші кереметтері әрқашан қолдап жүретін боламын шын жүректен ловенпистерін Нурай
инста: nuraikybyraeva




Alpha
Қымбатты Ай мен Абу!
Сіздерге шын жүректен сәлем жолдаймын! Alpha тобының белсенді, еңбекқор және ынталы мүшелері ретінде сіздердің әрбір бастамаларыңыз біз үшін үлкен шабыт. Әрқашан қолдау көрсетіп, топ жұмысында жауапкершілікпен атсалысып жүргендеріңізге ризашылығым шексіз.
Ай, сенің сабырлы мінезің мен ұқыптылығың – барлығымызға үлгі. Абу, сенің тапқырлығың мен батылдығың топқа ерекше күш береді. Екеуің де Alpha тобының шынайы көшбасшылары деп білемін.
Болашақта да осы қарқынмен алға ұмтылып, биік белестерден көріне беріңдер! Бірлігіміз мықты болса – алынбайтын асу жоқ!
Instagram :asylzanzansaa2006 ЖАНСАЯ




Бүгін сендердің дебюттеріңнен бері 4 жыл толып отыр. Төрт жыл… сендер үшін бұл көп пе, аз ба білмеймін, бірақ мен үшін бұл жылдар нағыз қазына болды.
Сендерді алғаш көрген сәтімді әлі ұмытпаймын. Сол сәттен бастап жүрегіме бір жылулық ұялады. Әрбір әндерің – менің өмірімдегі саундтрек, әр сахнадағы күлкілерің – менің шабыт көзім, ал әр бір "рахмет" сөздерің – менің ең үлкен мотивациям.
Төрт жыл ішінде сендер менің өміріме қуаныш, сенім, күш сыйладыңдар. Қиын күндерде сендердің дауыстарың мені құтқарды, жалғыздықта – жан серігім болды, ал бақытты сәттерде – одан да тәтті етті.
Alpha, сендер тек топ емессіңдер. Сендер менің мақтанышымсыңдар. Сендермен бірге армандаймын, бірге күлемін, тіпті сахна артында жүрмесем де, әрдайым жандарыңдамын деп сезінемін.
4 жыл – бұл тек бастама. Алда әлі мыңдаған ән, мыңдаған естелік, мыңдаған «бірге» күтіп тұр.
Мен әрдайым сендермен боламын. Қашан да, қай жерде де.
Төрт жылдық мерейтойларыңмен! Мен сендерді шексіз жақсы көремін! 💙✨
Дорогие ALPHA,
Поздравляю вас с 4-летием!
Кажется, совсем недавно вы только начали свой путь, а уже прошло целых четыре года. За это время вы стали не просто группой — вы стали источником вдохновения, силы и радости для многих, включая меня.
Ваши песни, тексты, харизма на сцене и за её пределами — всё это не просто музыка. Это энергия, которая помогает двигаться вперёд, верить в себя и чувствовать, что ты не один. Спасибо за искренность, за труд, за моменты, которые вы дарите нам — от мощных выступлений до тихих, тёплых слов поддержки.
Я горжусь тем, что могу быть частью вашего пути, наблюдать за вашим ростом и успехами. Надеюсь, что впереди у вас только свет и любовь — новые альбомы, стадионы, признание и, главное, счастье внутри.
Спасибо, что вы есть. Спасибо, что остаетесь собой.
С любовью и поддержкой — навсегда.
с любовью Коси🩷🩷🩷




Сәлем, Альфа! 4 жылдықтарыңызбен құттықтаймын. Альфа, сіздермен өткен 4 жыл – өмірімдегі ең жарқын кезеңдердің бірі. Әр әндеріңіз, әр сөзіңіз, сахнадағы әр қадамыңыз – мен үшін шабыт, қуаныш, үміт көзі. Сіздер маған тек музыка емес, жаңа түстер мен сезімдер сыйладыңыздар.
Төрт жыл бойы сіздермен бірге күліп, армандап, қуандым. Әр клип, концерт, әсерлі сәт – жүрегімде мәңгі. Қиын күндерде әндеріңіз жұбатты, ал алға қадам басу керек кезде күш берді. Сіздер менің армандарымның бір бөлігіне айналдыңыздар, және әр жаңа шығарған туындыңызды тағатсыздана күтемін.
Сіздердің еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз, жанкүйерлерге махаббаттарыңыз шексіз. Сахнадан сезілетін шынайылығыңыз – нағыз бақыт.
Qozzy, позитивің мен мейірімділігің бәрін баурайды. Әр сөзің, әзілің – шаттық. Хейтке мән бермей, дами бер. Солоң қатты ұнады.
Aboo, харизмаң, сенімді қадамың, күлкің – жүректерге жылу. Даусың мен мінезің – ерекше күш.
I, еңбекқорлығың мен ұқыптылығың үлгі. Әр детальға мән бересің.
NB, нәзік, бірақ қуатты энергияң топқа үйлесім қосады.
Төртеуіңіз бір-біріңіз үшін жаралғансыздар. Біз L&P сіздерді әрқашан қолдаймыз. Болашақта тек биіктерден көрейік! Құттықтаймын!
Сәлеммен L&P Сезім
Inst:myonly_qozzy




Құрметті менің сүйікті тобым ALPHA!
Сіздерді үлкен алғыс пен шын жүректен шыққан тілектермен құттықтағым келеді. Осы уақытқа дейінгі еңбектеріңіз, бірлік пен ынтымақтарыңыз, табандылықтарыңыз біз үшін зор үлгі. «АLPHA» тобы — тек атау ғана емес, ол — көшбасшылықтың, жауапкершіліктің, жаңашылдықтың және біртұтас күштің символы.
Сіздер қиындықтардан қорықпай, әрдайым биікті көздеп, мақсаттарыңызға сенімді қадаммен жетіп келесіздер.
Алдағы уақытта да осылай бірліктеріңіз артып, әр бастамаларыңыз сәттілікпен жалғасын таба берсін. Жаңа белестерден көрініп, армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз нық болсын. Әрдайым бір-біріңізге демеу, тірек болып, бірге алға ұмтылыңыздар. «ALPHA» деген ат әрқашан көш басында, алдыңғы қатарда болуға лайық!
Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт пен үлкен жеңістер тілеймін! 4Жылдық құтты болсын біз сіздермен біргеміз💝
Ізгі тілекпен:Мерейлім
{iammerey.m}🧚🏿‍♀️




Сәлем ALPHA. 4жылдықтарыңмен құттықтаймын. Әне-міне дегенше 4жылда өте шықты. Осы жыл ішінде бір отбасы болып үлгердік. Қуаныштымын.
2021-2025. 4 жыл. 4жігіт. 30дан астам әндер. 2 тур. Соло концерт. Коллабрация. Түрлі эфирлер. Және сан-түрлі шексіз эмоция. Осының барлығын берген сендерсіңдер. Сендер жай ғана топ емес, адам құтқарған жандарсыңдар. Қаншама love&peace-ті құтқардыңдар. Мүмкін сендер білмейтін шығарсыңдар, бірақ әр жанкүйердің жүрегінде "құтқарушы" орынын алып тұрсыңдар. Білесіңдер ме, мен сендерді білмеген кезімде, өзімді жек көрдім. Комплекс болды. Ұялдым. Суретке түсуден қашқақтап, ештеңеге жоламайтын едім. Бірақ бәрін 12тамыз өзгертті. Сендерді таныдым. Өзімді қалай бар, солай жақсы көрдім. Әндерің әсер етті. Қазір менде барлығы жақсы, керемет. Рақмет сендерге. 4 әртіс. 1отбасы. Сендерді жақсы көреміз!
Осы 4 жыл ішінде сендермен бірге қуанышты да, қайғыны да көрдік және сол уақыттарда бірге болдық. Осы жолда қаншама қиындық болмасын, бірге жеңе білдік. Иә, мүмкін қазір жеткілікті атақты емеспіз деп ойлайтын шығарсыңдар. Бірақ та дәл қазіргі сәт тарих. Кешегі күн тарих. Бүгінгі күн тосын сый. Ертеңгі күн құпия. Сол құпия күннің сендер үшін сәтті болғанын қалаймын. Әлі-ақ талай шыңдарды бағындырасыңдар. Бұған нық сенеміз. Тек естеріңде болсын сендер 4 жігіт бір отбасысыңдар. Біз жанкүйер love&peace-тер бір отбасымыз. Ал барлығымыз бірге өте өте үлкен отбасыны қамтимыз. Отбасы бірін-бірі қолдайтын адамдар емес пе? Сол себепті ұмытпаңдар: үміттерің үзілмесін. Үзілген сәтте бізді еске алыңдар. Жанкүйерді, loveandpeace-ті, отбасыларыңды еске алыңдар. Сендерді қолдайтын, қорғайтын адамдарды еске алыңдар. Бұл сендерге қайта үміт беретін бірде-бір амал.
Жаңа жылдарың, 4жылдықтарын құтты болсын. Бұл тек бастамасы. Жақсы көреміз. ALPHA және LOVE&PEACE бір отбасы дегенге сенеміз және қолдаймыз. Жақсы көремін.🫶
Махаббатпен Кәусар💜
Love ya @kausyxw_




Альфа, 4 жылдықтарың құтты болсын!🤏🏻Осы төрт жылда сендер музыкамен ғана емес, жүрегімізбен де байланыс орнаттыңдар. Бұл мерейтойды басқа қалада қарсы алсаңдар да, біз үшін әрдайым қасымыздасыңдар.
Мен сендерге шексіз алғыс айтамын. Өмірімнің ең қиын кезеңінде сендердің әндерің мені құтқарды.🥹Әр әуендерің, әр сөздерің маған үміт сыйлап, қайтадан күлуге, армандауға, өмір сүруге күш берді. Сендердің еңбектерің жай ғана өнер емес, ол - жанға дауа.
Әлі күнге дейін сендерді жақыннан көрмесем де, әрбір видеоларыңды, әр сахнаға шыққан сәттеріңді жүрегіммен сеземін. Экран арқылы болса да, сендердің күлкілерің, энергияларың маған жетеді. Күндердің күнінде жолымыз түйісіп, сендерге осы алғысымды бетпе-бет айтар күнімді армандаймын.🥹
Сондай-ақ, бір кездері осы жолда бірге болған адамдардың да еңбегін бағалаймын. Сол жандардың да үлесі ұмытылмайды.
Мен үшін Альфа - тек топ емес, ол менің екінші отбасым. Болашақтарың жарқын болып, әрқашан шабыттарың сарқылмасын.🤏🏻
Мен сендерді әрдайым қолдаймын және жақсы көремін💘
Сендерді шексіз жақсы көретін - Жаннұр(nurbolovvvnaa)❤️‍🩹




Сәлем Абукаааммм!Мен АЛЬФА тобының белсенді жанкүйерімін.Сендер туралы білгенін,сендерді танығаныма көп болмасада, сендер мен үшін ең жақыны болып кеттіңдер!Бұл хатты жазуға мүмкіндік беріп отырған адамдарға мың алғыс!Бір күні Алматыдан Түркістанға қарай поездбен қайтып келе жаттым.Түсімде Дарконтайды көрдім,мені ұнатады екен.Маған күшті қарап, жағдайымды жасап жүрді,қатты бақытты болдым.Ояндым,сендер туралы білмеймін,өлеңдерімді есімегенмін,қызығып Түркістанға келген соң сендерді зерттедім,іздедім.Осылайша элпи болдым.Биасым сенсің Абукам,врекер биас Тілеукам.Энбикош,Ақжол барлығыңның орындарың ерекше!Бір ай ремонт болып,күні бойы 10 сағат болса 10 сағат тек сендердің әндеріңді тыңдап жүрдім.Күнде ойым тек сендерде,түсімдеде күнде сендерді көремін жандарым сол.Сендерді көру арманым,Алла сендерді көруді жазсын!Альфа мен үшін үнемі АЛЬФА!Қатты жақсы көремін,орындарың бөлек,тек биас емес приоритет ретінде көремін!Love ya!Сәлемнен:Айкөркем
inst:aaa_iiikaaa




Сәлем, сүйікті ALPHA! Сіздерді 4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Төрт жыл – қысқа уақыт сияқты көрінгенімен, сіздер осы кезеңде үлкен жолдан өттіңіздер. Әрбір әндеріңіз, бейнебаяндарыңыз бен сахналық қойылымдарыңыз бізге қуаныш, шабыт және күш сыйлады. ALPHA – тек топ қана емес, ол жанкүйерлер жүрегінде ерекше орын алған үлкен отбасы. Сіздердің еңбектеріңіз, өнерге деген адалдықтарыңыз және жанкүйерлерге көрсететін махаббатыңыз бізді әрдайым алға жетелейді. Уақыт өткен сайын сіздер одан әрі өсіп, жаңа жетістіктерге жететініңіздерге сенемін. Болашақта да биік шыңдарды бағындырып, Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемге өз өнерлеріңізді таныта беріңіздер. Біз әрдайым сіздерді қолдаймыз, қуаныштарыңызға ортақтасып, қиын сәттерде қастарыңыздан табыламыз. ALPHA, сіздерді қатты жақсы көремін 🤍
Тт ак:zhar1q
Есім:Аида




Привет, Alpha!
Я хоть и не смогу пойти на ваш концерт с VIP-билетом, решила передать слова, которые хочу сказать, через это письмо.
С четырёхлетием вас! За эти четыре года вы сумели завоевать сердца зрителей, и сейчас у вас очень много поддерживающих людей, а мы всегда с вами. Ваши видео мне хочется пересматривать снова и снова. Не знаю почему, но даже за короткое время я очень привязалась к вам. Мы можем вместе с вами и смеяться, и плакать, знаем наизусть каждую вашу песню, и даже когда крашусь, еду в машине или убираюсь дома — делаю это под ваши песни.
Я не пропускаю ни одного вашего прямого эфира, даже если очень занята — нахожу время. Мой биас — Абу, он покорил меня своим голосом. Впервые я увидела его в кавере «Арман» и слушала ту песню снова и снова, а со временем стала L&P.
Вы всегда дарите радость и вдохновение, вы тёплая и дружная группа, умеете заботиться о фанатах и баловать их, понимаете шутки. Когда писала это письмо, даже прослезилась. Спасибо вам за весь труд и бессонные ночи, которые вы вложили.
Если вы читаете это, знайте: вы — самая лучшая группа в моей жизни. Очень хочу однажды сказать вам всё это лично, сфотографироваться и оставить тёплые воспоминания, но, к сожалению, не на этом концерте.Вы случайно не группа 1%,а 99%моя<3.
С приветом, ваша — L&P (Баян) bolat_kyzy5.




Сәлем альфа және фанаттары
Сендер ең керемет ең мейрімді топсындар білесіндер ме Ай қылықты Абу салмақты Коззи әр адамнын жүрегіне күлкі жымиуына себебін тигізіп жүреді ғой Сендерді көруім арманым Сендер тек аман болсаңдар болды сендер Проект х дан бастап доссындар білемін сендер бірге қосылдындар сол кездер әлі есімде сендердін фанаттарын ең жақсы фанаттар сендерге айтарым өмірлерінде хайырлы иманды жар бұйырсын тек аман болындар Сендердін әндерін әр адамнын жүрегіне орын табады сендерге басымды иемін
Хат Ильнара фанаттарыннан nara_shagyrtu




Құрметті ALPHA ұжымы, сіздерді өнердегі төрт жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын. Осы кезең ішінде әрқайсыңыз талантыңызды шыңдап, тыңдарман жүрегінен орын алдыңыздар. Шығармашылық жолыңызда жеткен жетістіктеріңіз мақтан тұтарлық. Жасаған әр туындыңыз музыкалық мәдениетті байытып, тыңдаушыларға шабыт сыйлады. Әрбір сахналық қойылымыңыз кәсібилік пен жанкешті еңбектің жемісі екенін дәлелдейді.
Топ құрамындағы әр музыкант жеке дара қабілетімен, мінезімен ерекшеленеді. Бірліктеріңіз, өзара түсіністіктеріңіз, ортақ мақсаттарыңыз табыстың берік негізі болды. Сіздер өнер арқылы жақсылықты, мейірімділікті, рухани құндылықтарды жеткізіп келесіздер.
Алдағы уақытта жаңа әндер, тың жобалар, халықаралық деңгейдегі жетістіктер сіздерді күтеді деп сенемін. Армандарыңыз орындалып, жанкүйерлер қатары арта берсін. Шығармашылық шабыт ешқашан таусылмасын. Әр қадамыңыз сәттілікке, әр күніңіз қуанышқа толсын.
Денсаулықтарыңыз мықты болып, қуаттарыңыз арта берсін. Болашақта өнер жолында жаңа белестерді бағындырып, қазақ музыкасының дамуына үлес қоса берулеріңізді тілеймін. Төрт жылдық еңбектеріңіз – үлкен жетістіктердің бастамасы ғана. Біз әрдайым қолдап, жетістіктеріңізді мақтан етеміз.Алдағы уақытта сіздермен көріссем деген арманым орындалады деп ойлаймын.
Мерейтойларыңыз құтты болсын, ALPHA 🤍
@_ayakoz1




Сәлем мен сіздерден үлгі алатың жанкүйеріңіз-Тілеужанмын.Иә менің есімім Qozzy-лақаб атымен танымал Тлеужан Уалиевтың есімімен бірдей. 2025 жылдың шілде айынан бастап ALPHA тобының жанкүйеріне айналдым.Шынымды айтсам,кішкентай күнімнен музыка-менің дұшпанымдай болатын.Яғни ән айту,музыка тыңдауды жек көретінмін.Бірақ сіздердің Қызықtimes-бағдарламасына қонаққа келген кезде ZHOLDAR және KIM OL-атты өлеңдерінізді тыңдаған кезде ALPHA тобына қызығып ,музыка тыңдау маған ұнай бастады.Сіздердің әндеріңіз маған шабыт сыйлайды және сіздердің әндеріңіз қосылған кезде бірден көңіл күйім көтеріледі.Менің биасым-N.B.Ол өте тәрбиелі өнерлі,ермінезді.Оның тыңдарманға деген сыйластығы жоғары.Сонымен қатар Qozzy,I,Aboo-оларда тәрбиелі,сыпайы жігіттер.Сіздерге тілейтінім тек бақыт,денсаулық және сәттілік тілеймін.Еңбектеріңіз жана берсін.4 жыл уақыт ішінде сіздер жоғары  нәтиже шығардыңыздар.Енді алдағы уақыттарда әлемдегі ең үздік топтардың қатарына кіресіздер деген үміттемін.Сіздердей мықты ерлерді тәрбиелеген ата-аналарыңызға алғыс айтамын.Сіздерді қолдаймын,құрметтеймін және алғыс айтамын.
Мәңгілік жанкүйеріңіз Тілеужан Аллаберген.
Инста ник:tileuzhann1




Сәлем, бұл armanovna.013, атым Іңкәр.
 Біз, L&P, әрдайым сендерді қолдаймыз. Сендердің күлкілерің біз үшін ең үлкен бақыт.
Сендер мені танымасаңдар да, фан-аккаунтымды байқамасаңдар да, эфирде жазған сөздерімді көрмесеңдер де, тіпті осы хатты оқымасаңдар да, мен ренжімеймін. Себебі менің жүрегімде сендерге деген қолдау мен сүйіспеншілік ешқашан өшпейді. Мен әрдайым сендер жайлы видеолар жасап, жүрегімдегі сезімді бөлісе беремін. Білемін, сендер көрмей қалуларың мүмкін, бірақ менде үміт бар — бір күні сендерге жетеді деп сенемін.
L&P-ге қосылғаныма 1 жыл өтті, бірақ бұл уақыт қалай зырғып өткенін байқамай да қалдым. Сендерді таныған күннен бастап өмірім түбегейлі өзгерді. Әндеріңнің әр сөзі, әр әуені, әр мағынасы — маған үлкен күш пен шабыт береді. Сендердің әндерің көп, бірақ мен сенемін — болашақта одан да керемет, одан да әсерлі туындылар шығады.
Мен сендерді әлі көрмедім, бірақ бір күні көремін деп сенемін. Биылғы 4 жылдық концерттеріңе қатты барғым келеді. Өкінішке қарай, мен Таразда тұрамын, ал Алматы мен Астанаға өзім бара алмаймын. Дегенмен, ол концерттің ерекше әрі әсерлі өтетініне сенімдімін.
Сендерге алғысым шексіз. Болашақта тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде таныласыңдар деп сенемін. Сендерді өте-өте қатты жақсы көремін.




Сәлем құрметті Альфа
Бүгінгі сендердін 4 жылдық қуаныштарың құтты болсын! Сендер аз ғана уақыт ішінде үлкен жетістік жинадыңдар, және алдағы уақытта да жинайсыңдар деп сенемін. Мүмкін болса сендерді шынайы қолдар едім бірақ тек телефон экранынан қолдау көрсету ғана бұйырыпты. Мен сендерді 2023 тен бері көремін және өзіме биас ретінде Нұрлыбекты алдым. 2 жыл ішінде сендерге махаббатым артып, барлық типтерінде жақсы көре бастадым. Альфа сендер менің өмірімді өзгерткен, жаныма жылумен тыныштық силаған топсыңдар! Мен сендерді құрметтеймін, силаймын және қолдаймын. Бұйырса Қазақстанды дамытып, мойындататын елге әйгілі топ боласыңдар деп тілеймін. Сендердын қатты ұнайтын әндерін ол - Қыс әні. Дәл осы жолдары:
Әуен ғана жұбатады қалсын солай.
Сендерге айтар сөзім: сендер тек қана топ емессындер, сендер- менің рим империямсындар! 4 жылдықтарыңмен шын жүректен құттықтаймын! Басты тілерім әрі қарай дамып, арманда ғандай мәртебелеріңе жетіндер. Біз тек қана қолдаушы емес, 1 отбасыдаймыз❤️
Сендердін love and peace тарын:alpharicks🫶🏻✌🏻




Сәлем, ALPHA! Мен сіздерге үлкен алғысымды айтқым келеді. Сіздерді 4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Менің атым – Камила, Instagram: @aslankyzy.c, фанаттарыңыз болғаныма 2 жыл болды. 2023 жылдың басында сіздер туралы алғаш естідім, бірақ қатты мән бермедім. Біраз уақыттан кейін, 9-сыныпқа өткенде, қиын кезең басталды: басымда түрлі ой болды, өзімді жоғалтып алғандай сезіндім. 25 қыркүйек күні қайтадан әндеріңізді тыңдай бастадым. Ең көп тыңдағаным – Құпия. Сол ән мені қайта өмірге әкелді. Сіздердің тартымды энергияларыңыздың арқасында басымды көтеріп, нық қадам бастым. Қасымдағы адамдар қолдау көрсете алмаған сәтте де, сіздер әндеріңіз арқылы маған дем бердіңіздер. Соның арқасында емтихандарымды жақсы тапсырып, қазір Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі бөлімінің 2-курсында оқып жүрмін. Концерттеріңізге, фан-встречаға бара алмасам да, бір күні сіздерді көремін деп сенемін. Сондықтан әр нәрсеге көңілдеріңіз түсірмей, алға қарай ұмтылыңыздар. Шын адал L&P әрқашан қолдау білдіріп, жандарыңызда болады. Те, кто хейтит — это люди, которые ничего не умеют, поэтому и завидуют.




Сәлем, сүйікті ALPHA! 💙
Бүгін сендердің сахнаға шыққандарыңа 4 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде сендер талай биікке жетіп, бізге шексіз қуаныш пен шабыт сыйладыңдар. Әрбір әндерің,бейнебаяндарың, сахнадағы әр қимылдарың бізге ерекше сезім мен мотивация береді. Сендердің еңбектерің мен өнерге деген адалдықтарың біз үшін үлкен үлгі.
4 жыл — бұл тек бастамасы. Алда сендерді әлі талай жеңістер, жаңа әндер мен жарқын жобалар күтіп тұр деп сенемін. Біз, фанаттарың, әрқашан жан жақтан қолдау көрсетіп, қасыңда боламыз. Қуанышыңды да, қиындығыңды да бірге бөлісеміз.
Сендердің энергияларың, шынайылықтарың және сахнадағы харизмаларың бізді баурап алады. Әрбір шыққан әндерің жүрегімізде мәңгі қалады.
Мен сендерді қатты жақсы көрем ❤️ Шымкентте күтеміз!
Құрметпен,
фанаттарың Balmuzdaq
Рахмет!




Сәлеем Альфа!
Бүгін мен сендерді 4-жылдықтарыңмен құттықтай отыра хат жазғым келіп тұр, және де сендер менің өміріме қандай маңыздылықтар мен өзгертулер еңгізгендеріңде рахметім ретінде жазбақшымын.
Ал енді біріншіден мен сендерді 4-жылға арнайы жасаған соло концерттеріңмен құттықтағым келіп тұр. Төрт жылда көптеген белестерді бағындырдыңдар. Қаншама адамның жүрегінен орын алдыңдар. Түрлі шығармалар шығарып love&peace-тердің жүректерінде мәңгі қалатын болдыңдар. Біздің жасөспірім кезеңімізге нұр шашып, сенімімізді арттырдыңдар.  Жекеше айтқанда менің өміріме, алдыға қойған мақсаттарыма көптеген өзгертулер еңгізіп, жарық жұлдыздай жарқырап келе қалдыңдар. 2022жылдан бері тыңдап келе жатырмын, және әр жыл сайын сендерге деген жанкүйерлік сүйіспеншілігім артпаса, кемімегеніне сенімдімін. Өкініштісі 3жыл ішінде мүлдем көріспедік, бірақ алда міндетті түрде көрісетінімізге сенімдімін. Әрқайсыңа айтар рахметім көп. Сендердің арқаларыңда мен өзім қалаған мамандығыма түсуді жоспарлап отырмын.
Сендердің шығармаларыңның арқасында ғана өзімді таптым десем де болады.
Көптеген мотивациялық сөздерің миымда сенімділік беретін ұран секілді, әрдайым жадымда сақталады.
Төртеуіңніңде эфирларыңда отырып өте қатты жолым болғанын түсіне бастайтын секілдімін.
Ата-анаммен күнделікті конфликттер кезінде сендердің видеоларыңа қарап күле бастаймын. Өмірімді расыменде 180градусқа өзгерттіңдер.
Топта қандай қиыншылық болсада біз үшін әрдайым жаңаша формат еңгізетіндеріңе рахмет. Біз сендерді өте қатты жақсы көреміз. МиТай сендерді жақсы көреді!
Махаббатпен МиТай-qozzikers
@qozzikers  ❤️




Құрметті ALPHA
Сіздердің әрбір еңбектеріңіз мен үшін ерекше. Сіздердің еңбектеріңіз жай музыка емес ол өмірге деген үміт сыйлайтын сиқырлы күш десем де болады топтың төрт жылдық мерейтойы мен үшін үлкен қуаныш осы уақытқа дейін сіздер бізге қуаныш сыйладыңыздар. Мен сіздерге ризашылығымды білдіргім келеді алдағы уақытта да өлеңдеріңмен жүректерді жылытуды жалғастыра беріңіздер. Ары қарай тағыда биіктерде көріне беріңіздер. Сіздер үшін бұл жолда мен әрқашан ловенпис болып қаламын.
inst: xvii_zbs
[Зиядинова Балнұр]




Сәлеем альфаа,сендерді төрт жылдықтарыңмен шын жүректен құттықтаймын.Сендермен бірге бізде өстік,бірге есейдік десем де болады.Сендердің әндегі жүректен шыққан әр сөздерің менің жүрегіме де жетеді.Көзім сендерді көргенде жүзімнен күлкі кетер емес,сендермен өткен әр секундтымды бағалаймын.Осы өмірде сендер сияқты керемет әртістерді кездестіргеніме шүкір етемін.Алғашқы кездесуімізді ұмытар емеспін,алдарыңа кеп не айтарымды білмей қобалжуым әлі есімде,сол кезі менен бақытты жан болмады.Мен сендерді шынайылықтарыңмен ерекше қатты жақсы көремін.Қайда жүрсеңдер де ең бірінші аман болыңдар.Қандай жағдай болсын ,сендердің тараптарыңа хейт төгіліп жатса уайымдамаңдар мы со всеми разберёмся,ең бастысы ешқашанда көздеріңдегі отты сөндіріп алмаңдар.Сендер әрқашанда менің соңғы тірегім болып қаласыңдар.Қиын жағдайда әр қашанда қолдауды сендердің жүректеріңнен шыққан сөздеріңнен іздеймін.Бақытты айналадан емес өзімнен іздеу керектігін сендердің арқаларыңда түсіндім.Сендерді өте қатты жақсы көремін.Болашақтарың әлі алды,әлі көре жатармыз әлемдік әртіс болу бұйырсын.Менің бүкііл таныстарым сендерді қалай жақсы көретінімді біледі.Бірінші турларыңда көргендегі эмоциямды бүкіліін біледі.Сендерді өзімненде артық қатты жақсы көремін.Егерде бүкіл әлем сендерге қарсы шықса,біз әлемге қарсы шығамыз.Бұның бүкілі тек сендер үшін.Қатты жақсы көремін
Хат жазушы Каусар
Инст:kauunwxx__




Жандарым Альфам 4 жылдықтарың құтты болсын!  4 жылдан бері элпи болып сендермен бірге болғаныма өте қатты қуаныштымын.Ерте білгеніме, сендерді жақсы көргеніме, ловенпис болғаныма ешқашан өкінбеймін! Сендерге 10-15 жыл болып жатсада үнемі элпи болып қаламын. Сендерде қандай қиыншылық болсада біз әрдайым қолдауға дайынбыз. Осы 4 жылда қаншама қызық, қаншама әндер, қаншама мұңды жағдай, қаншама күлкілі кездер болды. 4 жылдыққа орай өте активный болып, бізді соңғы кезде өте қатты қуантып жүрсіңдер. Осылай әрдайым активный болып элпилерді қуанта беріңдер.Сендермен өткен осы 4 жылым өте жылы, көңілді, қуанышпен өтті десемде болады.Мұңайған кезде әндерінмен жұбаттыңдар.Сендердей Қазақстан да "Alpha"  деген топ барына қуанам.Тек алға баса беріңдер.Әрбір әңдерін, әрбір еңбектерін бізге шабыт береді. Бұл танымалдылық, бұл еңбектерін 4 жыл ішіндегі өте керемет көрсеткіш. Әлі талай биікті бағындарсыңдар, және біз оған сенеміз. Біз үшін тек жай топ емес отбасы болып кеттіңдер.БҰРЫНДА ХЕЙТ ЕТІП СЕНДЕРГЕ СЕНБЕГЕНДЕР ҚАЗІР СЕНДЕРДІҢ ТІПТІ ФАНАТКАЛАРЫҢ БОЛЫП АЛҒАН, АЛ БІЗ БАЯҒЫДАН СЕНДІК. 🩶Бәрі үшін рахмет.
Мен:  Айлан @zhabasovaa_




Сәлем, Alpha!
Бұл сіздердің адал жанкүйерлеріңіздің бірі – L&P- Нұрлыайым (nurlyphantom). Мен сіздерге жанкүйер болып жүргеніме 1 жыл болса, ал сіздерге топ болып құрылғандарыңызға 4 жыл толып отыр. Шын жүректен құттықтаймын! Әндеріңіз әрдайым маған шабыт сыйлап, жаңа мақсаттар мен істерге жетелеп келеді. Қуансам да, мұңайсам да сіздердің шығармашылықтарыңыз мен үшін нағыз демеу болды. Сол үшін үлкен алғыс айтамын!
Менің кумирім – Тілеужан, ал брекерім – бүкіл Альфа тобы! 🤍 Сіздердің сахнадағы энергияларыңыз, бір-бірлеріңізге деген қолдауларыңыз және еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. 4 жыл аз уақыт емес, бұл – шыдамдылық пен табандылықтың, еңбектің жемісі. Болашақта әлемдік деңгейге көтерілулеріңізге тілектеспін. Ол кезде олд фанаттарыңызды ұмытып кетпейсіздер деп сенемін 😂.
Әрқашан биіктерден көрініп, нағыз үлгі бола беріңіздер! Армандарыңыз орындалып, еңбектеріңіз бағаланып, жүректеріңіз әрқашан өнерге толы болсын. Біз жанкүйерлер әрқашан сіздермен біргеміз. Барлықтарыңызды қатты жақсы көремін!




Сәлем Альфа
Бүгін сендерді қолдап келе жатканыма 3 жылға жақындап қалды .Сендердің менің өмірімде ерекше орын алғанын білесіңдерме ? Кейде өміріңде болмайтын бір қиыншылықтар болады.Менің барлық болмайтынтын қиыншылық қой енді ұбт,сабақ анау мынау.Биылғы жылдың түлегімін.10 сынып бітіргенде сендер тур бергенде бара алмай біраз ренжіп едім ,одан кейін олар Өскеменге келмесе мен оларға барайын дедім.Алматыда оқымайтыныма кәміл сенімді болдым,тым болмаса Астанада оқиын деп ойладым.Біраз айлар өткеннен кейін Өскемен қаласында қалып қалардай сезіндім.Содан жүргенде 9 ай көзді ашып жұмғанша өте шықты,сендер барған концерттерге бара алмай катты жылап ,көңіл күйім түсетін еді ,лп бэйс,онлайн билеттермен біраз көңілімді көтеретн болдым.Ұбт тапсырып біттім,өз қаламда қаламын деген ой әлі де басым болды,содан кейін ойлап отырсам сендер әлі өскеменге келе қоймайтын сияқтысыңдар ,содан Алматыға оқуға түсемін деген шешімге келдім.Солай міне Документ тапсырғалы жүргенде сендердің екі қалада соло концерт ерің болады дегенді естіп “мен неге өскеменді жазуым керек “ жеп 2 алматы ,2 астана қалаларын жаздым,бұйыртып алматыға оқуға түстім.Енді документ тапсыруға өмірі бармаған Үлкен қалаға аяқ ьасып жатырмын.Студенттік шағым сендердің концерттеріңмен көркеяді деген сенімдемін бұйырса.(өзім қалаған мамандыққа,қалаған универге түстіп айтпақшы құттықтасаңдар болады🤣)Осы жылы көп құртып вип билетке ақша таппадым(танцполға алдым) ,бірақ бұйырса келесі жолв міндетті түрде кезігеміз деген ойдамын. Сендерде демалысқа кетпейсіндер деген үміттемін. Мен сендерге сенемін жандарым🫶🏻
Сәлеммен a1ipovaa_🤍




Альфа, 4 жылдықтарың құтты болсын!
Сендер мен үшін жай ғана әртістер емессіңдер. Сендер — шабыттың, армандарға берік болудың, еңбектің нағыз бейнесісіңдер. Төрт жыл ішінде қанша қиындық көрдіңдер, қанша сынақтан өттіңдер, бірақ ешқашан берілмей, одан сайын мықты болып, жарқырап шықтыңдар. Бұл сендердің табандылықтарыңның ғана емес, жүректеріңнің үлкендігін көрсетеді.
Мен сендердің жолдарыңа қарап көп нәрсе үйрендім. Қиын сәттерде қалай шыдамдылық танытуға болатынын, қалай арманнан бас тартпай, соңына дейін жетуге болатынын көрсеттіңдер. Сендердің сахнадағы күлкілерің, әндерің мен сөздерің маған әрқашан қуат береді. Шаршаған күнімде сендерді көріп, әндеріңді тыңдағанда қайтадан күш аламын. Сендер жанымдағы ең үлкен демеу, ең мықты мотивациясыңдар.
Әрбір қадамдарыңды мақтан тұтамын. Себебі сендерге оңай болған жоқ — бәрін өз еңбектеріңмен, адалдықтарыңмен дәлелдедіңдер. Сонда да берілмей, жарқырап шыққандарың үшін сендерді қатты жақсы көремін. Сендер бізге тек өнер ғана сыйлап жүрген жоқсыңдар, сендер бізге үміт сыйлап жүрсіңдер.
Алда сендерді әлі талай белестер күтіп тұр. Мен сендерге сенемін, сендер одан да биікке шығасыңдар. Қайда жүрсеңдер де, қандай сахнада болсаңдар да, сендер әрқашан жүрегімдесіңдер. Сендер — ең қымбат, ең ыстық махаббатымның иелері.
Рахмет сендерге, Альфа! Бар болғандарыңа рахмет. Мен сендерді сөзбен айтып жеткізгісіз жақсы көремін.
i_simbaa_
i.simbaa_




Құрметті ALPHA!
Сіздерді шығармашылық жолдарыңыздағы маңызды белес – 4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Осы уақыт ішінде сіздер өз еңбектеріңізбен, таланттарыңызбен және керемет туындыларыңызбен жүрегімде орын алдыңыздар.
Сіздердің өнерлеріңіз шабыт беріп қана қоймай, қиын сәтте қараңғыдан жарыққа жетелеп, ал әрбір жаңа әндеріңіз қуаныш сыйлайды.
Алдағы уақытта да шығармашылықтарыңыз өркендеп, жаңа жетістіктер мен биік белестерге жете берулеріңізге тілектеспін. Дендеріңізге саулық, өнер жолында табыс, сарқылмас шабыт тілеймін💖 Сіздерді қаншалықты қатты жақсы көретінімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын, қандай жағдай болсада, қолдауға дайынмын, дәл сіздердің жанкүйерлеріңіз болғаныма еш өкінбеймін, love you guys!
(әлі алда талай кездесеміз деген ойдамын🥹🤏🏻)
Махаббатпен DARKOTERMIYA (guli<3)




ALPHA, жандарым 4 жылдықтарың құтты болсын!! 4 жылдықтарың береке, шаттық, қуаныш, байлық, күлкі және бақыт алып келсін!! Тек биік белестерден көріне беріңдер!! Армандарың, алға қойған мақсаттарың орындалсын!! Сендермен бірге өткізген экранның артындағы да, сендерді алғаш көрген уақытым да мен үшін өте маңызды, жылы, ең сүйікті, ең керемет кезең!! Әрбір жаңа басқан қадамдарың тек жақсы қадам бола берсін!! Қандай жағдай болмасын біз сендерді барынша қолдаймыз және бағалаймыз!! Сендер менің өмірімде кездестірген ең керемет, ең үздік, ең сүйікті топсыңдар!! Сендердің қандай керемет жан екендеріңді жеткізуге тіпті ешбір сөз жетпейді!! Бәлкім басқалар үшін сендер тек жас топ шығарсыңдар, ал мен үшін сендер өміріме шуақ шашқан ең ерекше жандарсыңдар!! Мүмкін осыдан 1,5 жыл бұрын сендерді кездестірмегенімде мен дәл бұлай қуанып, айналамның бәрінен әсемдік көрмес пе едім? Сендерді кездестіргеніме, сендерді қолдап бастағаныма қатты қуанамын. Әрі қарай да осы беттеріңнен талмай биік белестерді бағындыра беріңдер!! Жарық жұлдызшаларым, менің сүйікті, сүйкімді, ең үздік жүрекшелерім, сендер ең күштісіне лайықсыңдар!! Сол себепті алған беттеріңнен таймай тек алдыға қадам баса беріңдер!! Сендер жаңа туынды, жаңа керемет дүние шығарудан, бізді өздеріңнің өнерлеріңмен қуантудан талмаңдар!! Ал біз сендердің әрбір қадамдарыңды, әрбір жеңістеріңді, әрбір бағыттарыңды, әрбір шешімдеріңді қолдап отырамыз!! Мен сендерді шын жүректен жақсы көремін!! Әрдайым сендерді қолдауға, сендерді бағалауға, сендермен тамсанып отыруға дайынмын!!
Вы самые лучшие, самые прекрасные, самые шикарные, самые очаровательные, самые милые, самые-самые любимые!! У вас все получится!! Я в вас верю!! Сильно-сильно люблю вас!!
Wishing you continued success, my brightest stars!! I love you so much!!❤️❤️❤️
Love ya, жүректерім🫴🏻🤍🤍!! күлімдеп жүріңдер, күлімдеден🫶🏻
от:abnbidq (kúlimde, диана)




салем альфа неден бастарымды білмеймін ойымда неше түрлі жазатын сөздер бар.Мен фандомга элпи болп осы жылы келдім 2.06. мен үшін ерекше күн сендерді 2024 жылдан бастап таныймын ең алғашында сендерді көргенде жүрегіме бір жылулық барды және де сұрақ қалай мен бұл топты бұрыннан байқамағам.Менің жүрегіме ең бірінші болып TOXIC өлеңі келді менің сендерге деген бар махабатым осы өлең арқылы басталды.Мен оны бірінші рет тыңдағанда шок та болдым өйткені мен бұндай өленді ешқашан естімегем.Әрине 91дін фанаты болдым бірақ олардын өлендері менің жүрегімде бөлек орын.Солай 24 жылы алғаш танығам сендерді🤣🤣.Содан кейін сендер туралы ақпарат іздеп бастадым және сендер туралы көп ақпарат білдім.Көзіме оттай басылған тлеужан неге екенін білмеймін бірақ ол басқалардан ерекше көрінді.
24 күзінде сабақ басталып сендер есімнен шығып кеттіндер.күндер өте берді міне жаз 2025 сендердін өлендерін жүрегімді баулай бастады онын алдын сендерде өте жағымсыз хабар болғанын білемін дарын топтан кетті бірақ оған көңілдерінді түсірмендер бұл сендерге берілген сынақ әлі ақ әлемдік рейтингге жетесіндер.енді өзіме оралайын солай өлендірнді тындай тындай фандомга келуге шешім қабылдадым басқаша сезім екен.Көптеген элпиларды таныдым.Екінші орында KIM OL бұл өлең енді бөлек мен үшін недеген дауыстар, коззидын партиясы енді сөзбен айта алмаймын мен сендердін ешқандай концерттеріне бара алмаймын актобе қаласынан болғандықтан.енді менің биасым кайсысы екендіктерін сөзімнен көрініп тұрған шығар🤣🤣.Мен сендердін историяларынды күнде қарамаймын бірақ сендер менің жүрегімдесіндер.Мүмкін сендер бұл хатты оқымайтын шығарсындар бірақ  оқып қалсандар историяларына мені белгілеп салындар 😘.4ЖЫЛДЫҚТАРЫНМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН ЖҮРЕКТЕРІМ МЕНІҢ ӨМІРІМДЕГІ ЕҢ КЕРЕМЕТ ЖАНСЫНДАР.🤍
ізгі ниетпен:назым
ak1mzhanovaa8




Альфа, сендерге деген алғысымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әрбір әуендеріңде, әр қимылдарыңда бізге деген шексіз махаббаттарың сезіледі. 24 тамыз күні Астанада, 5 қыркүйекте Алматыда өтетін соло концерттерің — сендердің өнер жолындағы ең үлкен белестеріңнің бірі. Бұл тек музыкалық кеш қана емес, сендердің қаншалықты талмай еңбек етіп, армандарыңа адал қалғандарыңның дәлелі. Біз сол еңбектің куәсі болу үшін осындамыз.
Сендердің сахнаға шыққан әр сәттерің біз үшін мереке. Әндеріңді тыңдағанда жүрекке үміт ұялайды, жанымыз тынышталады, ойымыз биіктейді. Әр сөзің, әр қадамың бізге шабыт сыйлайды. Қиын күндерде сендердің әндерің бізді жұбатады, бақытты шақтарда қуанышымызды еселейді. Бұл — нағыз өнердің күші, шын таланттың белгісі.
Альфа, сендер тек ән айтып қана қоймайсыңдар, сендер бізді өмірді жақсы көруге, арманнан бас тартпауға, өз жолымызды табуға үйретесіңдер. Сендер әрқайсымыздың жанымыздағы жарық сәулесіңдер. Сендердің сахнадағы оттарың бізге де күш береді.
Астана мен Алматыдағы концерттер тек қана бір кеш емес, тарихта қалады. Өйткені ол күндері мыңдаған жүрек бір ырғақпен соғады. Біз бірге ән айтамыз, бірге қуанып, бірге армандаймыз. Ол сәттер ешқашан ұмытылмайды.
Біз сендермен мақтанамыз. Біз сендерге сенеміз. Қай қалада болсаңдар да, қай сахнада тұрсаңдар да, біз әрқашан жанымыздан табыламыз. Альфа, сендер біздің армандарымыздың айғағысыңдар. Сендер — батылдықтың, табандылықтың, үміттің бейнесісіңдер.
Осы концерттерден кейін сендер одан да биікке көтерілесіңдер. Ал біз әрқашан қолдап, әрдайым сендермен бірге боламыз. Альфа, сендер — біздің жүрегіміздің ең ыстық алауысыңдар!
Инст: Holmi’s

Салем Alphа! калайсындар, келып жеткен 4жылдыктарынмен шын журектен куттыктайымын! Сендерге тілейтінім тек мықты денсаулық, жолдарың әрқашан ашық болсын. Сендер бірге болған жылдар - тек уақыт емес, үлкен белестер мен ортақ жетістіктерге толы сапар! Сендердің әр бірге төртеуің басқан қадамдарың біз үшін үлкен қуаныш. Сендер қуансаңдар бізде қуанамыз, сендер күлсеңдер бізде күлеміз. Бұл сөздер арқылы сендерге айтарым сендер қандай шешім жасасаңдар да, қай жерде болсаңдар да, біз love&peace әрқашан сендерді қорғаймыз, қолдаймыз, сендер үшін қуанамыз! Шын айтсам осы хатты жаза сендерге деген махаббатым одан бетер күшейеді деп айта аламын! 4 жыл - тек қана бастамасы, мен сенімдімін әлі ұйістіп сендердің 10 жылдықтарыңа қуана хат жазып отыратынымызға! 
Ізгі ниетпен
aisyzhol/ Асылай

Құрметті ALPHA!
Мен сендерге хат жазып отырғаныма қуаныштымын. Әндеріңді тыңдаған сайын жүрегім шаттанып, ерекше қуат аламын. Сендердің әрбір еңбектерің біз үшін бағалы, әрбір сөздерің, әрбір қадамдарыңшабыт сыйлайды.
Әзірге өмірде сендерді көрмесем де, болашақта көремін деген үміттемін. Сол күннің келеріне сенемін, өйткені арман орындалады. Егер Оралға келсеңдер, міндетті түрде жолығып, көзбе-көз көрісетін күн туады деп сенемін. Ол сәт мен үшін ең бақытты күндердің бірі болмақ.
ALPHA, сендер бізге тек музыка ғана сыйламайсыңдар, сенім мен махаббатты, достық пен бірлікті де үйретесіңдер. "Love and Peace" фандомымен бірге әрқашан сендерді қолдаймыз, жүректерімізден орын алғансыңдар.
Әрқашан биік белестерге жетіп, армандарың орындала берсін! Біз сіздерді мақтан тұтамыз.
Ізгі тілекпен,
Назым 💫
Instagram: seipollanazym
TikTok: nazym(12.09)
Сәлем, Альфа! 4 жылдықтарыңызбен құттықтаймын. Альфа, сіздермен өткен 4 жыл – өмірімдегі ең жарқын кезеңдердің бірі. Әр әндеріңіз, әр сөзіңіз, сахнадағы әр қадамыңыз – мен үшін шабыт, қуаныш, үміт көзі. Сіздер маған тек музыка емес, жаңа түстер мен сезімдер сыйладыңыздар.
Төрт жыл бойы сіздермен бірге күліп, армандап, қуандым. Әр клип, концерт, әсерлі сәт – жүрегімде мәңгі. Қиын күндерде әндеріңіз жұбатты, ал алға қадам басу керек кезде күш берді. Сіздер менің армандарымның бір бөлігіне айналдыңыздар, және әр жаңа шығарған туындыңызды тағатсыздана күтемін.
Сіздердің еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз, жанкүйерлерге махаббаттарыңыз шексіз. Сахнадан сезілетін шынайылығыңыз – нағыз бақыт.
Qozzy, позитивің мен мейірімділігің бәрін баурайды. Әр сөзің, әзілің – шаттық. Хейтке мән бермей, дами бер. Солоң қатты ұнады.
Aboo, харизмаң, сенімді қадамың, күлкің – жүректерге жылу. Даусың мен мінезің – ерекше күш.
I, еңбекқорлығың мен ұқыптылығың үлгі. Әр детальға мән бересің.
NB, нәзік, бірақ қуатты энергияң топқа үйлесім қосады.
Төртеуіңіз бір-біріңіз үшін жаралғансыздар. Біз L&P сіздерді әрқашан қолдаймыз. Болашақта тек биіктерден көрейік! Құттықтаймын!
Сәлеммен L&P Сезім
Inst:myonly_qozzy

Бәріңе сәлем жігіттер. Сендерді міне келіп жеткен 4жылдықтарыңмен құттықтаймын. Осылай талмай еңбек еткендеріңнің арқасында міне осындай үлкен аудитория мен үлкен танымалдылыққа ие болдыңдар. Біз сендерді қолымыздан келген ше қолдаймыз. Сендердің жеткен әрбір жетістіктеріңді біз құрмет тұтамыз.
Менің ойымша сендер әлемдік деңгейді бағындыратын топ боласыңдар. Алла қаласа бұл ойымда шын өмірде орындалар. Тек қана өздеріңе сеніп, басқа адамдардың артқа тартатын, жағымсыз пікірлеріне ешқалай назар аудармай жүрсең дер болғаны.
Егерде сендерде қандайда бір қиыншылық пайда болса біз сендердің жандарыңда болмасақта қолдау білдіре алатынымыз ды біліп жүрсең дер болғаны.
ТАҒЫДА 4ЖЫЛДЫҚТАРЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН АЛЬФА🩷
Ізгі ниетпен: inst — zhaksybek_ovs2, ник — qozziiu

Қымбатты Альфа! Сіздерді 4 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын! Осы уақыт ішінде бізге қуаныш, шабыт және ұмытылмас эмоциялар сыйлап келесіздер. Әрбір еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Болашақтарыңыз жарқын болып, шығармашылық жолдарыңыз әрқашан сәттілікке толы болсын! Біз сіздерді әрқашан қолдаймыз және жақсы көреміз!
ізгі ниетпен qana🌟
@bizzenova

Бүгін сіздердің 4 жылдықтарыңызды атап өту – біз үшін де үлкен қуаныш. Осы уақыт ішінде сіздер тек топ емес, нағыз мотивацияға айналдыңыздар. Әр әндеріңіз жүрекке жақын, ал еңбектеріңіз бізге шабыт береді.
Спасибо вам за то, что вы всегда дарите тепло и эмоции своим слушателям. Ваши песни сопровождают нас в разные моменты жизни – в радости и в трудностях. Вы – как свет, который поддерживает и напоминает, что всё возможно.
Мен үшін Alpha – это не просто музыка, это чувство семьи и силы. Сіздермен бірге болганыма сендерді тандағаныма еш окинбеймін, и я горжусь тем, что могу быть частью вашей истории.
Төрт жыл – только начало, впереди ещё больше побед, счастья и ярких сцен. Всегда рядом с вами, всегда поддерживаю!
Люблю вас, Alpha!
erk1nova_sss

Қымбатты Alpha тобы! ❤️
сендердің шығармашылық жолдарыңдағы ерекше күн –  4 жылдық! Бұл мереке тек сендер үшін ғана емес, біз Love and peace жанкүйерлер үшін де үлкен қуаныш. Себебі осы жылдар ішінде қаншама сәтті бірге өткіздік. Әрбір әндерің, әрбір сөзіңдер бізге шабыт, қуат, сенім береді.
Төрт жыл – аз уақыт емес,дәл осы қалыпта болашақта барлығын бағындырамыз бұйырса. Армандарыңа жету жолында талай қиындықты көрдіңдер, бірақ ешқашан берілмедіңдер. Сол үшін біз сендерді қатты мақтан тұтамыз! Қазірдің өзінде талай биікті бағындырдыңдар, бірақ ең үлкен жеңістер әлі алда екеніне сенемін.
Бұл мереке тек бастамасы.Әлі талай жылдықтарда кездесеміз.Ал біз, жанкүйерлер, әрқашан жанымызбен де, жүрегімізбен де қастарыңда боламыз.
Алдағы жылдары бұдан да үлкен аренада, әлемдік сахналарда көрінулеріңді тілеймін.
Сендерді қатты жақсы көремін,сәттілік ❤️
L&p-inkar
inst-yelemesova.i

Alpha тобына жанкүйер болғаныма бір жылға жуық уақыт өтті. Осы кезеңде сендер жүрегімде ерекше орын алды. Әндеріңді тыңдағанда бойымда жаңа энергия пайда болып, өзімді мүлде басқа кеңістікте жүргендей сезінемін. Сахнадағы харизмаларың, әр қимылдарың мен сөздерің адамды шабыттандырады. Сендерді көргеннен кейін менде музыкаға деген құштарлық оянып, алғашқы рет өз ойымды әуенге айналдырдым. Бұл ән ешкімге арналмаған, тек жүрегімдегі толқынысты жеткізу үшін жазылды, бірақ шынында сол шабыттың бастауы сендер болдыңдар.
Бір жыл ішінде сендер маған күш, сенім, қуаныш сыйладыңдар. Армандарымның орындалатынына сендірдіңдер. Қанша кедергі кездессе де, алға ұмтылуды үйреттіңдер. Сендердің жетістіктеріңді көріп, өз жолымнан таймауға тырысамын. Алдағы уақытта да шығармашылықтарың биіктей берсін. Дендерің сау, көңілдерің жарқын, ойларың анық болсын. Сендердің жарықтарың әрдайым бізге жетіп, адамдарға үміт сыйлай берсін. Мен үшін сендер қашан да ерекше тұлғасы бар топ болып қаласыңдар.
Алматы соло концертке кездескенше -bkz.erke

Альфа,как ваш искренний поклонник, хочу признаться, что очень люблю вас и ваше творчество. Каждый раз, слушая ваши песни, я наполняюсь силой, вдохновением и верой в собственные мечты.Сіздердің сахнадағы харизмаларыңыз, ерекше стилдерініз және музыкаларыныз бізге керемет сезім сыйлайды. Я верю, что вы достойны признания не только в Казахстане, но и во всём мире. И я уверена то что сіздер шет елдік рынокқа шығу арқылы сіздердің шығармашылықтарыңыз жаңа тыңдармандарға жетіп, әлемдегі миллиондаған жанның жүрегін баурап алады. Сіздердің музыкаларыныздың әсемдігіне шек жоқ,сондықтанда сіздердің өнерлерінізге жаңа үлкен сахналармен,аудиториялар  ашылады дегенге күмәнім жоқ. Біз love& peace әрқашанда сіздердің қастарынызда любой басталмаларынызда  қолдайтын қолдаушыларыныз болып қала береміз. Алдағы уақытта сіздердің международный деңгейдегі үлкен жетістіктерінізді көруге асықпыз💗
Үлкен махаббатпен,
қолдаушыларыныз:zhark

Сәлем менің сүйікті Альфам!
Менің есімім Толғанай
Inst:ladylala_7 tt:aboolady
Жандарым сендер тек сүйікті әртістерім емессіңдер, сендер менің жүрегімнің плейлисті, өмірімнің саундтрегі.
Төрт жыл бойы сендермен күліп, сендермен жылап, сендермен армандап келемін. Кейде өзіме: «Бұл қандай ғажап сезім?» деп қоямын.
Әндеріңді тыңдағанда жүрек Wi-Fi-сыз да байланыста. Сендерсіз күндерім бос, ал сендермен – өмірім ең тәтті әуен.
Қиын күндерде сендердің әндерің мені қайта көтерді, ал бақытты сәттеріме сендер саундтрек болдыңдар. Шын махаббат деген – осы.
Бір сөзбен айтқанда: сіздерді шексіз жақсы көремін, әрқашан қасымда болыңдар.
4 жылдық мерейтойларыңыз құтты болсын. Тағы 40 жыл бірге боламыз деп сенемін.
P.s. Абу сені қатты қатты сағынып кеттім,кұшақтамадым ешқашан бірақ жылуынды әрдайым қасымда сияқты сеземін,Абу мен сені сүйемін! Өмірде айтпасамда оқып қаларсын мүмкін,қатты жақсы көремін,аман болшы сүйгенім)
Ал келесі кездескенше Альфа!

Құрметті, ALPHA 💜
Сіздерге деген махаббатымды сөзбен жеткізу мүмкін емес сияқты, бірақ бүгін 4 жылдықтарыңызға арналған хатта тілегімді айтқым келеді. Мен сіздерді 2024 жылдың қазан айынан бастап тыңдай бастадым, содан бері өмірімнің ажырамас бөлігіне айналдыңыздар. Әсіресе менің биасым – Aboo, ол менің ерекше махаббатым 🥹🤍. Оның әрбір күлкісі, қылығы, эфирдегі еркелігі, шынайылығы жүрегімді елжіретеді. Кейде эфирлерін қайта-қайта көріп отырып жылап та қаламын, бірақ сол сәттердің өзі маған бақыт сыйлайды. Aboo, сен ешқашан жалған болмадың, әрқашан өзің болып қала алдың. Сенің күш-қуатың мен батылдығың бәрінен ерекше. Сенің мейірімің мен шынайы күлкің маған әрқашан жылу береді.❤️‍🩹✨
🌟 I – сенің ерекше стилің мен харизмаңа әрдайым таңқаламын. Сен сахнаға шыққанда, басқа ешкімге ұқсамайтын энергия бересің. Ән айтқанда да, қимылдағанда да өз ерекшелігіңді көрсетесің, соның бәрі мен үшін өнердің ең керемет түрі.✨🔥
🌟 N.B – сенің даусың жүрекке ем. Сен әнді жүректен айтасың, сонысымен бізді баурап аласың. Сен әрқашан салмақты, бірақ ішінде сондай нәзік жүрек жатқанын сеземін. Сенің еңбекқорлығың бізге үлгі. 🎶🤍
🌟 Qozzy – сенің харизмаң бөлек, сен сахнаға шыққанда барлығы сенімен бірге қуат ала бастайды. Сенің күліп тұрғаныңды көру – біз үшін ең үлкен қуаныш. Сен әрқашан көңіл-күй сыйлап, жанымызға жақын болып келесің. ⚡😊
Мен Орал қаласында тұрамын. Биыл жазда өз қалама фестке келгендеріңде сендерді алғаш рет көзбе-көз көргенім – өмірімнің ең ұмытылмас сәті болды! Әрине, қызық жағдай да болды – фесттен кейін полицейлер ұстап, бөлімшеге алып кеткен 😂 содан бері мамам “18-ге тол, сосын қалағаныңа барасың” деп қояды 🤣. Бірақ бәрібір сол күнді ерекше естелік қылып жүрегімде сақтап қойдым.
Алдағы 1 жылда студент атанамын. Мақсатым – Алматы немесе Астанадағы медуниверситетке түсу. Шынымды айтсам, менің ең үлкен мотивациям – сіздер. Сабақ оқып отырғанда алдымда тұрған фотоларыңызға қарап, “осылар үшін тырысып жүрмін” деп шабыт алып,
армандарыма берік боламын. Әр әндеріңіз маған жаңа күш, жаңа шабыт сыйлайды.
Эфирлерде «алдағы уақытта шетелде өнер көрсетуіміз мүмкін» дегенде мен тек қуанам 🌍✨. Себебі сендер оған әбден лайықсыңдар, қазірдің өзінде Қазақстаннан асып, әлемдік деңгейге көтеріліп жатырсыңдар. Мен сіздерге тек алға басу, үлкен сахналарды бағындыруды тілеймін. Ал, біз фанаттар қайда жүрсеңдер де жанымызбен бірге қолдаймыз.
Бірақ бізді де ұмытпаңыздаар😂. Қайда жүрсеңіздер де эфирлерге шығып, бізге махаббаттарыңызды бөліп тұрасыздар деген үміттемін.  Себебі біз үшін сіздердің әр сөзіңіз, әр күлкіңіз – ең үлкен қуаныш 🫶🏻.
Жүректерім, жандарыыым, ALPHA! Сіздер менің ең үлкен шабытым, қуанышымсыздар. Алдағы уақытта әлі талай үлкен сахналарды бағындырасыздар деп сенемін. Ал мен үміттенемін – бір күні бетпе-бет кездесіп, “мен сендерді күткен едім” деп айтамын 🫶🏻❤️‍🩹
С искренней любовью, ваша Назёка 🕊️🤍
ig:@izgaliyevaa

Сәлем, сүйікті ALPHA! 💎
Төрт жылдықтарыңмен құттықтаймын! 🎉
Мен сендерді танығаныма небәрі бір жыл болса да, экранның ар жағынан бірге өткізген әр күнім мен әр сәтім шын бақытқа толы болды. Себепсіз күлкі, себепсіз шаттық, себепсіз махаббат — бәрінің артында сендер тұрсыңдар.
A.Boo, сенің ерекше қоңыр даусың жүрекке жылы тиеді. Сенің қамқорлығыңнан ағамның мейірімін сезгендей боламын.
I (Ақжол), сенің сахнадағы харизмаң мен күнделікті эмоцияларың ерекше. Шынымен сөз жетпейді!
A.Bee, сенің күлкің мен даусың бөлек әлемге жетелейді, ахахаха. Жалпы өнер адамы емес, қарапайым адам ретінде өзің ұнайсың.
Ал енді… Qozzy.
Саған деген сезімімді қалай жеткізерімді білмеймін. Қанша сөз жазсам да соңына жете алмайтындаймын. Сенің парттарың, соло әндерің, фристайлдарың, даусың — бәрі мені баурап алады. Кейде тек сенің бөліктеріңді ғана қайталап тыңдай бергім келеді. Қанша жерден сені хейттесе де, сен ондай болмашы хейт пен хайпқа мән бермейсің. Сен тек махаббатқа лайықсың.
Мен жолымды таппай жүргенде сендерді кездестіргенім үшін қуанамын. Әсіресе сені, Qozzy. Өзім қалағаннан да көп махаббат пен жылулықты экранның ар жағынан алғаныма шүкіршілік етемін. Егер сені шын өмірде көрсем, сөзімді жеткізе алмай, жылап жіберетін сияқтымын, ахахаха.
Жалпы ALPHA деген тек «бірінші болу» немесе «қасқыр» емес. Нағыз ALPHA — іспен, махаббатпен, жылулықпен дәлелдей алған отбасы. Сол отбасының бір мүшесі болғаныма қатты қуанамын, ешқашан өкінбеймін.
Ник: Айгөлек🌚

Сәлем ALPHA!
Ең алдымен сендерді 4 жылдықтарыңмен шын жүректен құттықтаймын.Уақыттың қалай зымырап өтіп бара жатқанын ай....💔.Ешқашан мойымаңдар,күдерлеріңді үзбеңдер,біз сендерді әрдайым қолдаймыз,яғни сендердің сүйікті элпишкаларың!😜❤️
Әрине,біз сендер үшін қатты қобалжимыз,қорқамыз,және де бұл тек сендерді шын жүректен жақсы көргендіктен,екінші отбасымыз санағандығымыздан.Егер кейбір жерлерде қатты кетіп қойсақ,немесе сендердің көңілдеріңе тиіп қойсақ,онда сендерден кешірімімді сұраймын,бірақ сеніңдер,мен сендерді қатты бағалаймын,сендердің біз үшін,өздеріңнің болашақтарың үшін көп тер төкендеріңді білеміз және осы бір табандылық пен төзімділік қасиеттерің үшін сендерді сүйіп тыңдаймын,жақсы көремін!💖
Иә білемін,осы дәрежеге,осы күнге жету сендерге оңай болған жоқ,көп хейттан,көп түсініспеушіліктерден өттіңдер.Кейбір кезде менде кей элпилардың бұл қылықтарына таң қалатынмын,кәдімгідей жауап қайтарып,олардың ойын өзгертуге тырысатынмын,және мен ғана емес,көптеген элпилар сендерді шынымен де қадірлейді,оған күмәндәрің болмасын!😆💚
Жақында,сендердің Астанада өткен соло концерттеріңде сендерді алғаш рет көрдім,вип билет болмасада,көп әсер алдым,көзіме еріксіз жас келді,оларды қайтадан көре алам ба? оларға силық табыстай алам ба? оларды қатты құшақтай алам ба? деген сұрақтар мен мазалады,көңілім қатты босап кетті,бірақ сендердің бұл жетістіктеріңе мен қатты қуанышты болдым!🤎
Менің Love&Peace болғаныма 9 ай болды! Және сендердің жанкүйерлерің атанғаныма бірде бір рет өкінген емеспін!🩷
Бір айтқым келетіні,мен сендерді өзімнің жанұям,ағаларым ретінде санаймын! Және де сендерге шексіз алғысымды білдіргім келеді❤️‍🩹⭐️
Ізгі ниетпен элпишкаларың Сауле!
instagram: saule_i

Сәлем, менің сүйікті ALPHA! 💫
Мен сіздердің шығармашылығыңызды көптен бері тыңдап жүрмін және әрдайым шабыт аламын. Әрбір әндеріңіз менің көңіл-күйімді көтеріп, өмірге деген көзқарасымды өзгертеді. Сіздер арқылы армандаудан қорықпай, өзіме сенуді үйрендім.
Концерттеріңізге бара алмасам да, әрқашан жүрегім сіздермен бірге. Бірлік пен еңбектің арқасында қандай жетістікке жетуге болатынын сіздерден үйренемін. Әндеріңіз тек әуен емес, мен үшін үлкен мотивация, демеу.
Төрт жылдық мерейтойларыңыз құтты болсын! Болашақта бұдан да биік шыңдарға жетулеріңізге тілектеспін. Мен сіздерге әрқашан сенемін және қолдаймын.
Ізгі тілекпен,
Айым/Айка
Instagram: @aiym.nagmetulla

Сәлем, ALPHA!
Менің есімім Жұлдызай. Мен сіздерді 4 жылдықтарыңызбен құттықтаймын! Менің сіздерді тыңдап жүргеніме 3 жыл болды. Сіздерге тілерім, артқа қарамай тек әрқашан алға ұмтыла беріңіздер, ешқашан ұмытпаңыздар, біз сіздерді әрқашан, қандай жағдай болса да қолдайтын боламыз. Сіздердің дәрежелеріңіз бізге үлкен қуаныш! Кім не десе де артқа қарамаңыздар! Айтарым тек алға, біз сіздерді қолдаймыз!
Сау бол!
Inst: @zhuzilly04

Hello dear ALPHA!❤️
It is not easy to express my feelings for you in words but with this letter I want to share my honest love and gratitude. Every song you sing and every step you take on stage brings me so much happiness. When I feel weak or tired I listen to your music and watch your videos, and I feel strong again. For me you are not only artists you are special people who heal my soul and give warmth to my heart🌟
In your group, my bias is Akzhol. I want to thank you in a very special way because you have a unique place in my heart. You became a big motivation for me. When I found out that you can speak five languages, I was truly inspired. Because of you, I also started to study languages, and now I am learning Chinese. Every time I learn a new word, I remember you and it gives me energy to continue. You are my dream, my inspiration, and the power that leads me to my future. I follow your example, and I think you are very kind and sweet.✨🥹
I really love you all! Wherever you are, may your way always be open. I hope all your dreams will come true, and every step you take will be successful.
With love,Aidana 💌
inst:aidanwxz_

Сәлем!
Музыкалық кеңістікте орын алғандарыңа төрт жыл өтті. Осы кезеңде сендер шығармашылық, еңбекқорлық, сенімділік, табандылық арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткіздіңдер. Әр сәт, шығарма, бейнебаян, сахналық образ, жанрлық ізденіс – нағыз кәсібилік пен жаңашылдықтың көрінісі.
Тыңдармандармен шынайы байланыс орната білдіңдер. Әр композиция терең мағынамен, ерекше үндестікпен, көркем ырғақпен үйлесіп, жүрекке жетті. Кез келген орындау барысында сезім, жылулық, шабыт байқалады. Таланттарың арқылы тыңдаушылар көңілінен шығатын туындылар дүниеге келіп жатыр.
Ұжым ішінде сенімділік, бірлік, бауырмалдық сақталып келеді. Бұл – табыс кепілі. Сахна сыртындағы еңбектерің де көзге көрінбесе де, өте маңызды. Армандар орындалу үшін сенім, шыдамдылық, тәртіп қажет. Осы қасиеттер сендерде бар.
Төрт жылдың әр күні – тәжірибе, өсу, жетілу. Болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруларыңа тілектеспін. Қазақстандық музыкада осындай сапалы, дара, батыл стиль қажет. Тыңдарман ретінде шығармашылықтарыңмен мақтанамын. Жаңа жобалар, әсерлі әндер, мағыналы бейнеклиптер көп болғай. Әрдайым ізденісте болып,  дамуға, көркемдік шеберлікті арттыруға ұмтылыңдар. Aboo сені ерекше жақсы көремін🫶🏻.Мен сіздерді 너무 사랑해🤍.
---Сезім

Бүгін сіздердің 4 жылдықтарыңызды атап өту – біз үшін де үлкен қуаныш. Осы уақыт ішінде сіздер тек топ емес, нағыз мотивацияға айналдыңыздар. Каждые песни жүрекке жақын, ал еңбектеріңіз бізге шабыт береді.
Спасибо вам за то, что вы всегда дарите тепло и эмоции своим слушателям. Ваши песни сопровождают нас в разные моменты жизни – в радости и в трудностях. Вы – как свет, который поддерживает и напоминает, что всё возможно.
Мен үшін Alpha – это не просто музыка, это чувство семьи и силы. Сіздермен бірге болганыма сендерді тандағаныма еш окинбеймін, и я горжусь тем, что могу быть частью вашей истории.
Төрт жыл – только начало, впереди ещё больше побед, счастья и ярких сцен. Всегда рядом с вами, всегда поддерживаю!
Люблю вас, Alpha!
erk1nova_sss

Қымбатты ALPHA!
Бүгін сендердің үлкен күндерің – 4 жылдық мерейтойларың. Бұл жылдарда қаншама тер төктіңдер, қиындық көрдіңдер, бірақ соған қарамай ешқашан берілмедіңдер. Біз, тыңдармандарың, әр қадамдарыңа куә болдық. Сендердің әндерің бізге жай ғана әуен емес, жанымызды емдейтін шипа, үміт сыйлайтын жарық.
Qozzy-дің күлкісі бізге шаттық берді, N.B-нің дауысы жүрегімізді тыныштандырды. I-дің нәзік көңілі бізді түсініп тұрғандай болды, ал A.Boo-ның жалынды рухы армандарға жетеледі. Сендер төртеуің біріккенде – қараңғы түнді жарық қылатын жұлдызға айналдыңдар.
Төрт жыл — тек бастамасы ғана. Алда әлі биік шыңдар, үлкен сахналар күтіп тұр. Біз сендерге әрқашан жанымызбен сенеміз, ешқашан жалғыз қалдырмаймыз. Әлем сендерді көруі керек, себебі сендер — қазақ жастарының мақтанышысыңдар.
Рахмет, ALPHA. 4 жыл бойы жүрегімізді жылытқандарың үшін. Әлі талай жыл бірге болайық!
Айару,@aiwxxn1

Сәлем Альфа, оқып жатырсыңдар деген үміттемін, қазақша полностью дурыс жаза білмеймін, сондықтан қате болса кешірім сұраймын
Мен сендерді дебют уақытынан білемін, бірақ фандомға келгеніме 1-2жыл болды, осы уақытта жаныма ең жақын адамдар болып табылдыңдар, қиын сәтте жүрегімнің астындағы адамдарым!🩶 Каждый раз когда вы замечаете меня во мне просыпается новая волна желаний вам посвящать видео, но вы замечали не так много🥹😭
Если весь мир будет против вас-я стану против мира, никогда не сдавайтесь, и верьте в свои силы!🩶
w love,tqsalpha!

Сәлем, сүйікті ALPHA!
Бүгін сендердің 4 жылдықтарыңмен құттықтағым келеді. Уақыттың қалай өткенін байқамай да қалдық. Әндеріңді алғаш тыңдаған сәттен бастап, жүрегіме жақын болып кеттіңдер. Әрқайсыларыңның сахнадағы энергиясы мен ерекше харизмаларың жанкүйерлерге үлкен қуат сыйлайды.
Төрт жыл ішінде сендер көп еңбектеніп, мықты жолдан өттіңдер. Бұл бастаманың әлі талай жылдарға жалғасатынына сенімдімін. Әндеріңді тыңдағанда көңіл күй көтеріліп, арманға жетуге жігер аламын. Еңбектерің үшін шын алғыс!
Алдағы уақытта бұдан да үлкен сахналарды бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріңді тілеймін. Жанкүйер ретінде әрдайым қолдаймын, сендермен бірге мақтанамын.
Шығармашылықтарың ешқашан тоқтамай, әр күндерің қуанышқа толы болсын!
Сендерді шын жүрекпен жақсы көреміз!
Ізгі тілекпен: Aiziya
Instagram: @aaiizziiyyaa

Күнделігімнен…
Бүгін ALPHA-ның 4 жылдығы. Жүрегімде мың ой… Қалайша төрт жыл көзді ашып-жұмғандай өтіп кетті? Кеше ғана оларды алғаш көргендей едім. Сол күннен бері өмірім өзгерді.
Qozzy күлгенде – менің жүрегім жылынады. Бірақ кейде ойлаймын: ол күлкінің артында шаршау, жасырынған мұң жоқ па екен?..
N.B-нің дауысын тыңдағанда жаным тынышталады. Қанша рет көз жасымды сүртіп отырып, оның үніне сүйендім екен?..
I-дің мейірімділігін көргенде, «әлемде әлі жақсылық бар» деген сенім оянады.
Ал A.Boo-ның жалын күші – мені өмірден бас тартпауға мәжбүрлейді.
Төртеуін тыңдағанда, өзімді жалғыз сезінбеймін. Әлем түсінбегенде – олар түсінеді. Әлем құшақтамағанда – олар әндерімен құшақтайды.
4 жыл өтті… бірақ мен үшін олар – мәңгі. Олар әнші ғана емес, олар – менің соңғы үмітім, ең нәзік, ең ауыр тұсым.
Рахмет, ALPHA… Егер сендер болмағанда, бәлкім мен болмас па едім.
Айару,@ayhakzhol

Дорогие Тлеужан, Абулхайыр, Акжол и Нурлыбек!
Поздравляю вас с этим особенным днём, с четырёхлетием вашей группы. Это не просто дата, а важный рубеж, который напоминает о том, какой длинный путь вы прошли вместе, и сколько тепла, искренности и вдохновения подарили своим слушателям.
За эти годы вы смогли завоевать сердца множества людей, объединить их через музыку и показать, что настоящая преданность делу и командный дух способны творить чудеса. Ваши песни становятся поддержкой, мотивацией и радостью для многих. Благодаря вам мы учимся мечтать смелее, верить в себя и ценить дружбу.
Отдельное спасибо каждому:
Тлеужан — за искренность и харизму.
Абулхайыр — за энергию и силу.
Акжол — за душевность и тепло.
Нурлыбек — за талант и глубину.
Спасибо за ваш труд, за каждый аккорд, каждую строчку и каждую эмоцию, которую вы делитесь с нами. Пусть впереди будет ещё больше побед, вдохновения и счастливых моментов. Мы верим в вас и всегда рядом!
С любовью и благодарностью, vilkanevillka

Сәлем, ALPHA!
Сендердің 4 жылдықтарыңмен шын жүректен құттықтаймын! Мен сендерді 2021 жылдан бері тыңдап келе жатқан жоқ шығармын, бірақ 2024 жылдың тамыз айында Ақжол тик токтан шығып.Содан кейін бірден сендердің жанкүйерлеріңнің қатарына қосылдым. Турға бара алмасам да, 2024 жылдың 11 қарашасында алғаш рет көрдім.Ол күн мен үшін ерекше есте қаларлық сәт болып қалды. Кейін тайм капсулада да көрдім, тағы да басқа концерттеріне бардым. Бір жылда осылай тез өтіп кетті
Бұрын фан аккаунтым болмаған еді, жақында alphamengaryshta деген аккаунт.Тіпті Ақжол менің историямды көріп бастады, ал 12 қарашада салған постыма Коззи лайк басты. Бұл мен үшін үлкен қуаныш болды.
Мен сендердің фанаттарың болғаныма ешқашан өкінбеймін. Төртеуің сахнада әрдайым жарқырап, шабыт сыйлайсыңдар. Енді алдағы Алматыдағы солоға міндетті түрде барамын.
4 жылдықтарың құтты болсын, ALPHA
@alphamengaryshta 
Нұрсұлу

Қымбатты ALPHA!
Сіздерді топтың 4 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жылдар бойы бізге қуаныш, шабыт және сенім сыйлап келесіздер.Сіздердің әр әндеріңіз бізге ерекше шабыт береді. Әр сөздеріңізден және әуендеріңізден күш-қуат алып, алға ұмтылуға мотивация табамыз. Әрқайсыңыздың сахнадағы еңбектеріңіз, энергияларыңыз бен бірліктеріңіз біз үшін өте қымбат. Менің биасым — Коззи, бірақ бәріңізді бірдей жақсы көремін және әрқайсыңызды мақтан тұтамын. Мен үшін ALPHA тек сүйікті топ қана емес, нағыз отбасым сияқты. Сіздер әрқашан жанкүйерлеріңізге мейіріммен қарап, бізге шексіз қамқорлық танытып жүрсіздер. Болашақта да шығармашылық жолдарыңыз сәтті болып, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер деп тілеймін. Сіздерге алдағы жылдары мол табыс, мықты денсаулық, сарқылмас шабыт пен үлкен сахналарды тілеймін! Біз әрқашан жандарыңыздамыз, сендермен бірге өсіп, әр қадамдарыңды мақтан тұтамыз.
Махаббатпен, LOVE & PEACE
Insta: @r.kadirzhan0vna_
TikTok: @Alphalight3

Қымбатты ALPHA! Төрт жыл бұрын басталған керемет тарих бүгін үлкен мерекеге айналды. Сендер шыққан әр ән жүрегіме жылы леп сыйлап, жанымды тыныштандырып, кейде күлдіріп, кейде жылатып, бірақ әрқашан жігерлендіріп келеді. Әрбір сахналық қимыл, сөз, әуен мен үшін қымбат естелікке айналған.
Сендерге деген махаббатымды жеткізу оңай емес. Шексіз сүйіспеншілігімді дәлелдеудің жалғыз жолы – әрқашан сендерді қолдау. Музыкаларың өмірімнің ажырамас бөлігі болды. Қиын кезде тыңдап, жігерімді қайта таптым. Сендерсіз күндерім бос, мағынасыз сияқты көрінер еді.
Алдағы жылы басқа елдерге саяхаттап, жаңа белестерге қадам басқалы жатқандарыңа өте қуаныштымын. Бұл жолда сендерге тек жеңіс, шаттық, шабыт, табыс серік болсын. Шетелдік жанкүйерлер де біз секілді сендерді құшақ жая қарсы алары сөзсіз.
Болашақтарың жарық болып, армандарың орындалсын. Әрбір күнің қуанышқа, бақытқа, жеңістерге толы болсын. Мен сендерді әрдайым мақтан етемін. Төртжылдықтарың құтты болсын, сүйікті ALPHA!
Инст:gulicar_

Сәлем Alpha! Мен осы жақында сіздердің Астанадағы solo concert де болған болтынмын. Сіздермен жақын сөйлесіп танысқаныма қуаныштымын! Мен бірінші рет келгендіктен қобалжығандықтан көп нәрселерді айтуға ұмытып кеттім. Енді айтыл маған сөздері осы жерге айтқым келіп отыр. Мен сіздерді тындап жүргеніме 418 күн болыпты. Осы күнге дейін мен сіздерге қарап көп нәрсе түсінгендей болдым шыны керек. Мен өмірімде бірінші рет бір топтың жанкүйері боламын деген ой болмаған, музыканы сүйып тындасамда ешқашан ешқандай топтың немесе бір әншінің жанкүйері болмаған екенмін. Сіздерді танығалы бері мен өзімнің болашағымды айқын көрдім десемде болады. Әр қайсыларыныздың өмірге деген махаббатарыныз өте керемет сезімдер берді. Сіздерді танығалы бері менің болашақтағы армандарым көбейді,мен сіздерді кездестірмеген кездерде мен болашақты қара түнек секілді елестетін едім. Арманым жоқ арман мен мақсат не екенінде білмейтін едім. Әйтеуім өмір сүріп жатырмын бірақ менің мақсатым қандай деген ой келмепті. Alphabet қарап отырып жан жақты болу керек екенін түсіндім. Сіздердің әр бір әндерініз бізді шабыттандырады,өзіміздің болашағымызға деген талпыныстарымыз көбіп жатыр. Сіздерді танымайтын кезімде мен өзімді еркін,мақсаты бар адам секілді сезінбейтінмін. Мен жүрегімді тындауды үйрендім,ешкімнің пікірін өз өміріме араластырмауды үйрендім,тек өз жолымды,өз мақсатымды құрып соларға жетуді үйрендім. Маған Алла Тағалам сіздерді себепкер болсын, үлгі болсын деп жіберген секілді. Әлеуметтік желілерді арман мен мақсатты үйрететін адамдар көп бірақ мен оның ешқайсысына мән бермепін. Сіздерге алғысым шексіз!!! Ең бастысы дендеріңіз сау болсын, қайда жүрсеніздерде аман есен болыныздар. Ешқандай теріс пікірлерді сіздерді сындырмасын. Тек айттарым тек алға. Біз СізДерге СЕНЕМІЗ! Әл ақ бүкіл әлемді бағындырасыздар. Болашақта әлемге танымал шетелдік және өзіміңіздің елдің жұлдыздарымен бірге бір сахынада өнер көрсету бұйырсын. Грэммидіде аласыздар әлі ақ. Біз сіздерді қолдап, әрбір жетістіктерінізге қуанып жүре береміз.ТЕК АЛҒА!!! Жарықтарыныз сөнбесін.Біз сіздерді жақсы көреміз әр қайсынызды.
Хатты жазып отырған Айдана aidanbzvaa❤️

Сәлем,Альфа қалайсыңдар?
Мен сендерге хат жазып отырған себебім,сендерге өзімнің алғысым мен махаббатымды білдіргім келіп отыр☺️.Сендер мен үшін жай ғана топ емес,өмірімнің бір бөлшегісіндер.Сендерге фанат болғаныма енді 1 жарым жыл болсада мен үшін ең керемет жаңдарға айналдыңдар🥹💋.Сендерге фанат болғаныма ешқашан өкінбеймін😌❤️.Солоны жақсы өткізіп алдыңдар деп ойлаймын.Дәл осы хатты оқып отырсаңдар мен үшін орындарын әрқашан бар екенің ұмытпандар.Солоға бара алмасамда сендерді қолдап силық жіберіп отырамын.Ал онда 4 жылдықтарын құтты болсын 🥳🫶🏻
Сәлеммен:@erlaankyzy__a 
boraika✨|abooka✨

Сәлем Alpha. Мен элпимін атым асия. Сендерге деген алғысым өте шексіз , сендердің әндерін мені керек кезде жұбатып , керек кезде қуантты , сендерге мың алғыс. Бірақта естуімше алдағы уақытта шетелге кетед екенсіндер эхх депрешн болайн деп отырмго , за то менің сүйікті де өнерлі альфа тобымды жоғарғы дәрежеде көру мен үшін өте бақыт. Кстати менің биасым абушкинс, жанмм абукаа милашкасынгоо сені жеп қойғым келееед. Алдағы уақыттарда яғни болашақта сендерді қазақстанда көремін деген ойдамын , мен сендерді қатты жақсы көрем до того өзімнің кейбір жақын адамдарымнан да , вы проста самые лучшие , тек алға сендерді әрқашан қолдауға дайынмын , аа және менің элпи болғаныма 1 жыл осы қыркүйектее, сосын козяя айкама тисе бермеси тун тун шахур деп блин сол өтіп кетті еще астанадағы концерттерінде энби мен ай костюм киіп шыққандарында садиктегі бөпе құсап шықтығо жандаармм сондай сүйкімдісіндеер , эйй потом тик ток та менің видеоларыма репест басып коом жазындаарш плиз сендер мені әлі байқамағансындар тик токтаа вот мой акк: asiiii0011, ждууу, алдын ала рахмеет❤️ ал мынау менің инста аккым: love_and_peace_alpha_love_ya

Жандарым сәлеммм🥹
Сендерді 4 жылдықтарынмен шын жүректен құттықтаймын алда асар белестерін өте көп екеніне сенімдімін.Сендер туралы естігеніме 2 жыл болады.Осы уақыт ішінде менің өміріме жарық бердіндер.Музыкаға деген махаббатымды аштыңдар.Барлық қиын сәттерді мені құтқарған сендер және әндерін.Музыкаларыңыз, сахнадағы энергияларыңыз, бір-біріңізге деген құрмет пен жанкүйерлеріңізге көрсеткен ықыластарыңыз жүрегіме жылы тиді.Менің биасым Ай.Сені жақсы көремм.Және алдағы уақытта кездесеміз деп үміттенемін.Тур болса бұйырса баратын едім бірақ Қазақстанда болмайсыңдар💔Сендерді көру арманым болса да шетелде дамығандарынды қалаймын.Ешқашан ұмытпаңдар мен сендерді қандай жағдайда да қолдаймын.Кез келген қиын сәтте сендерде отбасыларың және элпилар барын ұмытпандар.Хэйт жазатын адамдарға мән бермеуге тырысыңдар.Бастысы тек бақыт,аман есен өз жартыларыңды тауып биік дәрежелерге жеттіңдер.Егер бұл хатты оқып отырған болсаңдар тек жақсылық тілейтінімді ұмытпаңдар.Көп рахмеет бәрі үшін.Жәнеде құттықтасаңдар болады өзім үшін ең маңызды грантт ка түстім.Астанаға келіп тұрындар кездесеміз күтеееммм❤️
Ізгі ниетпен _akmereiirss

Қымбатты Альфа тобы!
Менің бұл хатым сіздерге деген шексіз алғысым мен махаббатымнан туындады. Сіздердің әндеріңізді тыңдаған сайын жаным тынышталып, жүрегім қуанышқа толады. Кейде күндерім ауыр өтсе де, сіздерге қарағанымда бар уайымым ұмытылып, өмірім қайтадан жарықтанып кетеді.
Менің биасым – Абу. Ол сахнаға шыққанда, жүрегім ерекше дүрсілдеп, көзіме жас келеді. Оның күлкісі мен үшін ең жылы сәуле, ал дауысы жанымның емі сияқты. Бірақ сонымен қатар топтағы әрқайсыңыз маған баға жетпес қазынасыздар. Сіздердің бірліктеріңіз, еңбектеріңіз, шынайылықтарыңыз мені алға жетелейді.
Сіздерді 3-4 рет көруге мүмкіндік алдым, және ол сәттер менің өмірімдегі ең бақытты естеліктер болып қалды. Сол кезде жүрегім кеудеме сыймай кеткендей сезіндім. Сіздер сахнада жарқырап тұрғанда, мен өзімді арманым орындалғандай сезіндім.
Әлем кейде қатал болса да, сіздер маған әрдайым үміт, сенім, махаббат сыйлайсыздар.Алдағы уақытта әлемді бағындыратындарыңызға сенеміз,және сол дәрежеге жеткенше қолдауға дайынбыз.
Хат жазушы:mukhtarovnaaaaaa_(Assemai🫂)
Сәлем менің өмірімнің мәніне айналған жәнеде осы жаз мезгілінің  керемет өтуіне көмектескен, менің сүйікті ALPHA тобым. Мен сіздерді "Project X" жобасынан бері бақылап келемін. Әне-міне дегенше сіздердей керемет топтың құрылғанына 4 жыл өтіпті. Былай қарасаң 4 жыл аз уақыт емес. Осы 4 жылдықтарыңызюен мен сіздерді құттықтаймын. 4 жылда керемет әндер жаздыңыздар. Ойын ойнадыңыздар, қайырылымдық жасадыңыздар❤️ Сіздердің әндеріңізсіз үй жинамаймыз, тіпті жолдада әндеріңізді тыңдаймыз ғой. Сіздердің, біздің де арманымыз әлемдік сахнаға танылу. Біз сіздерді керемет елдерді бағындырған, аты шулы Альфа ретінде көргіміз келеді.Әрдайым алға баса беріңіздер. Кейбір адамдар сіздерге теріс пікір білдіреді екен. "Қыз ұқсаған"," еркек" деп қалай көрсетеміз". Осы секілді сасық ойларға ешқашан мән бермеңіздер. Олар өнерді бағаламайды. Мен сіздерді қатты жақсы көремін. Әр қайсыларыңызға тоқталып кетсем:  A. Boo- жанымм, бопешкааамм. Топтың ең үлкені, бірақ, ең қылықтысы, ең сүйкімдісісің. Ал дауысың ерекше, шыны керек өте ерекше. Проект Х жобасында,  енді ғана өнер жолын бастағанда да дауысың бар еді. Сен талантсың. 
Qozzy- Хахаха ең талантты рэпер. Шынымды айтайын ба. Баста сенің дауысың болмаған еді. Міне араға 5-6 жыл салып, топқа дем бердіің. Крашсың ғой. Айта кетейін қара шаш жарасады. 
N.B- жанымм Нұрлым. Дауысың ерекше. Жіңішке дауысың, топқа ерекшелік сыйлайды. Болмысың, қылығың даже ұрсқаныңа децін жарасады, сүйкімдісің. Білесің бе, мен саған ұқсаймын. Сен сияқты ас жасағанды ұнатамын, ал ұрысқан ұнайды. 
I- менің биасым. Ең сүйікті милашкааммм сені "проект х"  жобасынан бері бақылаймын. Сүйкімдісің өте. Дауысың сондай тәтті. Қылықтарың да. Сені қатты қатты қатты жақсы көрем. Ыдысy жусамда, үй жинасамда, тамақ істесемде ойыңдасың. Қылықтарың есімнен кетпейді. 
Дарын- орның бөлек, махаббатым ерекше. Бірақ саған махаббатымды айта алмаймын. Осы жерден тоқтатацыр😭
Міне, менің сүйікті тобым. Осы 5 жігіт өміріме жарық сыйлады. Сендердің "Қазақ-ай"  атты өлеңдеріңді үнемі тыңдаймын. Басқалар:  МДН, сені ойлай, Тоқта т. б әндерді ұнатса, сол өлең менің жүрегім. Тағыда 4 жылдықтарыңмен құттықтаймын. Одан әрі қарай алға баса беріңдер. Бүкіл әлемге танылыңдар. Біз сіздерді үнемі қолдаймыз❤
Ник:  925834.ai

Сәлем, Alpha!🎉
Бүгін сіздерге 4 жыл толып отыр. Уақыттың қалай тез өткенін байқамай да қалдық, бірақ осы жылдардың әр күні еңбектің, достықтың, қуаныштың куәсі болды. Әрқайсыңыз осы топтың бөлігі болып, қолдау көрсетіп, алға жетелеп жүрсіздер. Төрт жыл аз уақыт емес. Осы аралықта талай сынақтан өтіп, жеңістерге жеттіңіздер. Бір-бірлеріңізді демеп, бірлікте болғандарыңыз үшін үлкен алғыс. Алда бұдан да үлкен жетістіктер күтіп тұр деп сенемін. Әрқашан есте сақтаңыздар, хейтерлерге мән берудің қажеті жоқ. Олар сіздердің еңбектеріңізді, жетістіктеріңізді көре алмайды. Ал сіздер болсаңыздар, алға қарай жүріп, армандарыңызды жүзеге асырып келе жатырсыздар. Барлықтарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шынайы бақыт тілеймін. Армандарыңыз орындалып, әр күніңіз шаттыққа толы болсын. 💫 Жүректеріңіздегі сенім мен шабыт ешқашан сөнбесін. Алдағы жылдары топтарыңыздың аты бұрынғыдан да биіктен көрініп, мақтан тұтатын дәрежеге жетсін. Әрдайым осылай бірлікте болып, алға қадам баса беріңіздер, мен сіздерге сенемін.
Шын жүректен: Ashen Altynai!

ALPHA мен сіздерді аса қатты көп уақыт танымасамда ,сол аз уақыттың ішінде мен сендерге қатты бауыр басып қалғанымды түсіндім.Әрине шын өмірімізде сіздер мені танымасаныңыздарда,ал мен тек қана экраның артынан қызыға бақылап отырсамда.Бұл топқа ,оның мүшесіне деген менің махабаттым өте үлкен.Мүмкін өздеріңіз байқаймасаңызда сіздер көп деген адамға қиын сәтте үлкеен көмек бердіңіз,оны қатарыңда менде бармын.Бір күйзеліс  ,депрессия сияқты кездеріңде,қиын сәттерде сіздердің өлеңдеріңізді тыңдап жүрегім,жаным тынышталатын сияқты.Шын өмірде сіздерді 2 рет көрдім.Сол екі концерт пен,фан ивент өмірімдегі ең керемет күндерімнің бірі,мүмкін туған күн,жаңа жылдада сондай қуанышты сезімде болмаған шығармын деп ойлаймын.Ең бастысы біз love and peace фандомы сіздерді қалай болсада солай қабылдап,қиын жағдайда сіздер бізге қалай көмектестіңіз,бізде солай қолдау беріп ,сіздерді шексіз жақсы көреміз.4 жылдықпен шын жүректен құттықтаймын,4 деген бұл жәй ғана сан емес,тарих.Тек қана алға жүруді,ешкімнің сөзің тыңдамай,әлемдік деңгейге жетіп,сіздерді үлкен толы жанкүйермен үлкен  аренада көруге тілектеспің! Сіздерге өте мағыналы,әдемі өлең үшін,жанкүйерлерге,lp ға деген шексіз махабаттпен қолдау үшін мың алғыс.
Үлкен махабатпен-Аружан жанкүйеріңіз!inst-@satybaevva.a

Сәлем ALPHA! Сендерге алғысым шексіз, өнерлерің жүрегімнің төрінде орын алған, тек қана өнерлерің емес, өздерің де! 
Мен әр кез болашағымды сендермен елестетемін, сендермен бір сахнада өнер көрсету маған әзірге мүмкін емес зат секілді көрінеді. Бірақ мен іштей өзіме сенемін, бұл тек арманым емес! Менің өмірдегі басты мақсатым. 
Сендерді төрт жылдықтарыңмен құттықтаймын! Осындай қуанышты сәтті сендермен және үлкен фан-отбасымызбен қарсы алғаныма қуаныштымын. Өмірімнің жарқын сәттері ретінде жүрегімде сақталатын сәт деп санаймын. Әндерің тек әуен емес, жүрекке жететін сезім, демеу, сенім. 
Төрт жыл аралығында көптеген оқиғалар орын алды, кейбірі жылы, бірі өкінішті, бірақ бізбен не орын алсада біз сынбаймыз! Себебі біз - үлкен отбасымыз. Әр сәтте қолдауымыз дайын. 
Астана мен Алматы қалаларында өткен концерттерің керемет, ыстық, көңілді, махаббатқа толы болды. Мен ол концерттерге бара алмадым, бірақ сендерге күмәнім жоқ. Ең күшті, керемет топ мен үшін әрқашан ALPHA. Әр мембер мен үшін бауырымдай, қатты жақсы көремін, кездесуді асыға күтемін! 
Махаббатпен, inst: ayarussoul

✨ Қымбатты ALPHA! ✨
Бүгін сендердің шығармашылықтарыңа, армандарыңа, еңбектеріңе жол ашқан ерекше күн – топтың құрылғанына 4 жыл толып отыр. Төрт жыл аз уақыт емес, бірақ осы аралықта сендер талай жүректерді жаулап, сахнада өзіндік орныңды қалыптастырдыңдар. Әр әндерің, әр қадамдарың бізге шабыт, қуаныш және үміт сыйлайды.
Бұл 4 жыл ішінде қиындық та, қуаныш та болғаны анық. Бірақ сендер ешқашан берілмей, арман жолынан таймай, алға ұмтылдыңдар. Сендердің еңбекқорлықтарың, сахнаға деген махаббаттарың біз, тыңдармандар үшін үлкен мотивация.
Алдағы жолдарың тек сәттіліктерге толы болсын! Әр әндерің хит болып, жаңа биіктерді бағындырыңдар. Бауырмалдықтарың, бірліктерің мен достықтарың әрқашан мықты болсын. Қанша жыл өтсе де, алғашқы күнгі жалындарың мен құлшыныстарың ешқашан сөнбесін! 🫂🤍
Біз – фанаттарың, әрқашан қолдаймыз, сендермен бірге қуанамыз, сендермен бірге мақтанамыз. 💙
“ALPHA” деген ат тек қана сахнада емес, біздің жүрегімізде де мәңгілікке сақталады.
4 жылдық мерейтойларың құтты болсын! 🚀✨ Әлі талай жылдар бойы биіктерден көріне беріңдер!🤍🥹
Махаббатпен: shyraq_a (Асемай)

Сәлем Альфа. Мен сендердің 2022 жылдан келе жатқан фанаткаларыңмын. Қанша жыл болса да турларыңа, ивенттеріңе бара алмағаным өкінішті әрине, бірақ мен сендерді қатты жақсы көремін. Сендерді алғаш тыңдаған сәтте әндерің қатты ұнады. Есімде есі дұрыс емес адам ұқсап жаңбыр астында сендердің way, bal деген әндеріңді естіп су су болып қайтқанмын. Сол сәт әлі есімде көшеде ешкім жоқ еді. Сендердің араларыңнан дейін бе шығармашылыққа жолым ашылды. Мектепте электрондық тақтаға ютубпен сендердің әндеріңді қосып қойып отыратынбыз. Барлығы мазақтап ауыстыршы, кым мыналар дегенде қорғайтынмын. 4 жылдықтарыңмен құттықтаймын, алда біраз сәттерді сендермен өткізем деп ойлаймын, болашақта турларыңа келуге тырасамын. Басқа елде де концерттерің ыстық болсын, сәттілік. Сау болыңдар
Құрметпен l&p Сезім
Инст: thethbsz
Есімім: Сезім

Сәлем ALPHA!
Сендерді 4 жылдықтарыңмен шын жүректен құттықтаймын.Биік белестерден көріне беріңдер.Бұл 4 жыл жәй ғана уақыт емес көптеген тәжирбе,жетістік есте қаларлық сәттердің жиынтығы.Әлі талай көптеген жетістіктерге жетіп басқа қырларыңнан да таныласыңдар деп ойлаймын.Алдағы демалыстарыңды жақсы өткізіңдер.Love&peace-тер сендерді әр қашан әр кезде қолдайды сендердің осындай дәрежеге жеткендеріңді көрудің өзі қуаныш.Зор денсаулық,сарқылмас шабыт тілеймін.Керемет туындыларыңмен қолдаушыларыңды қуантып жүре беріңдер.Әндерің әрдайым жастарға күш қуат беріп тыңдармандарыңа шабыт сыйлай берсін.ALPHA-ол тек топ деп емес жаңа таныстық жаңа достар,отбасы деп білемін.Сендерді танып білгеннен бастап жаңа ортам пайда болды көптеген адамдармен таныстым.Яғни сендер тек жаңа әнмен шабыт сыйлап қана қоймай жаңа ортамен таныстырдыңдар,сол үшінде сендерге үлкен алғысымды білдіргім келеді.Ешқашан мойымаңдар алар асуларың мен бағындырар белестерің көп тек алға.Өнер жолындағы жұлдыздарың тек Қазақстанда емес бүкіл әлемнің аспанында жарқырасын.
Тілек білдіруші:[airi.uwave]-Arailym

Менің сүйікті Альфам. Сендер мен үшін жүрегімнің бір бөлшегісіңдер. Сендерсіз өмір қара түнек секілді.
Сендерді танып-білу тарихым BEU Fest 2024-тен басталды. «Lai Lai» шаблонын көп көрдім, алғашқыда көзім Коззиге түсті, кейін Абу, Ай, Дарк, Энби. Қазір биасым – Абу, врэкерім – Коззи. Сендерді таныған сәттен бастап жүрегім тыныштық тауып, өзімді таптым. Бірақ сендердің жанкүйерлерің болғаныма анамның ойы жақсы емес. Оны қояйық.
Сендерге 4 жыл, ал маған 1 жыл. Мен сендерді шын жүректен құттықтаймын. Осы 4 жыл ішінде аштықты да, тоқтықты да, қуанышты да, қайғыны да бірге көріп келесіңдер. Осы уақыт ішінде қанша фанат келді, қанша кетті, бірақ сендер еш мойымадыңдар. Соның арқасында осындай керемет жетістікке жетіп отырсыңдар.
Алда әлі талай қуанышты күндер күтіп тұр. Алдағы 10 жылды бірге қарсы алайық. Мүмкін, ол кезде үйленіп, бала-шағалы боларсыңдар. Тек бақыт тілеймін. Өмірде де, карьерада да жолдарың ашық болсын. Әрқашан, қандай жағдай болса да, қолдаймын.
Сендер – менің сүйікті тобым, жанымның бөлшегі. Осы 4 жылдық махаббат пен сенім ешқашан өшпесін. Өмірде мүлде кездесе алмасақ та, махаббатымыз берік болсын. Шын жүректен құттықтаймын. Махаббатымыз мәңгі болғай, сүйікті Альфам!
инста:aiagozimm 
есымым:Аягөз

Сәлем, сүйікті ALPHA!
Мен сіздерге осы хат арқылы өз алғысымды білдіргім келеді. Төрт жыл бойы бізге қуаныш, шабыт және үлкен күш сыйлап келесіздер. Әрбір әндеріңіз жүрекке жақын, ал әрбір сөзіңіз бізге үміт сыйлайды. Сіздердің сахнадағы энергияларыңыз ерекше, жанкүйерлеріңізге үнемі қолдау бересіздер.
ALPHA-ның маған берген ең үлкен сыйы – өз-өзіңді бағалау, алға қарай ұмтылу және ешқашан берілмеу. Сіздер арқылы жаңа достар таптым, армандарыммен бөлісуді үйрендім. Әр қадамдарыңыз біз үшін үлкен мотивация.
Төрт жылдық мерейтойларыңыз құтты болсын! Алдағы уақытта шығармашылық жолдарыңызда табыстар мен жетістіктер көп болсын. Біз әрқашан сіздермен бірге боламыз.
Құрметпен L&P
Менің атым: Айшабибі
Instagram: @galymovaaa.009

Қымбатты да сүйікті Альфам!)
Сендерге осы хат арқылы алғысымды білдіргім келеді. Сендердің әндерің, сөздерің, энергияларың — бәрі жүректен жүрекке жететін ерекше әлем. Көптеген тыңдармандар сияқты мен де сендердің әр туындыларыңнан мотивация, шабыт, махаббат, өмірдің дәмін сезінемін. Әндерің арқылы жылап, күліп, армандап, өскендей болам. Менің өмірімнің саундтрегі секілдісіңдер! 
Сахнадағы харизмаларың, шынайы болмыстарың, бірлік пен еңбекті дәріптейтін істерің бізге үлкен үлгі. Сендер тек әртіс емес, нағыз жүрекпен сезетін тұлғаларсыңдар. Мен үшін ALPHA – жай ғана топ емес, жанымның бір бөлшегі, үлкен отбасы!
A.Boo, I, N.B, Qozzy – әрқайсыларыңның өздеріңе тән ерекше аураларың бар. Мен әрдайым сендермен біргемін. Өнерлерің өрлей берсін, армандарың орындалсын, әлемдік әртіс, әлемдік топ болуларыңа тілектеспін!
Сендерге деген махаббатым шексіз. Әлемнің қай бұрышында болмасын, сендердің әндерің менімен бірге!
Ізгі ниетпен,  
Айару)
[ aiikairatkyzy ]

Сәлем! Есімім Сұлу, инст:  @chillinwithdombyra (домбырада ойнағасын, осындай ұзақ ник). Жасым 22-де. Атырауски әлпиларыңмын.
Сендердің өнерлеріңмен 2023 жылдан бері таныспын, бірақ осы жылдың шілдесінен бастап l&p атандым. Бұған дейін 2 фесттің сахнасында көргенмін. Керемет энергия сыйлайсыңдар! Соло концертке бару бұйырсыыын!!!
Жұмыста отырып, әндеріңді сүйіп тыңдаймын. Әр бит, әр сөз – рух береді. Көшеде тыңдасам, подиумда келе жатқандай боламын. 
Биасым – NB! ӘНБИ, харизмаң бөлек, стиліңе тәнтімін. Сен сияқты сенімді, жарқын болғым келеді. Сосын екеуіміздің туған күніміз бір күндеғоо!
Визуалдарың сөзсіз! Әр бейнебаяннан көз алғың келмейді ғой, шіркін!
Неге сендермен ертерек таныспадым деймін :,)
4 жыл құтты болсын, ұмыта жаздадымғо :) Фанаттарың көбейе берсін! Қолдауға бай, және материалды бай болсын! Әлемдік сахнаны бағындырыңдар! Болашақта бүкіл Қазақстанға тур күтемін!
Өнерлерің үшін рақмет! 180 сөз әрең сыйдырдымғо….

ALPHA сендердің сахнаға шыққандарыңа 4 жыл толып отыр. осы жылдар ішінде сендер көп еңбектеніп, жанкүйерлердің жүрегінен ерекше орын алдындар. әр әндерің тыңдаушыларға қуаныш, шабыт және күш сыйлайды. сендермен бірге өскен жанкүйерлер әрдайым мақтанышпен қарайды.
алдағы жолдарыңыз табысты, әндеріңіз әсерлі, ал жүректерің әрқашан музыкаға толы болсын. сіздерге тек биік шыңдар мен адал махаббат тілеймін. мерейлі 4 жылдықтарың құтты болсын!!^^
махаббатпен
           //
@qwzxxu [аяш]

From: @alpha_jurekshe | @juldyzsham ❤️
Туған күніңмен, сүйікті Alpha! 🥳 Бүгінгі ерекше мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын. 4 жыл ішінде сендер халықтың жүрегінен ойып тұрып орын алған нағыз өнер иелеріне айналдыңдар. Мен сендермен 2021 жылдан бастап бірге келе жатырмын, сол уақыттан бері сендерге деген махаббатым мен сенімім тек артып келеді. Әлі есімде, 2022 жылы алғаш рет Алматыға келгенімде, Гәкку дауысында сендерді көзбе-көз көру мүмкіндігі бұйырған еді. Ол сәттегі қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес - дәл сол кезде сендердің өнерлеріңе одан сайын ғашық болдым. Сосын teadot collab, solo концерттер, фанивент барлығынан қалмауға тырысатынмын, қалмайтындамын 🥹
Бірінші күннен бастап-ақ сендердің таланты мен еңбектеріңнің үлкен жетістіктерге жеткізетініне сенгенмін. Сендер - мен білетін ең мықты, шығармашылығы жоғары, қазақ музыкасын жаңа деңгейге көтерген әртістерсіңдер. Әр қадамдарың - біз үшін шабыт, әр әндерің - жүрекке жақын әуен. Энби, Абу, Ай, Коззи сендермен қатты мақтанамын, сендерді жан-тәніммен қолдаймын және шын жүректен жақсы көремін ! ❤️❤️❤️❤️

Сәлем, ALPHA!  
Менің атым — Каусар.Бүгінгі 4 жылдықтарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!Сіздердің өнерлеріңіз мен харизмаларыңыз мені қатты шабыттандырады. Әсіресе, сіздер сахнада жүргенде жүріс-тұрысыстарыңыздан өз істеріңізді қатты жақсы көретіндеріңіз көрініп тұрады.  
ZHOLDAR, WAY, TO BE — осы әндердің бәрін ерекше жақсы көремін. WAY әні менің ең қиын кездерімде жігер беріп, қайта тұруыма себеп болған еді. Сіздердің әндеріңіз арқылы мен өзімді жалғыз емес екенімді сезіндім.  
Сіздердің үндеріңіз стилдеріңіз бар болмысың мені ғана емес, мыңдаған жанкүйерді жігерлендіріп жүр. Сол үшін алғыс айтқым келеді. Осы уақытқа дейін бірде-бір рет концерттеріңізге бармасам да,алдағы уақытта көрісеміз деп сенемін.
Алдағы уақытта да шығармашылықтарыңыз тоқтамасын, біз — жанкүйерлер, әрдайым сіздермен біргеміз!
Сіздерге бақыт, шабыт және тек жақсылық тілеймін!  
Ізгі ниетпен,  
Kausik | ALPHA💙

Құрметті ALPHA тобы! 🌟
Сіздерді өнер жолындағы 4 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! 
Бұл жылдар ішінде сіздер өздеріңіздің еңбектеріңізбен, шығармашылықтарыңызбен және адалдықтарыңызбен көптеген жанкүйерлердің жүрегін жаулап алдыңыздар.
Әрбір шығарған әндеріңіз – біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Әрбір сөзіңіз бізге демеу, әрбір қадамыңыз шабыт беріп келеді. 
Сіздердің өнер жолындағы табандылықтарыңыз бізге армандардан бас тартпауға, қиындықтарға қарамастан алға ұмтылуға үйретті.
4 жыл – үлкен жетістік, бірақ бұл тек бастамасы ғана!
Біз сенеміз, алдағы жылдары сіздер одан да биік белестерді бағындырып, жаңа табыстарға жетесіздер. Біз, жанкүйерлеріңіз, әрқашан қастарыңыздан табылып, қолдау көрсетуге дайынбыз. 
Рахмет сіздерге, бізбен бірге болғандарыңыз үшін!
Алдағы уақыттарыңыз тек қуанышқа, жеңіске, жарқын сәттерге толы болсын! ✨
Ізгі тілекпен,
ksmanovaa_(Талшын)

Құрметті Ақжол!
Соңғы екі ай бойы ALPHA-ның әндерін үзбей тыңдап жүрмін. Осы уақыт ішінде әрқайсыңды жақынырақ тани бастағандай болдым. Бірақ топтың ішінде маған ерекше әсер еткен - сен. Ән айтқандағы дауысың, сахнадағы қарапайым болмысың, бәрі де шынайы көрінеді.
Әндеріңді тыңдағанда көңілім орнығып, ойым тереңдейді. Кейде шаршап отырғанда да сендердің туындыларыңнан күш аламын. Әсіресе сенің орындауың жүрекке жақын. Өз ісіңе деген адалдығың мен еңбекқорлығың қатты ұнайды.
Мен үшін сенің әндерің жай ғана музыка емес, ол - шабыт. Сенің өнеріңнің арқасында өз армандарымнан айнымай, алға ұмтылуды үйреніп жүрмін. Шығармашылығыңда әрдайым шынайылық бар, сол қасиетің көп жастарға үлгі болады деп ойлаймын.
Алдағы уақытта жаңа әндеріңді асыға күтемін. Болашағың жарқын болсын, еңбегің бағаланып, әр қадамың сәтті болсын.
from madina, inst b.madink

Құрметті ALPHA тобы! сендерді 4 жылдықтарынмен шын жүректен құттықтаймын. Осы жылдар ішінде талмай еңбек етіп, талантымен талайды тәнті еткендерің үшін алғысым шексіз. Әрбір әндерің тыңдарманның жүрегінен орын тапты. Жетістіктеріңнің артында төгілген тер, үздіксіз ізденіс пен шынайы сүйіспеншілік жатыр. Болашақта бұдан да биік белестерді бағындырып, өнер әлемінде жарқырай беріңдер! мен сендерды әрдайым коладаймын және сенемын, сәттілік жандарым. insta @xfarizz_a,атым Фариза

Сәлем, ALPHA!
Бұл хатты жазып отырып, сіздерге деген махаббатым мен көзқарасымды білдіргім келеді. Төрт жыл ішінде түрлі жағдайлар болды: қиындықтар, түсініспеушіліктер, хейт пен сын. Бірақ сонымен бірге қолдау білдірген жанкүйерлер, есте қаларлық концерттер, шабыт сыйлаған жобалар кездесті.
Әрбір еңбектеріңіз уақыттың бағасын көрсетті. Жинаған тәжірибелеріңіз әрі қарайғы дамуға негіз болды. Айтарым: қандай жағдай болса да берілмей, алға ұмтылғандарыңызға рахмет!
Сіздер сахнада өз орнын тапқан топ ретінде мәдени ортаға ықпал етіп жүрсіздер. Сол себепті ешқашан жарты жолдан таймаңыздар. Болашақта сіздерге тілерім тек жақсылық, өнерлеріңізге шабыт. Әрі қарай да берілмей, алға қадам баса беріңіздер дегім келеді.
Сіздерді қолдайтын жанкүйерлер өте көп. Сіздердің табандылықтарыңыз тыңдарманға үлгі. Болашақта шығармашылық табыстар жалғасып, жаңа мүмкіндіктер ашыла берсін. Музыкаға деген махаббаттарыңыз ешқашан өшпесін!
Маған өмірге шабыт сыйлағандарыңызға рахмет. Алда талай белестер бар. Біз сіздерге сенеміз. Мен сенемін. Жақсы көремін!
Махаббатпен: Ақбаян
Inst: akicount
With big love, from L&P and ASTRA&DI! 🩵🩷
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website